Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Республикалық бәйге жарысының басталу уақыты өзгерді
7 маусым күні елорда маңындағы «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылатын ауқымды республикалық бәйге жарысының басталу уақыты өзгерді. Дүбірлі доданың салтанатты ашылуы 7 маусым күні кешкі сағат 17:00-де өтеді. Ашылу рәсімінен кейін бәйге жарыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Сарыарқаның сайын даласын дүбірге бөлейтін жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген таңдаулы тұлпарлар мен тәжірибелі шабандоздар үш қашықтық…
-

Елордалық спортшы Азия чемпионы атанды
Түркістанда байдарка мен каноэде есуден U18 және U23 жас санаттары, сондай-ақ параканоэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Азия чемпионы атанды. Жарысқа 15 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр. Құрлықтық доданың екінші күнінде Астана қаласының спортшысы Эвелина Костенко жоғары нәтиже көрсетіп, байдаркамен есуден U18 санатындағы қыздар арасында К1…
-

Ербол Қарашөкеев Жуалы жұртшылығымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданының Қайрат ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елді мекендердің өзекті мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады. Басқосу Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес еркін форматта ұйымдастырылды. Кездесу барысында аудан тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сауалдарын тікелей облыс әкіміне жолдады. Алдымен өңір басшысы…
-

Халықаралық отбасы және Аналар күні аясында «Анаға тағзым» аллеясының ашылу рәсімі өтті
Астана қаласында Халықаралық отбасы және Аналар күні аясында «Анаға тағзым» аллеясының ашылу рәсімі өтті. Іс шараға қоғам белсенділері және көпбалалы аналар қатысып, 50 түп ағаш отырғызды. Шара барысында отбасы құндылықтарын, аналардың қоғамдағы ерекше рөлін және ұрпақ тәрбиесінің маңызын насихаттауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне салтанатты…
-

Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар арасында «Бірлігі жарасқан отбасы» атты отбасылық эстафеталық сайыс өтті.
2026 жылғы 15 мамыр күні Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейінде Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылып, «Бірлігі жарасқан отбасы» атты отбасылық эстафеталық сайыс өтті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Шараға Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бимендина Әсима Темкеқызы, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының…
-

Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы бастамаларға 200 мыңнан астам қазақстандық қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Халықаралық волонтерлер жылы 30 қаңтарда Президенттің қатысуымен өткен Волонтерлер форумынан басталды. Атаулы жыл шеңберіндегі маңызды іс-шаралардың бірі – 23 сәуірде Астана қаласында өткен «Волонтерлік және экологиялық әрекеттер» сессиясы. Іс-шара Өңірлік экологиялық саммит аясында ұйымдастырылды. Жиынға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары…
-

«Үздік педагог» атағын беру жөніндегі аудандық кезеңнің өткізілетіні туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Үздік педагог» атағын беру жөніндегі аудандық кезеңнің өткізілетіні туралы хабарлайды. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттық педагогтері, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсырған сәтте кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер қатыса алады. Конкурс үш кезеңде өткізіледі: I…
-

Қазақстан Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумына қатысты
Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер жастарының цифрлық форумы өтті. Аталған форумға жас көшбасшылар, ІТ мамандар, инноваторлар, әзірлеушілер және цифрлық қоғамдастық өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясы жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндіктері, цифрлық экономиканы дамыту және инновациялық жобаларды қолдау мәселелеріне арналған панельдік пікірталастар мен сараптамалық сессияларға қатысты. Форумға қатысушылар инновациялық жобалар көрмесінде ұсынылған озық ІТ шешімдер…
-

«Заң мен тәртіп»: Астанада Cirque du Soleil шоуына келгендер ерекше акцияға қатысты
Астанада өтіп жатқан Cirque du Soleil циркінің қойылымдары барысында қатысушылар «Заң мен тәртіп» профилактикалық акциясына белсенді атсалысып жатыр. Атап айтқанда, олар Астана қаласының прокуратурасы, қала әкімдігі және Полиция департаменті бірлесе өткізген «Қауіпсіз балалық шақ» акциясына қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Іс-шара барысында балаларға жеке қауіпсіздік қағидалары, қоғамдық орындардағы және интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері…
-

Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында ата-аналар мен балаларға арналған тағылымды семинар өтті
Астана қаласындағы №119 орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында ата-аналар мен балаларға арналған тағылымды семинар өтті.Іс-шараның мақсаты-отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын насихаттау.Семинар барысында қатысушыларға отбасыдағы психологиялық ахуал, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, қауіпсіз орта қалыптастыру және балалардың құқықтарын қорғау бағытында…
-

Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет министрліктері 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе әдебиет саласындағы ынтымақтастыққа және театр өнері бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар…
-

АСТАНАДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Астана әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі, қайғылы жағдайлардың алдын алу және мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жиын Астана әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өтті. Жазғы каникул қарсаңында елордада балалардың мектептер мен аулалардағы, сондай-ақ демалыс кезіндегі және су айдындары маңындағы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше…
-

Түркияда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы аталып өтті
Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, композитор, дирижер әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Анкара қаласында іс-шаралар ұйымдастырылды. Бағдарлама ТҮРКСОЙ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен бірлесіп өткізілді. Мерейтойлық іс-шаралар ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында ашылған көрмеден басталды. Мұнда Ахмет Жұбановтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ғылыми еңбектері таныстырылды. Бағдарлама аясында ғалым…
-

Астанада «Қауіпсіз жаз – бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында, Балалардың құқықтары жөніндегі қалалық омбудсмендердің кездесу өтті
2026 жылғы 22 мамыр күні 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған Астана қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында қалалық бала құқығы жөніндегі омбудсмендеріне арналған «Қауіпсіз жаз – бақытты балалық шақ кепілі» тақырыбындағы кездесу өтті.Кездесуге Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина Әсима Темкеқызы, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әділбай Серік Тәукеұлы, «Талар» КеАҚ президентінің…
-

Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы – алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды
Ұлытау облысы елімізде жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған. Аталған…
