Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты. Шешуші белдесуге дейін ол Канада, АҚШ, Нидерланд және Грузия өкілдерін жеңді. Финалда алматылық дзюдошы Әзірбайжан…
-

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Сеул, 2026 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі жанындағы Қазақстан Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу үшін ашылған №422 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтары үшін дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады. Ол…
-

Құрылтай депутаттарының сайлауына қазақстандықтар Сиань қаласында дауыс беруде
Сиань, 2026 жылғы 23 тамыз – Астана уақытымен сағат 4.00-де (жергілікті уақытпен 7.00) Қазақстан Республикасы Сиань қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында ашылған №510 сайлау учаскесінде Құрылтайға сайлау науқаны басталды. Қытай жерінде Мемлекеттік Әнұран орындалып, осы өңірде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге кірісті. Бас консулдық аймағына кіретін Сиань мен Чунцин қалалары, Ганьсу, Сычуань,…
-

Хабарландыру!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1278443?lang=ru
-

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ВАХТАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ДАУЫС БЕРУДЕ
Бүгін Атырау облысында 11 мыңнан астам вахталық жұмысшы жұмыс орнынан кетпей-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Сайлаушылар тізіміне 11 271 вахталық жұмысшы енгізілген, олардың 3575-і еліміздің басқа өңірлерінен келген. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, вахталық жұмысшылардың дауыс беруі 34 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған. Заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін…
-

Астанада Таиландтың танымал спортшыларының қатысуымен муай-тайдан шеберлік сабағы аяқталды
Қазақстанның Ұлттық спорт университетінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Таиланд Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырған екі күндік муай-тай шеберлік сабағы аяқталды. 20 тамызда өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Куантыров қатысты. Ол шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ спорт, мәдени және гуманитарлық салалардағы…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі
Құрметті отандастар! Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму…
-

Тобыл станциясындағы вокзал күрделі жаңғыртудан кейін қайта ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда 125 теміржол вокзалын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуға, жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Жаңартылған вокзалдың ашылу рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов қатысты. «Қостанай облысында алты теміржол вокзалын — Қостанай, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы нысандарды…
-

Екібастұзда ұлы Абайдың рухына тағзым етті
10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы күні Екібастұзда қоғам өкілдері, ардагерлер мен жастар ұлы Абайдың рухына тағзым етті. Тағзым рәсіміне Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де қатысып, ұлы ойшынды еске алды. Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Абайдың артында мол әдеби әрі философиялық мұра қалды. Оның шығармалары бүгінгі…
-

Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді – халықаралық реинтродукция бағдарламасының маңызды нәтижесі
2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы «Әліби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді. Бұл – түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл. Құлынның дүниеге келуі реинтродукция бағдарламасын іске асырудағы маңызды нәтиже және жануарлардың Қазақстан даласының табиғи жағдайларына сәтті…
-

Петропавлда жылу желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Бүгінде олардың тозу деңгейі 81 %-дан асады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бес жобаны іске асыру көзделген. Қазіргі уақытта оның үшеуі – №2, №3 және №8 жылу магистральдарын қайта жаңарту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар қаланың орталық бөлігін, Жұмысшы кенті мен вокзал маңындағы аумақты, сондай-ақ Жас Өркен, Орталық және Береке шағын аудандарын қамтиды. Биыл №8 жылу…
-

Бүгін Петропавлда Универсальная көшесіндегі жаңа жол өткелі арқылы көлік қозғалысы ашылды
Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысты. Жаңа жолдың ұзындығы 1,2 шақырым. Ол айналма жолды Универсальная өткелімен байланыстырады. Бұл өткел Қараванная көшесіндегі жол өткеліне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Қазір нысанда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жолдың айналасын абаттандырылады. Сонымен бірге Универсальная көшесінде орташа…
-

Көкшетау Қазақстанның баскетболдан ұлттық құрамасын даярлау алаңына айналды
Көкшетау қаласы баскетболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын өткізу алаңына айналды. Қазір спортшылар көпфункционалды Kokshe Arena кешенінің базасында қыркүйек айында Жапонияда өтетін алдағы Азия ойындарына дайындық жүргізуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаттығу барысын көріп, спортшылар және жаттықтырушылар штабымен кездесіп, команданың алдағы жарыстарға дайындығын және өңірдегі әйелдер баскетболын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Ұлттық…
-

Аймақты дамытуға бағытталған жаңа жобалар талқыланды
Өңірде бірқатар маңызды жоба қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тікелей байланыс арқылы қатысты.Жиында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа жобалардың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру барысы қаралды.Ірі жобаның бірі – Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін…
-

Ақтөбе облысының әкімі Әлем чемпионын қабылдады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Словакияның Братислава қаласында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған Қазыбек Қалмағамбетовті, оның анасы Қызжібек Құрбанәліқызын және спортшының бапкерлерін қабылдады. Кездесуде өңір басшысы жас спортшыны жеңісімен құттықтап, бұл жетістік Ақтөбе спортының ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің ертеңі – жастарға…
