Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

«Нұр – Авиценум» медициналық орталығының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының басшылығы және қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
⚜️ 2026 жылғы 29 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы К.Болтаева «Нұр – Авиценум» медициналық орталығының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының басшылығы және қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. 🔹Семинар-кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда, коматоздық жағдайдағы адамдарға сараптама жүргізу мәселелері талқыланды. 🔹Сонымен…
-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастармен мотивациялық кездесу өткізді.
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастармен мотивациялық кездесу өткізді. Кездесу барысында Н. Абдезов өзінің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, адамға қызмет ету және ел болашағына үлес қосудың маңызын атап өтті. Адам құқықтары…
-

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Облыс аумағында төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау және жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі, Жәнібек және Қаратөбе аудандарында бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына тұрмыстағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді. Өрттің алдын алу және төтенше жағдайлар…
-

Әкімдік туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Ақтөбе облысындағы әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу 2 қазаннан басталады
Өңірдің алдағы жылу беру маусымына дайындығы мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңді тұрақты өткізу үшін қажетті негізгі жұмыстар орындалған. Жылу, электр, су құбыры және кәріз желілері қалыпқа келтіріліп, қазандықтар мен жабдықтар тексерілді. Отын қорына да көңіл бөлінді. Бюджеттік ұйымдар көмірмен…
-

Әдебиет және LitTech саласындағы грант байқауына 172 креатор өтінім берді
Отандық әдебиет, кітап шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған грант байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Байқауға барлығы 172 өтінім түсті. Іріктеу нәтижесінде 10 жеңімпаз анықталып, әрқайсысына 5 млн теңгеден грант беріледі. Жалпы грант қоры – 50 млн теңге. Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да жанрлардағы жобалармен қатар,…
-

Тұрғын үйді көшпелі тексеру
29.09.2026 жылы Департамент басшысы А.Е. Мекебаева «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы М. К. Досқалиевамен бірге құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдалануға берілетін тұрғын үйге көшпелі тексеру жүргізді. Департамент сәйкестік туралы декларацияны келісу мәселесін де қарастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1301814?lang=ru
-

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау туралы
Бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау енгізілді. Лицензиялаудың негізгі мақсаты – қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік…
-

1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді
«1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы. Орал қаласындағы Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО енді кезекші кесте бойынша: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.…
-

Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 35-сессиясы өтті
2026 жылғы 30 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 35-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ шақырылған азаматтар қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды. Баяндаманы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов жасады.…
-

Алмалы ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындысын шығарды
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алмалы ауданының ағымдағы жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының аралық қорытындылары таныстырылды. Кездесу барысында ауданның негізгі жұмыс бағыттары айқындалып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ашық диалог өтті. Кездесуде абаттандыру және қалалық ортаны одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі міндеттердің қатарында тұрғын үйлердің эстетикалық келбетін қалпына келтіру, инженерлік желілерді жоспарлы…
-

Алматыда жалға берілген коммуналдық тұрғын үйді заңсыз пайдаланудың 172 жағдайы анықталды
Алматыда коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілген пәтерлердің мақсатты пайдаланылуы тексеріліп жатыр. Жыл басынан бері қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының мамандары Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 3 125 пәтерді тексерді. Мониторинг нәтижесінде тұрғын үйді үшінші тұлғаларға заңсыз берген 172 жағдай анықталып, 114-інде пәтер босатылды. Қалған 58 жағдай бойынша сотқа дейінгі…
-

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
1 қазан – Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата – аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын…
-

Балқаш көліне 180 мың сазан шабағы жіберілді
Балқаш көлін жыл сайынғы балықтандыру жұмыстары басталды. Су айдынына алғашқы партия ретінде 180 мың біржылдық сазан шабағы жіберілді. Балық шабақтарын қалаға Қарағанды балық өсіру тәлімбағының мамандары жеткізді. Балықтандыру жұмыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілуде. Шабақтарды суға жіберу кезінде мамандар олардың жаңа ортаға оңай бейімделуі үшін су мен ауа температурасының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз етті. – Балықтандыру…
-

Алматыда ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізіледі
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтарда 4 қазаннан бастап көлік қозғалысының қарқыны мен тұрақ орындарына сұранысқа қарай сараланған жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі. Тиісті шешімді қалалық мәслихат сессиясында депутаттар қолдады. Алматының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігін басқармасының мәліметінше, қолданыстағы сағатына 100 теңге тарифі 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Соңғы…
-

Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне сай жұмыспен қамту жүйесін бейімдеп жатыр
Жасанды интеллект мамандықтардың мазмұнына, жұмыс процестеріне және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптарына өзгеріс енгізіп жатыр. Қазақстанда бұл өзгерістер кадр даярлау және мемлекеттік жұмыспен қамту жүйесін дамыту кезінде ескерілуде. Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын меңгерген мамандарға…
