Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Құрылтай сайлауы: елордада алғашқы сайлаушылар өз учаскелерінде дауыс берді
Астанада Құрылтай сайлауында алғашқы сайлаушылар дауыс беріп, сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Сайлау учаскелерінде азаматтарды комиссия мүшелері қарсы алады. Құжаттары тексерілгеннен кейін, сайлаушыларға бюллетеньдер беріліп, олар дауыс беру кабиналарына өтеді. Учаскелерде алғаш болып дауыс берген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады. Елордада дауыс беру үшін 517 сайлау учаскесі ашылды.…
-

Құрылтай сайлауы – 2026: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады
Астанада сағат 07:00-де 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Таң атқалы сайлау учаскелеріне дауыс беру үшін келген қала тұрғындарының белсенділігі байқалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар өз тұрған жерінде дауыс…
-

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініш қабылдау басталады
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды. Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге беріледі. Оларға мыналар жатады: • халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарды жұмыспен қамту;• әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлер өндірген өнімдерді өткізу;• халықтың әлеуметтік…
-

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ АШЫЛДЫ
Бүгін, 23 тамызда, Атырау облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дауыс беру үшін 278 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 428127 адам енгізілген. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, дауыс беру 278 сайлау учаскесінде өтуде. Сайлау процесін 9 аумақтық және 278 учаскелік сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Олардың құрамында 2101…
-

Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жандосов және Шаляпин көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.…
-

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі
Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері айтты. Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметін ұсынады. Оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады. Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 «Инватакси»…
-

Астанада Құрылтай депутаттарын сайлау өтетін күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
Астанада 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:• Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде; • қалалық бағдарларда;• экспресс-бағдарларда;• қала маңы бағдарларында. Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру…
-

Сайлау күні 200-ден астам автобус атыраулықтарды тегін тасымалдайды
23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтетін күні Атырау қаласында қоғамдық көлік тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустар таңғы сағат 6:35-тен бастап жүріп, кешкі сағат 20:30–21:30-ға дейін қатынайды. Жұмыс уақыты нақты бағытқа байланысты болады. Жалпы, бұл күні қала бағыттарына шамамен 230 автобус шығарылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278446?lang=ru
-

Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты. Шешуші белдесуге дейін ол Канада, АҚШ, Нидерланд және Грузия өкілдерін жеңді. Финалда алматылық дзюдошы Әзірбайжан…
-

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Сеул, 2026 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі жанындағы Қазақстан Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу үшін ашылған №422 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтары үшін дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады. Ол…
-

Құрылтай депутаттарының сайлауына қазақстандықтар Сиань қаласында дауыс беруде
Сиань, 2026 жылғы 23 тамыз – Астана уақытымен сағат 4.00-де (жергілікті уақытпен 7.00) Қазақстан Республикасы Сиань қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында ашылған №510 сайлау учаскесінде Құрылтайға сайлау науқаны басталды. Қытай жерінде Мемлекеттік Әнұран орындалып, осы өңірде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге кірісті. Бас консулдық аймағына кіретін Сиань мен Чунцин қалалары, Ганьсу, Сычуань,…
-

Хабарландыру!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1278443?lang=ru
-

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ВАХТАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ДАУЫС БЕРУДЕ
Бүгін Атырау облысында 11 мыңнан астам вахталық жұмысшы жұмыс орнынан кетпей-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Сайлаушылар тізіміне 11 271 вахталық жұмысшы енгізілген, олардың 3575-і еліміздің басқа өңірлерінен келген. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, вахталық жұмысшылардың дауыс беруі 34 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған. Заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін…
-

Астанада Таиландтың танымал спортшыларының қатысуымен муай-тайдан шеберлік сабағы аяқталды
Қазақстанның Ұлттық спорт университетінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Таиланд Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырған екі күндік муай-тай шеберлік сабағы аяқталды. 20 тамызда өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Куантыров қатысты. Ол шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ спорт, мәдени және гуманитарлық салалардағы…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі
Құрметті отандастар! Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму…
