
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының ұйымдастыруымен ауылымыздың қазыналы қарияларына арнайы дастархан жайылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Мерекелік дастархан барысында қарияларға жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік шарадан ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/1303699?lang=ru

Жауап қалдыру