Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Абай облысының прокуроры IT-технологияларды дамыту жөніндегі өңірлік алаңға барды
Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев IT-технологияларды дамыту жөніндегі өңірлік алаң — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub қолдауымен Alikhan Bokeikhan University базасында құрылған Abay IT-Valley технопаркіне барды. Сапар барысында облыс прокуроры технопарктің қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан білім беру және технологиялық жобалармен танысты. Abay IT-Valley өкілдері жастардың IT-құзыреттерін дамытуға,…
-

Шалқарда әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Шалқар қаласындағы әлеуметтік нысандар – 150 балаға арналған өнер мектебі мен Шалқар аудандық ауруханасының стационарына жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс барысын бағамдады. Шалқар қаласындағы жаңа өнер мектебі «Қазақстан темір жолы» компаниясының қолдауымен бой көтеруде. Жобаның жалпы құны 1,71 млрд теңге. Аумағы 2109 шаршы метр құрайтын нысан 150 балаға шақталған.…
-

Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды
Бүгін аудан әкімдігінде кезекті Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша мәжіліс өткізілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол қауіпсіздігі, инфрақұрылым сапасы және тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев төрағалық етті. Алдымен Арал қаласында жаңадан ашылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысына белсене атсалысқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, вокзал директоры Ж.Мәмбеталиевке…
-

Түркістан көшелеріндегі LED экрандарда қазақ тарихында айрықша із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі мен өнегесін дәріптейтін ақпараттық материалдар көрсетілуде
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1297322?lang=kk
-

Еңбек күні қарсаңында еңбек заңнамасы бойынша кезекті түсіндіру кездесуі өткізілді
Еңбек күні қарсаңында, ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының ұжымымен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіруге бағытталған кезекті кездесу өткізілді. Іс-шараға Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Рыскалиева, сондай-ақ білім саласы бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының бас маман-заңгері Г.Курмангазиева қатысты. Кездесу барысында білім беру саласында жиі кездесетін еңбек заңнамасының бұзушылықтары мен еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу мәселелеріне…
-

Қаламгермен сырласу
22 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі қаламгер, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышпен «Қаламгермен сырласу» атты шығармашылық кездесу өтті. Тағылымды жүздесу барысында қаламгердің шығармашылық жолы, әдеби мұрасы, шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері мен кейіпкерлер әлемі кеңінен сөз болды. Әсіресе қазіргі балалар әдебиетінің жай-күйі, жас оқырманның кітапқа қызығушылығын арттыру және көркем әдебиеттің…
-

Павлодарда жас туристердің республикалық слеті басталды
Бүгін Павлодар облысында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің бірінші күні басталды. Слетке еліміздің өңірлерінен 180 білім алушы мен 40 жетекші қатысуда. Алғашқы күн туристік, зерттеу және мәдени-танымдық бағыттағы іс-шараларға арналды. Қатысушылар спорттық бағдарлау, туристік кедергілер жолағы, зерттеу жобалары бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, Павлодар өңірінің тарихи-мәдени нысандарымен танысты. Республикалық слет жас туристердің…
-

🇰🇿 Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары: қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықтал
Ақтөбеде өтіп жатқан Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары аясындағы қазақ күресінен жарыстар өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған бәсекеде жас балуандар ұлдар және қыздар арасында 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, бозкілемде тартысты белдесулер өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ жалпыкомандалық есептің үздік үштігі анықталды. 🏆 ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП:🥇 I орын — Түркістан облысы🥈…
-

2026 жылғы 8 айдағы медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындылары
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар саны мен алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінің өсу динамикасы байқалады. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі нәтижелері 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүгедектігі бар адамдар деп танылған азаматтар санының 2,3%-ға артқанын көрсетеді. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 760,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар. Оның ішінде 637,5 мыңы – ересектер, 124 мыңы –…
-

Шалқар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Шалқар ауданының актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров ауданының жаңа әкімін таныстырды. Өңір басшысының өкімімен Қайрат Серікбайұлы Ақшолақ Шалқар ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімнің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігі және Шалқар аудандық мәслихаты депутаттарымен келісілді. Активпен кездесу барысында облыс әкімі ауданның одан әрі дамуы үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Сегіз айдың қорытындысы бойынша…
-

«Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен терроризмнің алдын алу және діни экстремизмге жол бермеу бағытында ауыл тұрғындары мен Мәдениет үйінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен терроризмнің алдын алу және діни экстремизмге жол бермеу бағытында ауыл тұрғындары мен Мәдениет үйінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға терроризм қаупінің алдын алу, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың қырағылығын арттыру және күдікті жағдайлар орын алған кезде тиісті органдарға дер кезінде хабарлау қажеттілігін түсіндіру. Түсіндіру…
-

Қазақстанда 273-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Түркістан облысы Келес ауданының Қызыләскер ауылында 273-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы өз жұмысын бастады. Аталған өртке қарсы құралым жалпы саны 24 мың адамды құрайтын 13 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, жеке құрам, ауыл тұрғындары мен қонақтар…
-

ТҮРКІСТАНДА ТҮЛЕКТЕРДІҢ ИГІ БАСТАМАСЫМЕН 21-БАСПАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектер қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, игі бастамаға ұйытқы болды. «Бекзат» мөлтек ауданының 1988 жылы туған азаматтары дүниеден өткен құрдастары Жасұлан Бауыржанұлының отбасына 5 бөлмелі жаңа баспана тарту етті. Заман талабына сай бой көтерген жаңа үйді табыстау салтанатына Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызы, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов, облыстық…
-

Зейнетақы жүйесінде 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?
1. 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері нақты қаншаға өсті? Қарапайым мысалмен түсіндірсек: егер зейнеткер бұған дейін 100 мың теңге алып жүрсе, қазір оның төлемі қанша болды? Болжам бойынша, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 8,5%-ға артты. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыру мөлшері Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңымен бекітіледі. 2. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңге болып…
-

Чайковский ауылы әкімінің халықпен есептік кездесуі
2026 жылғы 9 қыркүйекте Чайковский жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында Чайковский ауылының әкімі А. Кабиевтің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Өз баяндамасында ауыл әкімі 2026 жылдың 8 айындағы жұмысын қорытындылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-chaikovskaia/press/news/details/1297311?lang=ru
