Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

ДЖИУ-ДЖИТСУДАН МАРИАН ЖУРАВЛЕВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда. 63 келідегі Мариан Журавлева қола медаль үшін белдесуде Иордания спортшысы Майя Ишакатпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев (85 келі), Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48…
-

ХРОМТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Хромтау ауданы әкімінің өкімімен Абдиров Ербол Амангельдиевич Хромтау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ербол Амангельдиевич 1986 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Қазтұтынуодағының Ақтөбе кооперативтік колледжін, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған. Мамандығы – «Салық ісі», «Қаржы». Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппаратында іс жүргізу бағытында бастаған.…
-

Қарағанды облысының агросаласында ауқымды жобалар жүзеге асуда
Қарағанды облысында агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңірде суармалы егіншілік, сүтті мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау, сондай-ақ балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Баспасөз туры барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы жобалармен танысты. Баспасөз турына қатысушылар өндірістік қуаты кеңейтіліп жатқан кәсіпорындарды аралап, шикізат базасын қалыптастыру,…
-

Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Әзірбайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жарыс күнінің финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз Шерзод Давлатов -60 кг салмақтың ақтық сынында жергілікті палуан Ахмед Юсифовпен күресті. Бас жүлде жолындағы шиеленісті белдесуде Әзірбайжан өкілі басым түсті. Осылайша, Шерзод жарысты 2-орында аяқтады. Шерзод Давлатовтың бүгінгі…
-

Сағат 20:00-де барлық сайлау учаскелерінің есігі жабылып, учаскелік комиссия мүшелері әр кандидатқа берілген дауыстарды санауға кірісті. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Алмат Балтағарин: -Учаскелік комиссиялардың жұмысы күні бойы нақты әрі ұйымдасқан түрде, дауыс беру күнін өткізу бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілді. Заңнамада көзделген барлық рәсімдер сақталды. Комиссия мүшелері дауыс берудің ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етіп, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстарды санауға кірісті. Дауыстарды санау қорытындысы бойынша Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың нәтижелері анықталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1304446?lang=ru
-

АИЧИ-НАГОЯДА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты. Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды. Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958…
-

Алатау ауданында есірткі қылмысының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді
2026 жылғы 18 қыркүйекте Алатау ауданында есірткі қылмысының және есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара №152 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері, Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері, білім беру саласының мамандары, денсаулық сақтау ұйымдарының және наркологиялық қызметтің басшылары мен мамандары қатысты. Кездесу барысында мектеп оқушылары мен ұстаздарға есірткі заттарының адам денсаулығына…
-

Мұзтау етегіне шекара бекетінің модулі орнатылды
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік шыңы Мұзтау етегінде шекара бекетінің модулі салынды. Енді онда 4 щекарашы кезекшілік етеді. Ауданға жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов модульге барып көрді. Бұл Ресей елімен шекаралас аумақ. Осында Мұзтау шыңын бағындырғысы келген талай шетелдік турист келеді. Сондықтан шекара бекетінің модулін салудың маңызы зор.Онда бірнеше…
-

Шортанды ауданы әкімінің 2026 жылғы тұрғындармен тұрақты кездесуі
Жолымбет кентінде Шортанды ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан мен кенттің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді. Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері және жауапты мамандар қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстар айтылып, түрлі бағыттар бойынша сұрақтар қойылды.…
-

Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
2 қазан күні Шортанды ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан әкімі жәрмеңке жұмысының барысымен танысты. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылып, тұрғындарға ет, сүт өнімдері, көкөніс және басқа да азық-түлік тауарлары қолжетімді бағамен сатылды. Жәрмеңке барысында аудан әкімі кәсіпкерлермен және тұрғындармен тілдесіп, ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1304436?lang=ru
-

Халықаралық қарттар күніне орай Научный кентінде мерекелік іс-шара өтті
Халықаралық қарттар күніне орай Научный кентінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, кенттің ардақты қарттарына құрмет көрсетілді. Мерекелік шара барысында аудан әкімі – С. Шабаров қазыналы қарияларды айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Сонымен қатар, ауданның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді араласқан бірқатар ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысында…
-

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жолдың жаңартылған учаскесі ашылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің автожол желісін дамыту тапсырмасына орай Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары жолының 437-450 шақырым аралығындағы учаскесі пайдалануға берілді. Жолдың жаңартылған бөлігінің ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жоба 2025-2026 жылдары жүзеге асырылды. Жөндеу жұмыстарын «Строительная компания Зайсан» ЖШС атқарды. Ұзындығы 13 шақырым болатын…
-

Ақтөбеде ХХ жазғы Азия ойындарындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді
Жапонияда «Аичи–Нагоя 2026» XX жазғы Азия ойындары аяқталды. Құрлықтық дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 84 медаль — 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жеңіп алып, 46 елдің арасында 8-орынға ие болды. Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған болатын. Осылайша, ұлттық құрама үш сатыға жоғарылап, алтын медальдар санын арттырды. Қазақстан құрамасы сапында…
-

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына!
Белгілі себептерге байланысты 2026 жылғы 5 қазанында сағат 15. 00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының уақыты сағат 11.00-ге ауыстырылатынын хабарлаймын. Сессия қарауына «Ақмола облысының жекелеген санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде кепілдік берілген тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың қосымша…
-

Саясат Нұрбек STS Forum 2026 аясындағы ғылым және технологиялар министрлерінің дөңгелек үстеліне қатысты
Саясат Нұрбек STS Forum 2026 аясындағы ғылым және технологиялар министрлерінің дөңгелек үстеліне қатысты Киото қаласында 23-ші жыл сайынғы Science and Technology in Society (STS Forum) форумы аясында ғылым және технологиялар министрлерінің дөңгелек үстелі өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Кездесу барысында тиісті ведомстволардың басшылары мен өкілдері қоғамдағы, геосаяси кеңістіктегі және…
