Санат: Алматы
-

Накасонэ бейбітшілік институтында Орта державалардың өсіп келе жатқан рөлі талқыланды
Токио, 20 сәуір 2026 ж. – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев “Накасонэ бейбітшілік институтының” Президенті, Жапония Парламентінің депутаты Хирофуми Накасонэмен кездесу өткізді. Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттаушыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анталия дипломатиялық форумында ұсынған әлемдік қоғамдастық алдында тұрған негізгі үрдістер мен сын-қатерлерге қатысты көзқарасымен және БҰҰ-ны реформалау жөніндегі ұсыныстарымен таныстырды. Кездесу барысында ағымдағы жылғы 23 сәуірде…
-

«Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026»…
-

Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Халықтану және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысты
Нью-Йорк, 2026 жылғы 17 сәуір – 13-17 сәуір аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясы өтті. БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясы – мемлекеттер мен халықаралық сарапшылар ауқымды демографиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік саясатты жүргізу және жалпыға ортақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіретін жаһандық алаң. Биылғы сессияның басты тақырыбы:…
-

Облыс әкімі апатты асхана мәселесін шешуді тапсырды
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды.Мектепте 210 бала оқиды, оның ішінде ауылдық жерлерден келген 150 оқушы интернатта тұрады. Мектеп теңгерімінде оқу корпусы, асхана, интернат және гараж бар. 2024 жылы облыстық бюджет есебінен интернат ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары…
-

2026 жылғы 15 сәуірде Астана қаласында «Қоғам трансформациясы жағдайында діни саланы басқару: тәуекелдер, басқарушылық шешімдер және тиімділік» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, өңірлік дін істері басқармаларының басшылары, сондай-ақ қарасты ұйымдардың директорлары қатысты. Жиын барысында:* діни саладағы заманауи сын қатерлер мен тәуекелдер* мемлекеттік саясатты жетілдіру тетіктері* ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі* ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері…
-

Алаяқтардың жаңа айла-тәсілі: қаскөйлер енді телефон жады толып кеткенін айтып, жалған хабарлама таратады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер…
-

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық күшейтілді
Қонаев қаласында шомылу маусымына дайындық мәселелері бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастамасымен қала прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы және жедел-құтқару жасағының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы жазғы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын күшейту болды. Осыған байланысты қатысушылар бірлескен рейдтік іс-шараларды…
-

Шаршаудан биік — қызметтік борыш
Ұзақ жұмыс күнінен кейін әр адам үйіне оралуды армандайды. Жақындары күтіп отырған, тынығып, отбасыңмен бірге кешкі ас ішіп, бой жазатын сол бір жылы ортаға жетуді қалайды. Осындай оймен Панфилов аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Айдын Башен де кешкі уақытта қызметін аяқтап, үйіне қайтуға қамданған еді. Сағат шамамен түнгі он бірлерде ол такси шақырып,…
-

Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудың арқасында импортқа тәуелділікті азайтып келеді
Қазақстанда елішілік құндылық үлесін арттыру және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы жұмыстаржүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде депутат Бауыржан Смағұловтың төрағалығымен өткен тақырыптық отырыста мәлімдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 32,7 трлн теңгені құрады. Соның ішінде елішілік…
-

Инвестиция – экономиканың дамуына бағытталған нақты жоспар
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, инвестиция нақты мақсат пен сұранысқа сай бағытталуы тиіс. Қаржыны тиімді бөлу – өндірісті күшейтіп, экономиканың тұрақты дамуына жол ашады. Мұндай тәсіл елдегі жаңа жобалардың жүзеге асуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1204817?lang=kk
-

«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері қаралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1204819?lang=kk
-

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының өкімімен Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Жандарбеков Олжас Болатханұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ұжым мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Олжас Болатханұлы 1989 жылы 19 мамырда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. 2011 жылы М.Әуезов…
-

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді. Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған. Олардың көмегімен…
-

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесті
Тбилиси, 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Түркия Республикасының Грузиядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мустафа Тюркер Арымен кездесу өткізді. Кездесудің басында қазақстандық дипломат түркиялық әріптесін жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған Грузиядағы дипломатиялық миссиясында табыс пен нәтижелі жұмыс тіледі. Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік…
-

Тәртіпті 24/7 бақылауда: бейнебақылау камералары құқықбұзушылықтарды қалай анықтайды
Күн сайын, үзіліссіз және демалыссыз, тәулік бойы Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Олардың объективтері қалалар мен елді мекендердегі барлық жағдайды — ұсақ құқықбұзушылықтардан бастап аса күрделі оқиғаларға дейін — үздіксіз тіркеп отырады. Бүгінде заманауи технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сенімді құралына айналды. Зияткерлік бейнебақылау жүйелері арқылы полиция қызметкерлері қоғамдық…
