Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады* ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс…
-

Түсіндірме жұмыстары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1247496?lang=ru
-

Жаңалық
ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА ЖАБЫҚ БАССЕЙНІ МЕН ТЕННИС КОРТЫ БАР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР Бүгін Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Сапар аясында журналистер бірқатар өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Ақпараттық топ алдымен аудан орталығында бой көтерген Рәміздер аллеясына барды. Жалпы құны 70 млн теңгеден асатын…
-

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекеттік қызметші күні құрметіне мамандар мен мемлекеттік қызмет ардагерлеріне марапаттар табыс етті. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Құлмағамбетов марапатталды. «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісіне еңбек ардагерлері Есімхан Есенбаев, Әмина Жұмабаева, Рита Сиражетдинова, Лия Қасымова және Эльмира Бүзекеева ие болды.…
-

Жаңалық
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА БЕС АЙДА 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН Ордабасы ауданына биыл қаңтар-мамыр айларында 20,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 10,6 пайызды құрады. Жыл қорытындысымен инвестиция көлемін 55 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Аудан басшысының айтуынша, шетелдік инвесторларды тарту мақсатында Қытай…
-

Талдықорған қаласында ашық бокс чемпионаты өтті
2026 жылдың 8–11 маусымы аралығында Талдықорған қаласында «Даурен Boxing» спорт клубының ашық бокс чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Жетісу және Алматы облыстарынан барлығы 119 жас былғары қолғап шебері қатысты. Бұл додада Ескелді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Қаратал ауылынан барған спортшылары жаттықтырушы Серік Мәженұлының жетекшілігімен сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша:…
-

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ЕТУІН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН РЕЙД ӨТТІ
2026 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің хаттамалық шешімінің 5.2-тармағын орындау мақсатында атқарылған жұмыстар. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қ.С. Ерғазинов кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу, оны дер кезінде анықтау және жолын кесу…
-

Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты* – Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс…
-

Көкшетауда әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті
2026 жылғы 24 маусымда Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нугертаеваның төрағалығымен Көкшетау қаласы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ, Жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік…
-

Жетісу облысында жауынгерлік қарудан атудан республикалық турнир басталды
Жетісу облысында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан атудан республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген полицияның үздік мергендері кәсіби шеберліктерін, төзімділіктері мен жоғары атыс дайындығын көрсету үшін бір алаңға жиналды. Жарыс Ішкі істер министрлігінің спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес 24-26 маусым аралығында өткізілуде. Үш күн…
-

Азаматтарды қабылдау өткізілді
Әділет департаменті өкілдерінің, сондай-ақ адвокат пен жеке сот орындаушысының қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара барысында азаматтарға сот орындаушылық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерді қоса алғанда өзекті сұрақтар бойынша тегін құқықтық көмек пен кеңес берілді. Әділет департаментінің өкілдері қолданыстағы заңнама нормаларын және уәкілетті органдарға жүгіну тәртібін түсіндірді. Cонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру және…
-

Орман күзетіндегі жасанды интеллект: өртті ерте анықтау жүйесі өрт ошақтарын анықтауға қалай көмектеседі
Өрт қаупі кезеңі басталғалы бері Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Smart өртті ерте анықтау жүйесінің көмегімен төрт өрт ошағы дер кезінде анықталып, жойылды. Нәтижесінде өрттің орман қорының едәуір аумағына таралуына жол берілмеді. Smart жүйесі ұлттық парктің Жедел басқару орталығымен біріктірілген және тәулік бойы аумаққа мониторинг жүргізеді. Өрт белгілері анықталған жағдайда ақпарат автоматты түрде кезекші…
-

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Кожраков Багытжан Айтжанович Директорлар кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы, Басқарма мүшесі, банк секторындағы өзге де басшы қызметкер лауазымына келісілді (2026 жылғы 22 маусымдағы №44/БВУ/Т хаттама.) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1247476?lang=ru
-

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: тиімді басқаруға бастар қадам
2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне енеді. Құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған. Жаңа заң мемлекеттік қызметтің сервистік моделін енгізіп, азаматтардың сұранысына жедел әрі сапалы жауап беруді басты міндет ретінде айқындайды. Сонымен қатар кадрлық процестерді толық цифрландыру көзделіп,…
-

Мемлекеттік қызметші күніне орай Алғыс хат табысталды
Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Р.Шарипов атынан «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал атқарғаны үшін Алғыс хатпен Әсел Нұрбекқызы Оразова марапатталды. Әріптесіміз Әсел Нұрбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін!…
