Санат: Алматы
-

«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»
Медицина қызметкері күні қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне 30 жылдан астам еңбек жолын арнаған Май ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бекмұханбетова Гүлзира Қазбекқызына алғысымызды білдіреміз. Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар медициналық училищесін «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Оның кәсіби…
-

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өкілдері мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі делегациясының екіжақты кездесуі өтті
Анықтама ретінде: Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ведомство зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға және зияткерлік еңбек нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдеседі. Кездесуге корей тарапынан Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігінің Зияткерлік…
-

5000-ға жуық фермер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру алды
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына арналған қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында басталды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 637 млрд теңгені құрайтын 5307 өтінім қабылданды. Соның ішінде ауыл…
-

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі
Мәслихат отырысында атмосфералық ауа сапасын бақылауға арналған 20 мобильді экологиялық станция сатып алу мәселесі қаралды. Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Алматыда 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Алайда олар қаланың барлық ауданын толық қамтуға және ластану көздерін жедел анықтауға мүмкіндік бермейді. Осы мәселені шешу мақсатында 20 мобильді экологиялық станция сатып алу…
-

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту жобалары талқыланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне арнайы келген танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымды қабылдады.Кездесуде аймақ басшысы өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тарихи-мәдени мұраларды әлемге таныстырудың маңызын атап өтті.– Ең алдымен, тарихы терең, бірлігі бекем Сыр өңіріне қош келдіңіз! Қызылорда облысы – ежелгі өркениеттердің ізі сақталған киелі мекен. Сыр бойындағы көне қалалар, тарихи…
-

Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары»
2026 жылы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР ҰКП «Атамекеннің» Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастырады. Байқау отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сапасын арттыруға және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетуге бағытталған маңызды алаңдардың бірі. Оның…
-

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын ілгерілету шеңберінде Халықаралық орталық пен Иерусалим конфессияаралық орталығы ынтымақтастық жолдарын талқылады
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Иерусалим конфессияаралық орталығы келіссөздер өткізіп, екі елдің еврей және мұсылман қауымдастықтары мен академиялық ортасы арасындағы байланыстарды нығайту және ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Иерусалим конфессияаралық орталығының бас директоры, раввин, доктор Ахарон Ариэль Лави ұйым қызметін таныстырды. Орталықтың жұмысы үш негізгі бағытқа бөлінген: академиялық зерттеулер, білім беру бағдарламалары және діни дипломатия. Раввин…
-

Судья кадрларын даярлау: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде судья кадрларын даярлау жүйесін жаңғыртуға арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты: Академия ректоры Қанат Мусин, Азаматтық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Руслан Сұлтанов және профессор Ержан Егембердиев. Спикерлер судьяларды даярлаудың қолданыстағы жүйесі, сот білімін жетілдірудің негізгі…
-

Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді
2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Еске сала кетейік, аталған пилоттық жоба Қазақстанда 2023 жылдан бастап іске асырылуда. Экспериментке «Қазпошта» АҚ, «DHL International Kazakhstan» ЖШС және жеке тұлғаларға тауар жеткізетін басқа да операторлар қатысты. Бүгінгі күнге дейін жеке…
-

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісіп бекітті:
Абышев Рустем Нуржанович «Банк ЦентрКредит» Банкі АҚ Атқарушы органының мүшесі, тәуекелдерді басқару жөніндегі Вице-президенті лауазымына келісілді (05.06.2026 ж. №41/БВУ/Т хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1238596?lang=ru
-

ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ!
2026 жылдың 9 маусымы күні Индер аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.Кезекті сессияда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н. Бисембиев жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды болып табылатын 2025 жылғы Индер ауданы бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасап, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, атқару бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-revkom/press/news/details/1238597?lang=ru
-

“AdiletGOV” мобильді қосымшасын пайдаланудың нұсқаулығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1238598?lang=ru
-

БҚО-да шомылуға арналған 34 орын белгіленіп, су айдындарында бақылау күшейтілді
Батыс Қазақстан облысында шомылуға арналған 34 жағажай аймағы белгіленген. Оның ішінде 13-і коммуналдық, 21-і жекеменшік жағажай. Оқушылардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүзу дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс аумағында 5 жабық бассейн және 34 модульдік қаңқалы бассейн жұмыс істейді. Демалуға және шомылуға арналмаған қауіпті су айдындары учаскелерінде 387 тыйым салу белгісі мен 81…
-

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай келді. Сапар барысында ол өңірдегі әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметімен танысып, тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Шортанды ауданында вице-министр Жолымбет кентіндегі 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, сондай-ақ Дамса ауылындағы қарттар…
-

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді
Алматы мәслихатының сессиясында 2026 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жобасы қаралды. Қалалық Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша қаражатты қаланың әлеуметтік, көлік, спорт және туристік инфрақұрылымын дамытуға бағыттау жоспарланып отыр. Білім беру саласында Әуезов ауданындағы Ақсай-2 шағынауданында орналасқан №42 мектепті қайта жаңғырту және қазіргі №158 мектептің орнына жаңа мектеп салу жұмыстары басталады.…
