Санат: Алматы
-
Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция департаменті қызметкерлерінінң қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиевтің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Іс-шара барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа нормаларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Кездесу…
-
Халықаралық көлік бағыттарының қауіпсіздігі, коммуникациялар мен логистика – Қазақстан мен Чехия ынтымақтастығының басты назарында
Прага, 2026 жылғы 23 шілде – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Чех Республикасының Көлік министрі Иван Беднарикпен кездесуі барысында көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды. Тараптар Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиштің Қазақстанға жуырда жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелеріне ерекше…
-
Қайтарылған активтер – балалар игілігіне
Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде қайтарылған активтер есебінен жаңа тұрғын үй корпусы салынды. Заманауи ғимарат 300-ден астам тәрбиеленушіге қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асуына үлес қосқан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Шымкент қаласының прокуратурасына және қала әкімдігіне интернат ұжымы мен тәрбиеленушілері алғыстарын білдірді. Қайтарылған активтер – балалардың болашағына! …
-
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді
Астана қаласы Алматы ауданының пробация қызметі қызметкерлерінің бастамасымен волонтерлік қызмет аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға азық-түлік себеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл игі іс азаматтарды қолдауға, олардың қоғамға бейімделуіне және қайта әлеуметтенуіне ықпал етуге бағытталған. Қайырымдылық пен жанашырлық – қоғамдағы өзара сенім мен бірлікті нығайтатын маңызды құндылықтар. Осындай игі…
-
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату…
-
Бақылаудың толықтығын сақтай отырып рәсімдерді жеделдету басымдық болып қала береді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Артем Анатольевич Абильдиновпен сұхбат Артем Анатольевич, 2026 жылы кедендік реттеу саласында қандай негізгі өзгерістер күшіне енді және олардың қайсысы азаматтар мен бизнес үшін неғұрлым айқын байқалады? А.А. Абильдинов: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ЕАЭО шеңберінде электрондық сауда тауарлары жеке санатқа бөлінді. Бажсыз лимит 200…
-
Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы
Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 29 шілде күні сағат 10:00-де Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы сағат 11:00-де Сарыағаш ауданы әкімдігінің үлкен…
-
Кезектен тыс аттестация өткізу туралы
Астана қаласының ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы жылдың 26 наурызындағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациялау ережелерін бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) аясында кезектен тыс аттестация өткізу туралы хабарлайды.Мақсаты – қызметкерлерді жоғары басшылық лауазымдарға ілгерілету бойынша жақындағы тоқсанға кадрлық жоспарлау жүргізу.ІІМ-нің 2025 жылғы 28 шілдедегі №556…
-
Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы
24 шілдеде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы жұмысын бастады. Іс-шара аясында ҚР РФ-ғы Елшісі Дәурен Абаев өңір губернаторы Виталий Хоценкомен кездесті. Тараптар Форумның іскерлік бағдарламасын талқылап, оның қорытындылары өнеркәсіптік кооперация мен саудадан бастап білім, ғылым және мәдениетке дейінгі барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Жоспарланып отырған бірқатар…
-
Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 23–24 шілде аралығында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдерімен бірлесіп, алдағы уақытта Ұлттық ұланның Аршалы кентінде орналасқан әскери бөлімінің әскери қызметшілерін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарамағына беру мәселесіне байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара барысында әскери қызметшілерге Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет өткеру тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер, ақшалай қамтылуы, тұрғын үй…
-
Шымкентте «Toyota» және «Lexus» тауар белгілері бар контрафактілік мотор майын заңсыз сатудың жолы кесілді
Шымкент қаласының Әділет департаменті «Toyota» және «Lexus» тауар белгілері құқық иеленушілерінің ресми өкілінің өтініші негізінде мотор майын ауыстыру пункттерінің бірінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында аталған тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Атап айтқанда, контрафактілік өнімді сақтау, сатуға ұсыну және өткізу фактілері белгіленді. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құқық иеленушілердің тауар белгілері заңсыз қолданылған…
-
Қазақстандағы бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына 24 мыңға жуық адам қатысты
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екі кезеңі шеңберінде еліміздің барлық өңірінде бұлақтар мен су айдындарының жағалауларын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Акцияның алғашқы кезеңі биыл 23 наурызда, екінші кезеңі 11 шілдеде өтті. Нәтижесінде Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,…
-
Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі…
-
Қарағандыда әйелдің пәтерінен 2 миллион теңгеден астам сомаға алтын бұйымдар ұрланды
Қарағанды қаласының тұрғыны үшін әдеттегі түскі үзіліс жағымсыз оқиғамен аяқталды. Үйіне оралған 38 жастағы әйел алтын әшекейлерінің жоғалғанын байқап, бірден полицияға жүгінген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 2 миллион теңгеден асқан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, күдікті оқиға орын алардың алдында…
-
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА БАСТАЛДЫ
Абай облысында «Цифрлық еріктілер» жобасы іске қосылды. Бастаманың мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға практикалық көмек көрсету. Әсіресе аға буын өкілдері мен ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуге басымдық беріледі. Жоба аясында еріктілерге арнайы практикалық тренинг ұйымдастырылды. Оқыту барысында қатысушылар 109 байланыс орталығының жұмысы, ақпараттық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу…
