Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Екібастұзда «Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп» ауқымды жастар фестивалі өтті
Екібастұз қаласында 5 мыңнан астам оқушылар, студенттер, педагогтар, волонтерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірген «Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп» ауқымды жастар фестивалі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – құқықтық мәдениетті насихаттау, жасөспірімдер қылмысының алдын алу және жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Фестиваль ашық алаңда ұйымдастырылып, жастар прокуратура, полиция және білім беру жүйесінің өкілдерімен тікелей пікір алмасуға…
-

СҚО-да полицейлер мен қоғам белсенділері нашақорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін талқылады
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен қоғам белсенділері әзірлеген есірткіге қарсы бейнероликтер миллионнан астам қаралым жинауда. Енді профилактикалық жұмыс жаңа деңгейге көтерілмек: жастарға тек бейнероликтер ғана емес, есірткіге тәуелділіктің нақты салдары да көрсетілмек. Бұл жоспарлар СҚО полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды. Жыл басынан бері Кеңес мүшелері 50-ге жуық профилактикалық…
-

Бақылау да, үлгі де: СҚО полицейлері «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер азаматтарды қабылдап, қызмет атқаратын әкімшілік ғимараттардың маңындағы аумақтарды кезекті рет тазартты. Кезекшілікке түспеген қызметкерлер мамыр таңын сенбіліктен бастады. Полицейлердің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысуы жан-жақты сипатқа ие. Жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері кіретін мобильді жұмыс тобы қалдықтарды заңсыз орналастырудың 11 фактісін анықтады. Қазіргі уақытта оларды жою жұмыстары жүргізілуде.…
-

МАҢЫЗДЫ САММИТТЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Маңызды жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің басшылары қатысуда. Саммит барысында мемлекет басшылары түркі интеграциясын нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді. Мемлекет басшысы Түркістанның түркі әлемі үшін…
-

Президент:
«Бүгінгі жиында өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп…
-

Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»
«Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту. Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына…
-

Президент:
«Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы» Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1221711?lang=kk
-

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»
«Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды. Себебі…
-

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы құрылады
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – баршамызға ортақ міндет, парыз екенін атап өтті. Сонымен қатар Түркістанда Түркі өркениеті орталығын құру туралы шешім қабылдағанын айтты. «Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына…
-

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды
«Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістермен бетпе-бет келді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды. Дүние жүзінде технологиялық бәсеке күшейді, яғни, инновациялық тұрғыдан озық ел болу мақсаты алдыңғы қатарға шықты. Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды. Бұл – цифрлық трансформацияға дер кезінде бет бұрған елдер көш соңында қалмайды деген сөз. Сондықтан Түркі кеңесіне мүше…
-

Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық екенін айтты. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керектігін атап өтті. «Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын…
-

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі…
-

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты. Мемлекеттер басшылары XIV-XV ғасырларға тиесілі cирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған…
-

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады. Кешеннің негізгі идеясы – түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек. Орталықтың архитектуралық шешімі ерекше…
-

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды
Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы елдердің президенттеріне Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және аймақтағы технологиялық серіктестікті нығайту бастамалары жайында мәлімет берілді. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға еліміз ЖИ-ді стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын баяндады. Бұл орайда инфрақұрылымды, адами капиталды және инновациялық өнімдерді дамыту арқылы толық экожүйе…
