Санат: Алматы
-

Бір таңдау – ортақ жауапкершілік Қазақ күресінен Азияның үш дүркін, Әлемнің екі дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Райымбек және Кеген аудандарының Құрметті азаматы Тәліп Бауыржан және аудан спортшылары өз таңдауларын жасады. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын білдірген спортшыларға алғысымызды білдіреміз. Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1279654?lang=ru
-

🛡️ Қылмыстан, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану
🛡️ Қылмыстан, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғануҚылмыстың кез келген түрі қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарына қауіп төндіреді. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның ар-намысына, денсаулығына және өміріне зиян келтіретін құқық бұзушылық.Ешбір адам зорлық-зомбылыққа төзуге міндетті емес. Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына немесе тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Уақытылы көрсетілген көмек…
-

Алматыда БҰҰ бітімгерлеріне арналған халықаралық курс өтіп жатыр
Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты бес күндік халықаралық курс өтіп жатыр. Курсқа қатысушылар қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау ерекшеліктерін, соның ішінде әйелдер, балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жөніндегі 1325 қарарын іске асыруға, әйелдердің…
-

Мемлекет басшысы қолынан «Шапағат» медалін алған павлодарлық ұстаз
Павлодар қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Әмзеев Олжас Бекенұлы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды. Бұл – дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, олардың ғылыми ізденісіне бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз еңбегінің жоғары бағалануы. Олжас Бекенұлының жетекшілігімен шәкірттері соңғы жылдары республикалық және халықаралық деңгейде үздік нәтижелер көрсетіп келеді. IBO-2026 халықаралық…
-

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 28 тамызда өтеді
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 28 тамызда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді». Акция Шымкент қаласында «Арбат» гүлзарында (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2026 жылы 28 тамыз сағат 16.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың…
-

Елордалық желаяқ Орталық Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Виктория Ан екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Қазақстандық атлет 100 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанды. Виктория қашықтықты 11,85 секундта еңсеріп, осы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеді. Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова 11,92…
-

Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
«Уран банкі» тіркесі ерекше болып көрінуі мүмкін, тіпті сақ болуға мәжбүр етеді. Алайда, әңгіме ядролық отын өндірісі немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау туралы болып отырған жоқ. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында ерекше жағдайларда, атом электр станциялары үшін отын жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған ядролық материалдың халықаралық резерві – МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі орналасқан. Бұл…
-

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві акция өткізу туралы
2026 жылғы 25 тамызда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивтің архивисті Шокутбаева О.Е. аудандық орталықтың тұрғындары мен қонақтары арасында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі туралы брошюраларды тарату бойынша акциясын өткізді. Акция барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес берілді, мемлекеттік қызметті алу тәртібі,…
-

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура жолдағы жаңа ережелер мен жауапкершілікті еске салады
Жыл сайын Қазақстан жолдарында электрсамокаттар, мопедтер, велосипедтер және басқада жеке мобильділік құралдарының саны артып келеді. Олардың танымалдығының өсуімен қатар, осы көлік түрлерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейіп отыр. Жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 33 адам қаза тауып, тағы 461 адам жарақат алған. Велосипедшілердің кінәсінен 169, шағын электр…
-

“Жаңа Конституция”
Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекетіміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуын айқындайтын аса маңызды құқықтық негіз. Негізгі Заңның қабылдануы — мемлекеттілікті нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тарихи оқиға. Конституцияда бекітілген заңның үстемдігі, әділдік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарының маңызы ерекше. Әрбір азаматтың заңды сақтауы және мемлекеттік…
-

Құрылтай сайлауының қорытындысы: мандаттар қалай бөлінді
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады. Нәтижесінде бес пайыздық шекті еңсерген бес партия жаңа бір палаталы Парламент құрамына өтті. Қазақстанның Құрылтайы партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайланған 145 депутаттан тұрады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, мандаттар төмендегідей бөлінді: «Әділет» – 110 мандат; «Ауыл» – 10; Respublica – 9; «Ақ жол» – 8;…
-

Неліктен мүгедектік көбінесе 1 жылға белгіленеді?
Жиі қойылатын сұрақтардың бірі: неліктен мүгедектік тек бір жылға белгіленеді? Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде диагноздың болуы емес, ауру, жарақат немесе ақау салдарынан туындаған дене функцияларының тұрақты бұзылуы және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі бағаланады. Адамның денсаулық жағдайы өзгеруі мүмкін. Емдеуден, операциядан немесе оңалтудан кейін дене функциялары толығымен немесе ішінара қалпына келуі мүмкін, бұрынғы деңгейде сақталуы мүмкін…
-

ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІКТЕ! 🗳️ Бүгін 558 сайлау учаскесінде маңызды қоғамдық іс-шара өз деңгейінде өтіп жатыр. Ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, азаматтардың белсенділігі артып, өз таңдауын білдіруде. Осы маңызды күнде Кеген ауданы әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы 558 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Кеңес Күнесбайұлының сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі — ел болашағына деген жауапкершіліктің, азаматтық белсенділіктің және қоғамдық маңызды шараларға деген құрметтің көрінісі. Әрбір азаматтың таңдауы — ел дамуының маңызды қадамы. Бірлік пен ынтымақты ту еткен халқымыздың жарқын болашағы үшін әр дауыс маңызды. ✨ Ел ертеңі — бүгінгі таңдауымыздан басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1279648?lang=ru
-

Астаналық педагог «Таза Қазақстан» идеясын шығармашылығымен дәріптеп жүр
Астана қаласындағы №33 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мухамеджанов Әлімжан «Таза Қазақстан» жобасын қолдап, мектеп аумағын көркейтуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қолынан түрлі өнер келетін шебер ұстаз мектеп қабырғасына «Таза Қазақстан» идеясын бейнелейтін сурет салып, пайдалануға жарамсыз пластик бұйымдардан сәндік ағаштар жасап, білім ордасын ерекше шығармашылық кеңістікке…
-

ІІМ: Елімізде жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды
Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында елімізде 4,5 мың есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Сонымен…
