Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология, инновация және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдениет…
-
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығына арнайы келіп, мекеменің жұмыс барысымен танысты
Кездесу барысында орталықтың құрылымы, негізгі қызмет бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары таныстырылды. Ұжым мүшелерімен еркін форматта сұхбаттасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, жұмысты жандандыру, мәдени іс-шаралардың ауқымын кеңейту, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ой бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/990889?lang=kk
-
«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқауы өтті
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты облыстық байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – ұлт намысы мен рухын оятқан тұлғаны таныту, оның ерлігін, еңбегін ұрпақтар арасындағы рухани байланыс ретінде дәріптеу. Бауыржан Момышұлының батырлығын, тұлғалық қасиеттерін еске алып, оны бүгінгі жастарға үлгі ету. Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты…
-
АЛМАТЫДА ҰЛАНДЫҚТАР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілері «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсетті. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері орталық тұрғындарын Жеңіс мерекесімен құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық ұланның «Генерал» тобы арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, ардагерлер мен қазыналы қарттарға сый-сияпаттар табыстады.…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Тәжікстан Республикасы делегациясының “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ сапары
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті. Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік…
-
Мерекеде қарттарға құрмет көрсетілді
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінің 80 жылдығы мерекелерінің қарсаңында Ақтау қаласындағы қарттар үйіне барды. Аталған шараның мақсаты қарттарға сый-құрметті арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Қарттар үйінің басшысы Ы.Құлатай аталған орталықтың күнделікті өмірімен таныстырып, бұл жерде 104 қария тұратындығын атап өтті. Департамент…
-
Бүгін, 2025 жылғы 06 мамырда Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілді
Бүгін, 2025 жылғы 06 мамырда Абай аудандық мәслихатында әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілді. ШЖҚ «Абай қаласының ауруханасы» КММ-нің материалдық-техникалық жай күйі мен жабдықталуы туралы Абай қаласы ауруханасы директорының орынбасары Т.С.Армиянов сөз сөйледі. Мәслихат депутаттары Б.Ш.Агзамов, Е.Ю.Сутягина, М.И.Жабяк акушерлік, педиатрия, аурухананы медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды көтеріп, оған баяндамашы жауаптар мен түсіндірмелер берді.…
-
ҚазҰУ «Батырларға тағзым» әскери-патриоттық шарасын өткізді
ҚазҰУ «Батырларға тағзым» әскери-патриоттық шарасын өткізді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай «Батырларға тағзым» әскери-патриоттық шарасын өткізді. ҚазҰУ-дың Әскери кафедрасы ұйымдастырған шараға университеттен шыққан соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері, Чернобыль оқиғасына қатысушылар, интернационалист-жауынгерлер арнайы шақырылды. Сонымен қатар университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты…
-
Бүгін Халықаралық мүгедек адамдардың құқықтары үшін күрес күні аясында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Халықаралық мүгедек адамдардың құқықтары үшін күрес күні аясында білім беру саласының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміні мамандарының, БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ Жақсы ауданы әкімінің мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөніндегі кеңесшісінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ олардың құқықтарын Жергілікті…
-
САРЫАҒАШ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ !
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат » атты салтанатты шара №5 Кеңес Одағының батыры Сыдық Ысмайылов атындағы мектепте ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ,ауданның ардагер ұстаздары, ардақты ақсақалдар, зиялы қауым мен ата-аналар қатысты. Салтанатты шара барысында Кеңес Одағының батыры…
-
Алматыда «Метрополитен» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі талқыланды
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Алматы қаласы әкімдігінің «Метрополитен» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы, сондай-ақ «Метрополитен» ШЖҚ КМК басшылығы мен ұжымы қатысты. Кездесу барысында бұрын…
-
СОҒЫС АРДАГЕРІ ҚҰРМЕТІНЕ ТАРИХ КАБИНЕТІН АШУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте тарихшы-ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР оқу ісінің үздігі Бейсекеев Берген Бейсекейұлы атындағы тарих кабинетін ашу салтанаты өтті. Аталған шараға Нұра ауданының әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы Кобжанов Нүркен Сайфитдинұлы, аудандық мекеме басшылары, мектеп ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ Берген Бейсекеевичтің ұрпақтары қатысты. Салтанатты жиында аудан…
-
Жақсы аудандық мәслихатының депутаты С. М. Әбішева “Мүмкіндігі шектеулі мектеп қызметкерлерін әлеуметтік қолдау” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Жақсы аудандық мәслихатының депутаты С. М. Әбішева “Мүмкіндігі шектеулі мектеп қызметкерлерін әлеуметтік қолдау” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/990983?lang=kk
-
Жергілікті атқарушы билік әскери бөлім қызметкерлерін марапаттады
7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы №5574 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Амриев, полковник Төлеген Шыныбеков арнайы қатысып, барша ел қорғау ісіне үлес қосып жүрген азаматтарды құттықтады. Басшы құрам халықтың мызғымас тыныштығы…
-
Польшаның Ұлттық мерекесі
2025 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Польша Республикасының Ұлттық мерекесі – 3 мамыр Конституциясы күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Польша арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын,…