Автор: admin
-

Атырауда «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өтінімдер қабылданып, 62 отбасы қатысуға ниет білдірді. Қалалық және аудандық іріктеуде әр өңірден үздік деп танылған 2 отбасыдан, барлығы 16 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.…
-

“Таза Қазақстан”: БҚО-да биыл 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Батыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда. Акция аясында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, санитариялық тазалықты сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Акция басталғалы облыс аумағында 28 235 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 5 162 құқық бұзушылық 2026 жылдың басынан бері тіркелген. Экологиялық құқық бұзушылықтардың…
-

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗІП ЖАТЫР
Түркістан облысында балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамту жұмысы қарқынды. Осы бағытта Жетісай ауданында жазғы сауықтыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып, мыңдаған оқушының жазғы демалысын жарқын әсерге толтыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «2024-2026 жылдарға арналған жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру, демалысын және бос уақытын ұйымдастыру» жоспарына сәйкес биыл Жетісай ауданынан жеті…
-

Ақмола полицейлері қалалық мерекеде ауқымды профилактикалық акция өткізді
17 шілдеде Көкшетауда “Жаңа Жағалауда” металлургтер күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Кештің басты оқиғасы қаланың мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын жинаған танымал қазақстандық орындаушы Қайрат Нұртастың қойылымы болды. Полиция қызметкерлері халықтың көп бөлігін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар профилактикалық ақпараттық науқан жүргізу үшін де пайдаланды. Жұмыстың бұл форматы маңызды ақпаратты кең…
-

ІІМ-ДЕ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
2026 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Д.М. Молдахановтың төрағалығымен Комитет қызметтері басшылары мен жеке құрамының қатысуымен жедел кеңес өтті. Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аумақтық күзет қызметін бақылау бөлімшелері мен ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет нәтижелері жан-жақты талқыланды. Жиын барысында қызметтің…
-

Талас ауданындағы лагерьде қауіпсіздік шаралары өтті
Талас ауданы білім бөлімінің «Жұрындысай» сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік шарасы ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар, 50-ден астам балаға жүзу дағдылары үйретіліп, жүзуден жарыс өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды. Аптап ыстыққа байланысты өрт сөндіру техникасының көмегімен балаларға жасанды жаңбыр…
-

Алматы облысында инвестиция көлемі 18,5%-ға артты
Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматы облысында экономика өсімі 114,8%-ға жетіп, республика бойынша алғашқы үштіктің қатарына енді. Бұл көрсеткіштің негізгі қозғаушы күші – өнеркәсіп саласы. Өңірде әсіресе өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім байқалады. Жаңа өндіріс орындарының саны артып, қолданыстағы кәсіпорындардың қуаты ұлғайып келеді. Жыл соңына дейін өндіріс көлемін 2,7 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ облыс экономикасына…
-

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы туралы
Есіл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың 22 шілдесінде сағат 11:00-де Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы келесі күн тәртібімен өткізіледі: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Әр түрлі. Ақпарат…
-

Өскемендік киберполицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда
Өскемендік киберполицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда «Hi-Tech» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қаласы полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Полицейлер келушілер мен қала қонақтарына интернет және телефон алаяқтығының ең көп таралған схемаларын түсіндіріп, цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ, азаматтарға SMS-кодтарды, банк карталарының…
-

САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК ЖОБАСЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді. Инвесторлар мен мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне назар аударды. Қазіргі таңда өндірістік аймақта орналасқан бес кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті құрал-жабдықтарды…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өтті. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Отырыс барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің есептері тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын арттыру…
-

САРЫАҒАШ: ҚҰРЫЛЫС ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданында құрылыс, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту, көшелердің сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру – ауданның басым бағыттарының бірі. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тұрақты…
-

Сенек ауылында кәсіпкерлерге санитарлық талаптар түсіндірілді
20 шілде күні Сенек ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түсіндіру және бақылау іс-шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдар мен жауапты сала мамандары ауылдағы кәсіпкерлік субъектілерінің иелерімен кездесіп, санитарлық талаптарды сақтау және іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында әрбір коммерциялық нысанның, оның ішінде үй жанындағы шағын сауда…
-

ҚОСТАНАЙДА ІІО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес 25–27 маусым күндері Қостанай қаласындағы «Қостанай» спорт кешенінде ІІО Мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздің 19 аумақтық бөлінісінің құрама командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша: 1 орын – Қостанай облысы…
-

Цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ете түсті
Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертуді жалғастыруда. Бүгінде ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу жылдамырақ қана емес, өңір тұрғындары үшін анағұрлым қолжетімді бола түсуде. Негізгі басымдық қызмет алу уақытын қысқартуға, электрондық арналарды дамытуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қойылып отыр. Қостанай облысында 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында фронт-офистер арқылы…
