Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты. Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған. Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман…
-

СҚО-да полицейлер кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын ұсынды
Сауда үйлері мен ойын-сауық орындарындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бизнес нысандарының иелері мен әкімшілерін жұмыс кеңесіне жинады. Кездесу криминалдық полиция басқармасының бастамасымен өтті. СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов пен жедел қызметтердің басшылары қонақтармен бейнебақылау жүйелерінің жеткіліксіз жабдықталуы, кей жағдайларда полицияға дер кезінде хабар берілмеуі секілді өзекті мәселелерді талқылады.…
-

ШҚО-дағы «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестиваліне 8 елден 800-ден астам қолөнер шебері жиналды
14-17 мамыр аралығында Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан келген 800-ден астам сәндік-қолданбалы өнер шебері қатысуда. Сондай-ақ ҚР Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшелері де атсалысуда. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне…
-

ҚР Ғылым министрі Michigan State University делегациясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
ҚР Ғылым министрі Michigan State University делегациясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады Бүгін, 15 мамыр күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Michigan State University университеті делегациясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қаралды. Тараптар академиялық серіктестікті дамыту, серіктестік тетіктерін жетілдіру және білім беру мүмкіндіктерін кеңейту…
-

САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуына ерекше назар аударды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан әкімі жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс қарқынын күшейтуді, сапалы материалдарды пайдалануды және нысанды белгіленген мерзімде…
-

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау басталды
Астанада отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау басталды. Конкурстың өткізілу барысы туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан мен Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес…
-

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
17 мамыр күні Қазақстанда телекоммуникация желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланыс саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі – Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстан 1992 жылдан бері мүшесі болып табылатын Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) бекіткен Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орайластырылған. «Бүгінде дәл осы…
-

Ағымдағы жылдың 14 мамырында 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасы шеңберінде Әділет департаментінде «Speaking club» форматындағы қызметкерлер үшін семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – қызметкерлердің тілдік дағдыларын арттыру және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту. Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1221584?lang=kk
-

САРЫАҒАШ: АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округтерде дала өрттерінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан минералды жер жырту жұмыстарының нәтижесін саралады. Аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жылға ауылдық округінде Шеңгелді, Шымырбай, Жылға, Қарақалпақ, Қызыласу және Шайхана елді мекендерінің аумағындағы шаруашылық маңызы бар жолдардың бойында минералды…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
Сарыағаш ауданында жастар арасында «Қоғам. Жастар. Болашақ» тақырыбында аудан әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған жайдарман ойындарының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аталған мәдени-көпшілік шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, сахна мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ тапқырлық пен шешендік өнерін дамытуға бағытталды. Финалдық кезеңге жолдама алған командалар екі кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, қатысушылар «Сәлемдесу» және «Жұлдызбен үй тапсырмасы»…
-

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары: инвестициялық меморандумдар пакетіне қол қойылды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында қытайлық ірі компаниялар мен халықаралық өнеркәсіптік топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өтіп, оларға өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Келіссөздер нәтижесінде өңірдегі стратегиялық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар пакетіне қол қойылды. Қытай соңғы жылдары Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі ретіндегі мәртебесін сақтап…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзі
Құрметті Мемлекет басшылары! Қадірлі саммитке қатысушылар! Баршаңызды Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда қарсы алып, Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Менің шақыруымды қабыл алып, алқалы жиынға келгендеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы…
-

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы басталды
Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
Сарыағаш ауданында жастар арасында «Қоғам. Жастар. Болашақ» тақырыбында аудан әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған жайдарман ойындарының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аталған мәдени-көпшілік шара жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, сахна мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ тапқырлық пен шешендік өнерін дамытуға бағытталды. Финалдық кезеңге жолдама алған командалар екі кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, қатысушылар «Сәлемдесу» және «Жұлдызбен үй тапсырмасы»…
-

САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс кестесіне сәйкес аптасына екі рет «Өндірістік парк» аумағына барып, құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Осы ретте, аудан басшысы өндірістік аймақта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Қазіргі таңда аталған аумақта мердігер мекеме тарапынан инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі жауапты…
