Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Ақмола облысы агроөнеркәсіп кешеніне халықаралық серіктестерді тартуда
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов канадалық TELUS Agriculture & Consumer Goods компаниясының басшысы Крис Терриспен онлайн-кездесу өткізіп, онда тараптар өңірде етті мал шаруашылығын дамыту және ет кластерін қалыптастыру жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. Кездесуге облыстың жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. «Ақмола облысы еліміздің…
-

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2026 жылғы 26 маусымға сағат 10:00-де белгіленген Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының кезекті сессиясының бұрын жарияланған күн тәртібіне өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінен келесі сұрақтар алынып тасталды: «Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №128/16-VIII «Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №129/16-VIII «Астана…
-

ВИЦЕ-МИНИСТР ЕРБОЛ ТҰЯҚБАЕВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Сапар аясында вице-министр алдымен қаладағы Арнаулы кәсіптік колледжде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісімен танысты. Аталған білім ордасында мүмкіндігі шектеулі жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда колледжде бірнеше бағыт…
-

КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы қаладағы Жастар саябағында өтіп, оған қала әкімі Жандос Тасов, бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, жастар мен белсенді тұрғындар қатысты. Сенбілік барысында саябақ аумағы күл-қоқыстан тазартылып, қураған шөптер орылды, ағаштар мен жасыл желектердің айналасы ретке келтірілді. Қатысушылар қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз…
-

ШҚО-да полиция заңсыз әрекеттің жолын кесті: жәбірленушіге бірнеше миллион теңге көлемінде шығын келтірілген
ШҚО-да полиция заңсыз әрекеттің жолын кесті: жәбірленушіге бірнеше миллион теңге көлемінде шығын келтірілген Шемонаиха қаласында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтаған. Ол танысынан ақша қаражаты мен мүлкін күш көрсету арқылы иемденді деген күдікке ілінді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп…
-

Есіл контрреттегішінің құрылысы 2027 жылы басталады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Есіл контрреттегішін салу жобасын іске асыруға арналған көшпелі кеңес өткізді. Өткен жылдың қазан айында жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Контрреттегіштің жалпы сыйымдылығы 873 млн текше метрді құрайды, ал бөгеттің ұзындығы 3,4 шақырымнан асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарлануда. Контрреттегіш Есіл өзенінің…
-

КЕНТАУҒА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІм
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары жұмыс сапарымен Кентау қаласына келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Іссапар барысында халық қалаулылары алдымен Хантағы ауылындағы Үсенбаев көшесінде салынып жатқан көпір құрылысына барды. Биыл бастау алған жоба 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған көпір ауылды «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығына апаратын…
-

«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды
Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты. Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және…
-

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
2026 жылғы 17 маусымда аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Шал ақын ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128-бабына сәйкес сессияда депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2025 жылғы аудандық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы» есебін қарады. Осы мәселе бойынша сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Е. Қарабеков сөз…
-

КЕНТАУЛЫҚ АМАНГЕЛДІ ӘСЕЛ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
1–13 маусым күндері Испанияның Аликанте қаласында өткен әлем чемпионатында Амангелді Асел 20 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтың блиц түрінен күміс жүлдегер атанып, рапид түрінен алтын медаль иеленді. Сонымен қатар стандартты шахматтан Әлем чемпионы атанды. Шахмат тренері: Шотаев Асхат Есенбекұлы Естеріңізге сала кетейік, Асел – Қазақстан және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Міне, енді әлемді де бағындырып…
-

Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді. Негізгі назар көлік құралын мас күйде басқару, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың өзге де деректерін анықтауға аударылды. Құқық бұзушылар Қазақстан…
-

Жетісудағы Алакөл жағалауында тәулігіне 6,5 мың текше метр су тазарта алатын кәріз тазарту қондырғысы салынып жатыр
Жетісудағы Алакөл көлінің жағалауында кәріз тазарту құрылысының ІІ кезегі іске асырылуда. Бұл жобалық қуаты жағынан еліміздегі ірі жобалардың бірі деуге болады. Қондырғы тәулігіне 6,5 мың текше метр су тазартуға қабілетті болмақ, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, кәріз жүйесін салу жұмыстары 2022 жылы басталған. Атап өтсек, бұл нысан болашақта кәріз суын тазалаудан…
-

2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 17 маусымда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру,…
-

КЕНТАУДА САҚ МӘУЛЕНҚҰЛОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
Кентау қалалық орталық кітапханасында өмірі өнегеге, еңбегі ерлікке толы тау-кен саласының ардагері, Кентау қаласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға Сақ Мәуленқұловтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. Сақ Мәуленқұлов – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КОКП-ның ХХІV және ХХVІ съездерінің делегаты, Еңбек Қызыл Ту және тәуелсіз Қазақстанның «Отан» ордендерінің иегері,…
-

Cырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап шықты. Алдымен Президент саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын көрді.Заманауи демалыс аймағында субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол мен футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан.Мұнда 15 түрлі 2018 түп ағаш көшеті, 16 түрлі 53 189 түп бұта және 17…
