Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті
Дәстүр бойынша, оқу жылының басында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарының қазақстандық бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті. Елші жастарды оқуға түсуімен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Ол сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның кадрларды даярлау ісіне баса мән беретінін еске салды. Д.Абаев студенттерді оқудан барынша нәтиже шығаруға, ой-өрісін кеңейтуге, Ресейдің мәдени мұрасымен…
-
Қазақстан мен Германия Өнеркәсіп, технология және шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында Берлин қаласында екі елдің іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтті. Форумның панельдік сессиясының ашылуы барысында Ерсайын Нағаспаев екіжақты өзара іс-қимылдың, оның ішінде өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. 2005 жылдан бері Германияның ҚР экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі $8 млрд-тан асты, оның шамамен 90%-ы…
-
“Ұлт ұстазының ұлағатты жырлары” атты байқау
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегері №3 Күршім гимназиясының 6б сынып оқушысы Базарбек Айзере Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған “Ұлт ұстазының ұлағатты жырлары” атты аудандық байқауға қатысып, жүлделі 1 орынды иеленіп, Күршім АББ ӘК меңгерушісі А.Солтанқызының қабылдауында болды. Ұстаздары: Т.Сағиева, С.ЕлеубаеваБиік белестерді бағындырып, армандарыңа нық…
-
Қазақстан 15,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады
Қазақстан әлемдік нарықта азық-түліктің сенімді жеткізушісі ретіндегі ұстанымын тұрақты түрде нығайтып келеді. 2025-2026 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық пен ұн экспорты астық баламасында 15,5 млн тоннаны құрады. Қазақстандық астық өнімдерінің сыртқы нарықтардағы ауқымы кеңейіп келеді. Экспорттық жеткізілімдер Орталық Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропа елдеріне жүзеге асырылады. Биыл да экспорт қарқынды дамуда. «ҚТЖ» ҰК» акционерлік…
-
Түркістан облысы Келес ауданында газ сигнализаторлары орнатылды
Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар, прокуратура және газ инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, аудан аумағындағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне газ сигнализаторларын орнату жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ жабдықтары мен жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Аталған шаралар жылыту маусымында…
-
Борышкерлерді хабардар ету, нотариус таңдау: Астанада атқарушылық жазбаға қатысты жаңа тәртіп түсіндірілді
Елімізде 2026 жылғы 8 шілдеде «Нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заңмен атқарушылық жазбаларды жасау, борышкерлерді хабардар ету, аумақтықты сақтау, өтініштерді нотариустар арасында автоматты түрде бөлу, сондай-ақ нотариаттық қызметті мемлекеттік бақылау тәртібіне елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде…
-
Құрманғазы көшесінде гастрокөшененің қалай жасалып жатқаны
Құрманғазы көшесінде құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысына қатысты туындаған сұрақтарға байланысты қазіргі жағдайды түсіндіреміз.Учаскеде гастрокөше жасалудаҚазіргі уақытта аталған учаскеде гастрокөше жасау жұмыстары жүргізілуде. Жер бедерінің еңістігіне байланысты мердігер ұйым тіреу қабырғасын тұрғызуда. Бұл жұмыстар аумақты тегістеу және жасыл аймақтың деңгейін көтеру үшін қажет. Фото және бейнематериалдарда түсірілген нысандарға қатысты жағдайды жеке түсіндіре кетеміз. Бұл тірі көпжылдық…
-
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 139 экономикасының арасында 73-орынға ие болды. Осылайша, инновациялық даму деңгейі ең жоғары әлемнің 80 экономикасының қатарына енді. Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім. GII-2026 индексінің жаңа нәтижелері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ)…
-
Иранның Сыртқы істер министрлігінің Бендер-Аббастағы өкілі мен Хормозган провинциясы губернаторының орынбасарымен кездесу
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бендер-Аббастағы консулдығының басшысы Д.Дүйсебай ИИР Сыртқы істер министрлігінің осы қаладағы өкілдігінің басшысы М.Сүлейманимен және Хормозган провинциясы губернаторының халықаралық істер жөніндегі орынбасары М.Нәзәримен кездесу өткізді. Кездесу барысында консулдық және Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1301416?lang=en
-
ШҚО-да жолдарды қардан тазалау үшін 800 көлік дайын
Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгілінде автокөлік жолдары мен елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау үшін 800 техникадан тұратын парк жасақталды. Техника өңірдің әр қаласы мен ауданына жергілікті климаттық ерекшеліктерді ескере отырып бөлінген. Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы және салынып жатқан нысандардағы қозғалысты ашу мерзімдері қаралды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетумен…
-
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Отырыста қала тұрғындарының өміріне тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ қаладағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселелері талқыланды. Күн…
-
«ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Түркістанда қасиетті шаһардың, өңірдің тарихы мен мәдениетін, рухани мұрасы мен тарихи-танымдық құндылықтарын кеңінен танытатын «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде Түркістанның қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталып, жаңа кітаптың тарихи жадымызды жаңғыртудағы маңызын атап өтті. Астана қаласындағы «Ғылым»…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. №4А бағытының жол жүру сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі. Жөндеу мерзімі: 30.09.2026 жылғы 8:00-ден бастап 05.10.2026 жылғы 8:00 ге дейін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1301421?lang=kk
-
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков жүргізді. Жиында аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.…
-
ШҚО-да 10 адамға «облыстың Құрметті азаматы» атағы берілді
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында белгілі болды. Жиынға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы – аймақтың дамуына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін жоғары марапат. Биыл бұл атаққа өндіріс, кәсіпкерлік, мемлекеттік және қоғамдық қызмет, мәдениет, спорт, қайырымдылық…
