Автор: admin
-

Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы төрағасымен кездесті
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимура және Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Ииджимамен кездесті. Министр қазіргі уақытта екі ел арасында өнеркәсіптік кооперация аясында 1,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін, жалпы құны 936 млн АҚШ долларынан асатын 17 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатқанын…
-

Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күніне орай бейбітшілік құсы – көгершінді бейнеледі
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы стадионда «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты. Акция аясында 6500 оқушы бір сапқа тұрып, бейбітшілік көгершінінің бейнесін жасады. Іс-шара Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтіп, аудан мектептерінің оқушыларын бір мақсатқа жұмылдырды. «Биіктен көз салғанда 6500 баланың…
-

Акмола облысының құтқарушылар қатары толықты
Көкшетау қаласында азаматтық қорғау органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердің Ант қабылдауына арналған салтанатты іс-шара өтті. Рәсім Абылай хан алаңында ұйымдастырылды. Жаңадан қабылданған 20 қызметкер Қазақстан Республикасына және қызметіне адал болуға Ант берді. Іс-шараға департамент басшылығы, бөлімшелердің жеке құрамы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бакытжан Алашов жас қызметкерлерді өмірлері мен қызметтеріндегі маңызды…
-

БАЛАЛАР ЭФИРДЕ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН ТАҒАМ НАСИХАТЫ
Бүгін облыстық “ERTIS” телеарнасында жас бүлдіршіндердің қатысуымен ерекше мазмұндағы танымдық түсірілім өтті. Шараға Аққулы ауданының екі мектебінен келген 2-сынып оқушылары қатысып, әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдары мен мәдениетін таныстырды. Алғаш болып эфирге Аққулы ауданы, Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары шықты. Сынып жетекшісі Кожабекова Жания Мухаметкалымовнаның жетекшілігімен Шариғат Жолды мен Рахмет Інжу Қытай халқының…
-

Жетісу өңірінде бес ауылдың 2 мың тұрғыны алғаш рет газға қол жеткізді
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Каспан, Қайнарлы, Сайлыкөл, Көксай және Қарымсақ елді мекендеріне табиғи газ беру басталды. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған өңірді газдандыру бағдарламасын іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі. Алғаш рет табиғи газға шамамен 2 мың тұрғын қол жеткізуде. 600-ден астам тұрғын үйді газға қосу мүмкіндігі қарастырылған. Тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету…
-

Сандықтау ауданы экология қозғалысында
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылында абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Тексеру барысында бірқатар мәселелерге назар аударылды, соның ішінде жеке аулалардың жағдайы – сынған қоршаулар, күтімсіз аула мен үйлер.Мұндай жағдайлар жеке меншік аумақтарын күтіп-ұстау мен елді мекеннің жалпы көрінісіне жеткілікті назар аударылмай отырғанын көрсетеді. Осыған байланысты аудан тұрғындарын абаттандыру жұмыстарын жауапкершілікпен қарап, өз…
-

«ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫНА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Кезекті отырысқа Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Ахметов және аудит объектілерінен кент, ауыл әкімдері мен есепшілері, мамандары қатысты. Тексеру комиссиясының мүшесі С.Қ.Қармыс баяндама жасап, міндетті зейнетақы жарналарын мерзімінде аударылмау, әлеуметтік аударымдарды мерзімінде аударылмау, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері мерзімінде аударылмау, тауарларды қате шоттарға кірістеу, мемлекеттік сатып алу…
-

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлері жыл сайынғы көктемгі сенбілікке қатысты
Көктем келді… Бұл табиғаттың ояну уақыты ғана емес, сонымен қатар тазалық пен тәртіп орнату уақыты. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Шығысқазжерқойнауы» ӨД ұжымы департаменттің іргелес аумағын жинау және абаттандыру бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік – бұл аумақты абаттандыру және тазарту жөніндегі іс-шара ғана емес, бұл ұжымды одан да тату әрі ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік. Жақсы…
-

Қазақстан халқының бірлігі күні: бейбітшілік пен келісімнің символы
Жыл сайын 1 мамырда біз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеміз — бұл еліміздегі барлық этностар мен мәдени қауымдастықтар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен үйлесімділікті білдіретін мереке. Бұл күн бізге Қазақстанның күші — оның көптүрлілігінде және адамдарды ұлтына, дініне және мәдениетіне қарамастан біріктіре білуінде екенін еске салады. Біздің еліміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай…
-

Таза бейсенбі
30.04.2026ж “Таза бейсенбі” Ақшатау кент округіне қарасты, Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылында өткізілді.Негізгі мақсат – округ аумағында санитарлық тазалық жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру. Аталған шараға округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1212654?lang=kk
-

2026 жылғы 30 сәуірде, “Жезқазған қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалының басшысы Р. К. Оралбаев , “Азаматтарға арналған үкімет” “Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Жезқазған қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің өкілдеріне “ Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
2026 жылғы 30 сәуірде, “Жезқазған қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалының басшысы Р. К. Оралбаев , “Азаматтарға арналған үкімет” “Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Жезқазған қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің өкілдеріне “ Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1212656?lang=kk
-

ТЖД қызметкерлері халықаралық фестиваль кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін марапатталды
Өңірде «Қызғалдақ мұра» фестивалін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен құтқарушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға әртүрлі елдерден келген туристерді қоса алғанда, көптеген қонақ жиналды. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді және жедел қызметтердің үйлесімді жұмысын талап етті. ТЖД қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылап отырды. Кәсібилік,…
-

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі кезеңде «Қарағанды облысының мемлекеттік…
-

Алматыда қаланы көгалдандыруға арналған жеке тәлімбақ салынады
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен көгалдандыру жүйесін жетілдіру және жеке тәлімбақ құру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиында қаладағы құрылыс пен көріктендіру қарқынын ескере отырып, жыл сайын көшетке деген сұраныс 1,4 миллионнан асатыны айтылды. Бұған ағаштар мен бұталар отырғызу, сондай-ақ жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары кіреді. Қазіргі таңда Алматыда арнайы тәлімбақтың болмауы сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті…
-

«Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП ⚜️Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Еркінқала ауылдық округінде Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатованың қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды.Акция барысында Департамент басшысының орынбасары…
