Санат: Алматы
-

Құрметті қала тұрғындары!
Ертең, 24 шілде күні сағат 09:00-де өтетін жәрмеңкеге келіп, сапалы азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алыңыздар. Жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Жәрмеңке тауарлары нарықтағы бағадан 20-30 пайыз қолжетімді арзандатылған бағада ұсынылады. Түркістан қаласы, Сауран секторы, 1 м/ а, “Ататүрік” мектебінің автотұрағы Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі…
-

Шілденің шуағы – Түркістанның шырайын ашады😍
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262891?lang=kk
-

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді 24 шілде күні сағат 20:00-де «Керуен-сарай» туристік кешенінде өтетін жалпықалалық Open Air концертіне шақырамыз. Кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары Баянсұлу мен Садраддин өнер көрсетіп, мерекелік бағдарламаның соңы әсерлі дрон-шоумен жалғасады. Өтетін орны: «Керуен-сарай» туристік кешені 24 шілде | 20:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262892?lang=kk
-

ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында госпитальдық фармация бөлімшелерін енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасуда. Бұл жүйе дәрілік заттарды тиімді басқаруға, олардың қауіпсіз әрі ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Бұған дейін қаладағы 8 медициналық ұйымда госпитальдық фармация бөлімшелері жұмыс істеп келген болса, бүгінде тағы 3 медициналық ұйымда жаңа бөлімшелер ашылды. Алдағы уақытта тағы бір…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА МАГИСТРАЛДЫ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағында жүргізіліп жатқан магистралды ауыз су құбырларын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдерінің атқарған жұмыстарын саралады. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш қаласы мен…
-

Қазақстан Safest Countries for Investors 2026 тізімінде
Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты инвестициялық нарық ретіндегі өз айқындамасын үнемі нығайтып келеді. Мамыр айындағы Safest Countries for Investors 2026 рейтингісіне сәйкес, республикамыз 70-ші орынды иеленген 2025 жылдың қазан айымен салыстырғанда өз айқындамасын айтарлықтай жақсартып, 150 мемлекеттің ішінде 53-ші орынға ие болды. Бұл нәтиже елдің экономикалық тұрақтылығына және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, институттарды дамыту және…
-

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды
Астанада 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды. Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен…
-

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласында «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкері және жеке сот орындаушысы қатысып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қарыздық міндеттемелерді орындау, атқарушылық іс жүргізу, берешекті өтеу тәртібі, борышкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қарыздың алдын…
-

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ – ОТАНДЫҚ БРЕНДТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ!
Шымкент қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтіп, оған 120-дан астам жергілікті тауар өндіруші қатысты. Көрмеде тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және басқа да салалардағы кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тхангал бастаған…
-

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық цирк өнері фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы фестиваль әлемнің әр түкпірінен келген цирк артистерін, режиссерлерді, продюсерлер мен сала сарапшыларын бір алаңға жинады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты. Фестиваль халықаралық баспасөз конференциясымен басталды. Оған қазылар алқасының төрағасы, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов, қазылар алқасының мүшелері, Ресей,…
-

Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің Венадағы отырысында КҚК терминалы маңындағы мұнай танкерлеріне жасалған жуырдағы шабуылдарды айыптады
2026 жылғы 23 шілде, Вена – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған жуырдағы шабуылдарды қатаң айыптады. Қазақстан ел мұнай экспортының шамамен 90 пайызы тасымалданатын КҚК-ның стратегиялық…
-

⚜️ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА Жылжымалы медициналық кешен – ауыл халқына қолжетімді медициналық көмек
🔹Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Орталық көпсалалы ауруханасының жылжымалы медициналық кешені (ЖМК) Жаңаарқа ауданының шалғайдағы елді мекендерінде (Айнабұлақ, Қарағаш, Кенжебай-Самай, Түгіскен, Ақбастау, Ералиев, Манадыр, Ақтүбек, Атасу және т.б.) көшпелі медициналық қызмет көрсетеді. Аталған елді мекендер аудан орталығынан едәуір қашықтықта (165 км-ге дейін) орналасқан. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап ЖМК облыстың Ұлытау ауданы тұрғындарына да қызмет көрсетуде.…
-

Каратэ: Қос отандасымыз Жапониядағы беделді турнирде сәтті өнер көрсетті
Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді «Чемпиондардың чемпионы TOP-9» халықаралық жарысында Қазақстан командасы 2 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші…
-

Елімізде жазғы туристік маусым қарқын алып келеді
Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін мемлекет туристік инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Алакөлде көлік жолдары жаңартылып, қосымша теміржол және әуе рейстері ашылды. Жағалау бойына 100 қоқыс контейнері, 40 киім ауыстыру кабинасы, жаңа құтқару мұнаралары мен биодәретханалар орнатылып, пирс жабдықталды. Сондай-ақ жаңа құтқару станциясы пайдалануға берілді. Абай облысы жағалауында құтқару станциясы, медициналық…
-

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі инженерлік инфрақұрылым нысандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді.✔️Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары, ауылдық округ әкімі, мердігер ұйым және техникалық қадағалау өкілдерімен бірге табиғи газ және ауыз су инфрақұрылымына қатысты жобалардың іске асырылу барысын қарады.✔️Алдымен Шұбарсу елді мекенін табиғи…
