Санат: Алматы
-

№12 мекемесінде өндірістік объектіні ашу мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесі аумағында жаңа өндірістік нысанды ашуды бастамашылық еткен кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аталған жобаны іске асыру сотталғандарды жұмыспен қамтуды көздейді, бұл олардың еңбек қызметіне тартылуын арттырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың тиімді ресоциализациялануына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204889?lang=kk
-

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесіне «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесіне «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, Қоғамдық қордың басшылығы мен мамандары, сондай-ақ ұйымның волонтерлері кірді. Сапардың мақсаты — сотталғандардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, моральдық қолдау көрсетуге және ұстау…
-

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінде сотталғандармен тәрбие және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекемеде сотталғандармен күнделікті тәрбие және психологиялық бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жасақ бастықтары мен психолог мамандар сотталғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелік мәні бар түсіндіру әңгімелерін және рухани-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты — сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, оларды заңға бағынатын қоғам мүшесі ретінде…
-

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесінде сотталғандарға патриоттық бағыттағы фильмдер көрсетілді
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандармен тәрбие жұмысы шеңберінде «Томирис» және «Жау жүрек мың бала» көркем фильмдері көрсетілді. Іс-шаралар идеологиялық, патриоттық және адамгершілік-тәрбиелік бағыттағы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Фильмдерді көрсету сотталғандар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, тарихи мұраға құрмет сезімін арттыруға және адамгершілік тәрбиені нығайтуға бағытталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204896?lang=kk
-

№10 мекемеде цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемеде сотталғандарды еңбекке тарту мен цифрландыруды біріктіретін пилоттық жоба іске қосылды. Жоба ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің қолдауымен, 2026 жыл — «Цифрландыру жылы» аясында жүзеге асырылуда. Мекемеде цифрлық интернет-сауда жүйесі енгізіліп, тапсырыстар арнайы терминалдар арқылы қабылданады, төлемдер қолма-қолсыз жүргізіледі және…
-

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандар арасында шығарма жазу байқауының бірінші кезеңі өтті.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандар арасында шығарма жазу байқауының бірінші кезеңі өтті. Іс-шара аясында қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша I, II және III орын иегерлері анықталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204901?lang=kk
-

Накасонэ бейбітшілік институтында Орта державалардың өсіп келе жатқан рөлі талқыланды
Токио, 20 сәуір 2026 ж. – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев “Накасонэ бейбітшілік институтының” Президенті, Жапония Парламентінің депутаты Хирофуми Накасонэмен кездесу өткізді. Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттаушыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анталия дипломатиялық форумында ұсынған әлемдік қоғамдастық алдында тұрған негізгі үрдістер мен сын-қатерлерге қатысты көзқарасымен және БҰҰ-ны реформалау жөніндегі ұсыныстарымен таныстырды. Кездесу барысында ағымдағы жылғы 23 сәуірде…
-

«Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026»…
-

Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Халықтану және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысты
Нью-Йорк, 2026 жылғы 17 сәуір – 13-17 сәуір аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясы өтті. БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясы – мемлекеттер мен халықаралық сарапшылар ауқымды демографиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік саясатты жүргізу және жалпыға ортақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіретін жаһандық алаң. Биылғы сессияның басты тақырыбы:…
-

Облыс әкімі апатты асхана мәселесін шешуді тапсырды
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды.Мектепте 210 бала оқиды, оның ішінде ауылдық жерлерден келген 150 оқушы интернатта тұрады. Мектеп теңгерімінде оқу корпусы, асхана, интернат және гараж бар. 2024 жылы облыстық бюджет есебінен интернат ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары…
-

2026 жылғы 15 сәуірде Астана қаласында «Қоғам трансформациясы жағдайында діни саланы басқару: тәуекелдер, басқарушылық шешімдер және тиімділік» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, өңірлік дін істері басқармаларының басшылары, сондай-ақ қарасты ұйымдардың директорлары қатысты. Жиын барысында:* діни саладағы заманауи сын қатерлер мен тәуекелдер* мемлекеттік саясатты жетілдіру тетіктері* ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі* ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері…
-

Алаяқтардың жаңа айла-тәсілі: қаскөйлер енді телефон жады толып кеткенін айтып, жалған хабарлама таратады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер…
-

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық күшейтілді
Қонаев қаласында шомылу маусымына дайындық мәселелері бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастамасымен қала прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы және жедел-құтқару жасағының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы жазғы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын күшейту болды. Осыған байланысты қатысушылар бірлескен рейдтік іс-шараларды…
-

Шаршаудан биік — қызметтік борыш
Ұзақ жұмыс күнінен кейін әр адам үйіне оралуды армандайды. Жақындары күтіп отырған, тынығып, отбасыңмен бірге кешкі ас ішіп, бой жазатын сол бір жылы ортаға жетуді қалайды. Осындай оймен Панфилов аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Айдын Башен де кешкі уақытта қызметін аяқтап, үйіне қайтуға қамданған еді. Сағат шамамен түнгі он бірлерде ол такси шақырып,…
-

Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудың арқасында импортқа тәуелділікті азайтып келеді
Қазақстанда елішілік құндылық үлесін арттыру және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы жұмыстаржүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде депутат Бауыржан Смағұловтың төрағалығымен өткен тақырыптық отырыста мәлімдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 32,7 трлн теңгені құрады. Соның ішінде елішілік…
