Автор: admin
-

ІМАК 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті кеңейтілген отырыста 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарып, қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады. Отырыс Қаржы вице-министрі Даурен Кенбеилдің және Комитет төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты. Есепті кезеңде 829 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Олардың нәтижесінде 612,9 млрд теңге…
-

ОРТСАЙЛАУКОМ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 8-9 қазан күндері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің ерекшеліктеріне арналған екі күндік республикалық семинар өткізді. Іс-шараға астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты мүшелері қатысты. Семинардың басты мақсаты – АСК мүшелерінің сайлау науқаны кезеңінде өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруға…
-

Ақмолалық құтқарушылар «Бурабай» спорт сарайында өрт кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Нысанның ішкі жоспарлануының ерекшеліктері, бөлмелерінің күрделілігі және мұнда бір мезгілде көптеген адамның болуы өрт сөндірушілерден үйлесімді әрекетті, жедел шешім қабылдауды және нысан қызметкерлерімен нақты өзара іс-қимылды талап етеді. Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, әкімшілік блоктың екінші қабатында шартты өрт шықты.…
-

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында аудан аумағындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау және оның заңсыз айналымына жол бермеу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Құдайберген «Арал ауданының полиция бөлімімен қылмыстылық…
-

АСТАНАДА «АСЫЛ ҚАДАМ» АЛЛЕЯСЫНДА ДОНОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Астанада «Асыл қадам» аллеясында Ағзалар донорлығы және трансплантаттаудың Еуропалық күніне орай донорларға құрмет көрсету мақсатында ағаш отырғызу акциясы өтті. 2026 жылғы қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 4 867 пациент, оның ішінде 126-сы – бала ағза трансплантаттауын күтуде. Тоғыз айда елде ағзаларды трансплантаттау бойынша 208 операция жасалды. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардан алынған ағзаларды пайдалану арқылы…
-

ТАЗА КҮЗ: ШАРДАРА АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Әділет» партиясымен бірлесіп, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтен 1200-ге жуық адам қатысып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спортшылар және еріктілер белсенділік танытты. Сенбілік барысында жол бойындағы қураған шөптер тазартылып, Сырдария жағалауы тұрмыстық қалдықтардан аршылды. Сонымен қатар,…
-

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 7,5 МЫҢ ТОННА БАЛЫҚ ЖЕМІ ӨНДІРІЛЕДІ
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету және жаңа жобалардың жүзеге асыруға басымдық берілуде. Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы жеке кәсіпкер «Умирзаковтың» балық жемін өндіру жобасымен танысты. Өндіріс орнын аралап…
-

🏆 «AYUL SPORT–2026» ӨҢІРЛІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІСТЕРІ!
🏆 «AYUL SPORT–2026» ӨҢІРЛІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІСТЕРІ! 5–9 қазан 2026 жыл 2026 жылғы 5–9 қазан күндері ауыл балалары арасында өткен «AYUL SPORT–2026» облыстық турнирінде Жаңасемей ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты! 🥇 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА! Екі баскетбол командасы республикалық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды! 🏀 Баскетбол — қыздар арасында «А. Ибраев атындағы жалпы…
-

ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды
ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды «Таза Қазақстан» аясында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдады. Алғашқы факті 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. 67 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде балалар алаңында кіші дәрет сындырған. Сот…
-

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…
-

Қазақстанда 290-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарлы ауылында ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Жаңа нысан екі елді мекенде тұратын 2 140 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды. Жаңа өрт сөндіру бекеті жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Нысанның жұмысын қамтамасыз ету…
-

2026 жылғы 7 қазанда Елтай ауылдық округінің әкімі Әділбек Қазбекұлы Қаражиде ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
2026 жылдың 07 қазан күні сағат 11:00 де Елтай ауылдық округінің әкімі Забиев Әділбек Қазбекұлы Қаражиде ауылдық мәдениет үйінде Қаражиде ауылының тұрғындарымен жоспарлы есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі 2026 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, абаттандыру, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды…
-

АУЫЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ
Бүгін ауылдық округ аумағындағы мекемелерде күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мекемелердің қазандықтары (котелдары), жылу жүйелерінің жай-күйі және жылыту маусымына дайындығы қаралды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – алдағы жылыту маусымында мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және ықтимал ақаулардың алдын алу. Жылыту…
-

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі
Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі Алматы спортшылары Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында 22 медаль жеңіп алып, Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы нәтижесіне зор үлес қосты. Қала өкілдері тарихи жеңіске қол жеткізіп, ұлттық рекорд орнатты әрі елімізді ондаған жыл бойы жүлде бұйырмаған спорт түрлерінен қайтадан жеңіс тұғырына көтерді. 19…
-

Астанада Республика күніне орай жаңа Оқушылар сарайы ашылады
Астананың Сарыарқа ауданында 750 орынға арналған жаңа Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан Ақан Сері және С189 көшелерінің қиылысына жақын орналасқан. Орталықты Республика күніне орай ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. Оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беру, спортпен айналысу және шығармашылық тұрғыда дамуына арналған орын болады. Мұнда жалпы дене дайындығы, хореография, үстел…
