Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Алматының Түрксіб ауданына қарасты «Жұлдыз-1» шағынауданындағы №18 және №18А үйлердің ауласында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Мұнда тұрғындардың демалуына және бос уақытын белсенді өткізуіне қолайлы жағдай жасалды. Аулалардағы асфальт жабыны толық жаңартылып, жаңа шағын сәулет нысандары, жаттығу құрылғылары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Спортпен шұғылдану және белсенді демалыс үшін тартан жабындысы төселген алаң жабдықталып, сыртқы жарықтандыру…
-

2026 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАЗАНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 16 қазан күні сағат 11.00-де мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар облыстық мәслихаты депутатының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда: – Екібастұз қаласының бюджеттік процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлау мен пайдаланудың мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2026 жылғы…
-

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 102,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға өсті. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 39,6 млрд теңгеге жетіп, 36 пайызға артты. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 56,1…
-

ТЕЛЕФОНОГРАММА
13 октября 2026 года в 15.00 часов состоится заседание Комиссии по формированию квоты на привлечение иностранной рабочей силы по адресу: город Караганда, улица Мустафина, 4. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-social/press/news/details/1308317?lang=ru
-

Департамент басшысы Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарын аралады
✅ Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мәди Бауыржанұлы Қармақшы ауданына іссапармен барды. ✅ Іссапар барысында департамент басшысы алдымен Байқоңыр қаласындағы №298 мектепке барып, білім беру ұйымының жұмысымен танысты. Оқушылардың білім алуына жасалған жағдайды, оқу процесі ұйымдастырылатын ортаны және қауіпсіздік мәселелерін назарға алды. ✅ Іссапар барысында №26 балабақшаны аралап, мектепке дейінгі тәрбие…
-

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Аудан тұрғындарымен кездесуден кейін бірқатар азамат облыс әкіміне жеке мәселелерімен жүгінді. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін тыңдаған Нұралхан Көшеров әрбір азаматтың мәселесіне мұқият қарау қажеттігін атап өтті. Облыс әкімі қабылдауға келген тұрғындардың барлығын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тиісті сала басшыларымен…
-

-

Балалар тағдырына араша болған атыраулық полицей ардагер – Гүлнар Ихсанқызы
Балалармен жұмыс істеу – мейірімділікпен қатар үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Әсіресе өмірдің түрлі сынағына тап болған, тағдыры күрделі балалармен жұмыс істеу үшін кәсіби біліктілікпен бірге сабыр мен жүрек жылуы қажет. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрметті ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Гүлнар Ихсанқызы Андакулованың қызмет жолы осындай талай баланың тағдырымен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы кәмелетке…
-

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады
2026 жылы 12 қазаннан 1 қарашаға дейін Алматы тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жобалық ұсынысын бере алады. Іріктеуден өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша тұрғындардың қолдауына ие болған бастамаларды аудан әкімдіктері 2027 жылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба қала тұрғындарына көркейту және қалалық ортаны дамыту жөнінде идеясын ұсынуға, кейін ең қажетті бастамаларды таңдауға қатысуға мүмкіндік…
-

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясы
2026 жылғы 05 – 09 қазан аралығында Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік аттестация өткізеді. Тексеру білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бағалауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтауға бағытталған. Осы кезеңде келесі білім беру ұйымы аттестациядан өтеді: · Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Кораблик» бөбекжайы»…
-

13 миллионнан астам пайдаланушы: eGov Mobile 7 жыл ішінде Қазақстанның негізгі цифрлық платформаларының біріне айналды
eGov Mobile қосымшасы жаңартылғаннан кейінгі жеті жыл ішінде жекелеген мемлекеттік қызметтерге мобильді қол жеткізу құралынан 13,2 миллионнан астам пайдаланушысы бар бірыңғай цифрлық платформаға айналды. Бүгінде қосымшада 1 100-ден астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Мобильді цифрлық үкіметтің тарихы 2012 жылы mGov қосымшасының іске қосылуынан басталды. Пайдаланушыларға алғашқы электрондық мемлекеттік қызметтер, оның ішінде мекенжай және зейнетақы…
-

“Алматы қаласының туризм басқармасы” КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгені туралы хабарлайды
«Алматы қаласы Туризм басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында Басқармада мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды: – Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;– Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын…
-

Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді.
Қазан айының 7-9 аралығында Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді. Сапардың негізгі мақсаты – Павлодар облысына Православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімеген десницасын әкелу, сондай-ақ православие дінін ұстанушыларға қасиетті жәдігерге тағзым ету мүмкіндігін ұсыну болды. Сапар аясында Митрополит Александр мен Грек Православие шіркеуі өкілдерінің…
-

«Таза Қазақстан»
Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Денисов ауылдық округінде қоғамдық аумақтарды абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Алаңда өскен шөптен төсеніштер тазартылды.Мұндай жұмыстарды жүргізу тәртіпті сақтауға және округ тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-denisov/press/news/details/1308330?lang=ru
-

Талас ауданында балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Балық аулау маусымына байланысты Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балық аулау құралдарын сататын дүкендерде және аудан тұрғындары арасында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Төтенше…
