Автор: admin
-

ШҚО-ның медициналық ұйымдары МФБК департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды
Риддер қаласындағы жаңа көпбейінді ауруханада Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қаланың стационарлық және амбулаториялық қызметінің 2025 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өтті. Одан кейін Медицина қызметкері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының бірқатар медициналық ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Соңғы он жылда…
-

Орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмыстары жоспарлануда.
Орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмыстары жоспарлануда. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымы аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді…
-

Қазақстанда 200-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 200-ші ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ТЖД бастығы Бағдат Чайзада, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Нысан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен…
-

Қазақстанға «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар келді
Ауқымды сайысқа ел өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, күштік құрылымдар мен әскери оқу орындарының командалары ғана емес, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары да қатысады. Халықаралық жарыста ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеттері қорғайды. 20 маусым, сенбі күні Астанаға Кеңес Одағының Батыры Дайыр…
-

Апталық шолу
15.06 Жамбыл облысы Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов облыстағы «Қазсушар» филиалының нысандарында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттерімен кездесті. 16.06 Астана Шетелдік сарапшы Қазақстанның БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын жоғары бағалады. 16.06 Астана Марат Иманалиев Су ресурстары және…
-

Қазақстанда Әкелер күніне орай 800-ден астам іс-шара өтті
Қазақстанда Әкелер күніне арналған апталық қорытындыланды. 15-21 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде отбасы институтын нығайтуға, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Апталық аясында әкелер форумдары, спорттық жарыстар, отбасылық фестивальдер, концерттер, шығармашылық байқаулар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, алғыс айту акциялары, көрмелер, шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар, челлендждер…
-

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НАЛІБАЕВ «САЙРАМ-ӨГЕМ» МҰТП АУМАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңбірінші орынбасары Нұрлыбек Налібаевтыңтөрағалығымен «Сайрам-Өгем» мемлекеттікұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялықтуризмді дамыту мәселелері бойынша алғашқыкөшпелі кеңес өтті. Жұмыс сапарына Қазақстан РеспубликасыЭкология және табиғи ресурстар министріЕрлан Нысанбаев, Түркістан облысының әкіміНұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімініңбірінші орынбасары Кәрімов Айдын, салалықмемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Сапар барысында қатысушылар ұлттық парк аумағында экологиялық…
-

Шыңғыс Әрінов Нұра ауылындағы алғашқы өрт сөндіру бөлімін ашты
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Талғар ауданындағы Нұра ауылында орналасқан №15 өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл оқиға ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызға ие болды, өйткені елді мекен тарихында алғаш рет өз өртке қарсы қызмет бөлімшесі ашылып отыр. Салтанатты рәсім барысында ТЖМ басшысы тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз…
-

20 маусым – Спорт күніне орай ҚАЖ департаментінде кіші аяқ добынан жарыс өтті
20 маусым – Спорт күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлер мен ардагерлер арасында кіші аяқ добынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың ашылуында №79 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Айнұр Бағланбекқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың денсаулықты нығайтып, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды құрал екенін атап өтті. Тартысты өткен кездесулерде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты. Ардагерлердің…
-

Атырауда «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
18–22 маусым аралығында Атырау қалалық пробация қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында Атырау облысы бойынша пробация есебінде тұрған 600 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар сот жүктеген міндеттер мен белгіленген шектеулердің сақталуына бақылау жасалды. Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың…
-

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер Әкелер күніне орай отбасыларынан құттықтау алды
Қазақстан Республикасында атап өтілетін Әкелер күніне орай Голан жоталарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бақылау күштері (UNDOF) құрамында бейбітшілік сақтау миссиясын атқарып жүрген ұлттық контингент әскери қызметшілері жақындарынан ерекше сый алды. Ұлттық контингент басшылығының бастамасымен бітімгерлерге отбасы мүшелерінен келген құттықтау хаттары табысталды. Шынайы тілектер мен жүрекжарды қолдау сөздері әскери қызметшілерге отбасы жылуын және олардың Отанға аман-есен оралуын…
-

«Йога – салауатты ұзақ өмір сүру өнері»: Астанада Халықаралық йога күні аталып өтті
Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінің аумағында Халықаралық йога күні кең көлемде аталып өтті. Іс-шараға мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. «Йога – салауатты ұзақ өмір сүру өнері» ұранымен өткен ауқымды іс-шараны Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық (SVCC) ұйымдастырды. Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың директоры Налини Сингхалдың айтуынша,…
-

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жыл соңына дейін әр сенбі сайын өтеді
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындарына жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Бұл жолы жәрмеңкеге Ырғыз, Мәртөк және Шалқар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды. Нәтижесінде тұрғындарға жалпы көлемі 3,6 тонна ет өнімі мен 1,4 тоннадан астам сүт өнімдері сатылды.…
-

Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды
Астана, 2026 жылғы 1 маусым – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді діни…
-

ШҚО-да су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейдтер күшейтілді
Өңірде аптап ыстықтың орнауына байланысты су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары халық көп шоғырланатын демалыс орындарында патрульдеу жұмыстарын күшейтті. Бұқтырма су қоймасы аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд өткізілді. Рейд барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша үш құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел әрекет ету үшін…
