Санат: Алматы
-

Ұлттық спорт күні кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып, жаңа атшабарда өткізді.
Ұлттық спорт күні кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып, жаңа атшабарда өткізді. Мерекелік бағдарлама қазақ халқының бай мәдени мұрасын айшықтайтын ұлттық спорт түрлерімен өрбіді. Атап айтқанда, теңге ілу (қала біріншілігі), аударыспақ (қала біріншілігі), қазақ күресі (жастар арасында түйе палуан), асық ату (қала тұрғындары арасында), бес асық (қала…
-

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5% деп бағаланады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады. Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион…
-

Киіз үйде кие бар
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, табиғат пен адамзаттың үндестік табатын ұлы мерекесі. Осындай керемет күннің сән-салтанатын арттырып, алаңдарда ақ шаңқан киіз үйлер тігілгенде қазақылықтың иісі аңқып, ұлттық рухтың асқақтай түсетіні анық. Киіз үйдің әрбір бөлшегінде терең мән жатыр. Көк күмбезіндей шаңырақ – аспанмен тілдескен қасиетті белгі, ұрпақ сабақтастығының символы болса, уық пен кереге – елдің…
-

20 наурыз- ұлттық спорт күніне орай “Рауан” мәдениет үйінде нағыз батырлар додасы өтті.
Күш, төзімділік және жеңіске деген құштарлық. Жігіттер алаңда барын салды. Кім мықты? Кім жылдам? Эмоцияға толы сәттерді бірге тамашалайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186462?lang=kk
-

Ақмола облысының аумағында Ресей Федерациясының қылмыскері ұсталды
“Мигрант” жедел – алдын алу іс-шарасы шеңберінде Бұланды ауданының аумағында полиция қызметкерлері 2023 жылғы қарашадан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген көрші елдің азаматын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажетті тергеу рәсімдері жүргізілуде. “Мигрант” жедел – профилактикалық іс-шарасы өңір аумағында 17 наурызда басталды. Оның мақсаты-шетелдік азаматтар мен қазақстандықтар тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау…
-

Жанашыр ұстаз Мария Бедринаға ерекше құрмет көрсетілді
Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен салтанатты жиында жуырда болған ақтүтек боранда ерекше ерлік көрсеткен ұстаз Мария Бедринаға ерекше құрмет көрсетілді. ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздың кеудесіне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін тақты. Естеріңізге сала кетсек, Мария Бедрина боранда қар құрсауында қалған автоколоннаға жол көрсету үшін төрт шақырымдай жаяу жүріп, адасып қалған азаматтарды қауіпсіз…
-

«Digital Nauryz» цифрлық жобалар көрмесі
2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 12:00-де Өскемен қаласында «Digital Nauryz» іс-шарасы аясында цифрлық жобалар көрмесі өтеді. Іс-шара барысында цифрлық бастамалар, инновациялық әзірлемелер, заманауи IT-шешімдер және цифрландыру саласындағы жобалар таныстырылады. Баршаңызды өңіріміздің болашағын қалыптастыратын озық технологиялар мен перспективалы жобалармен танысуға шақырамыз. Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қ.Сәтпаев даңғылы, 51 («Maxi Mall» СОО). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186453?lang=kk
-

«Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті қолдану: заманауи құралдар мен педагогикалық мүмкіндіктер»
2026 жылдың 19 наурызында «К.Салықов атындағы орта мектеп» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті қолдану: заманауи құралдар мен педагогикалық мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті. Семинар аясында педагогтар заманауи ЖИ-құралдарымен (Canva, Gemini, Grok, Gamma, Kahoot, MagicSchool, Diffit және т.б.) танысты, олардың сабақтарда және бағалауда практикалық қолданылуын қарастырды, сондай-ақ демонстрациялық сабаққа…
-

«Наурыз – береке бастауы» аудандық отбасылық онлайн-бейнеролик сайысы
2026 жылдың 17 наурызында Шал ақын ауданында білім бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Наурыз – береке бастауы» атты аудандық отбасылық онлайн-бейнеролик байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау. Байқауға ауданның отбасылары қатысып, отбасылық дәстүрлерді, ұлттық тағамдарды дайындау процесін және мерекелік дастархан туралы шығармашылық бейнероликтер ұсынды.…
-

Бүгін Наурыз мейрамы аясында ерекше балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Театр сахнасында «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісі тегін көрсетіліп, кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады
Ертегіден кейін балалар Қара жорға биін билеп, арқан тартыс секілді ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік бағдарламаны ерекше көңіл-күймен жалғастырды. Бұл игі бастама – мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Ерекше балалардың жүзіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен марапат. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186456?lang=kk
-

Ербол Қарашөкеев «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС басқарма төрағасымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның басқарма төрағасы Александр Бабичевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Жамбыл облысында цифрлық саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанынна назар аударды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша байланыс саласындағы нақты көлем индексі 110,1 пайызды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен (103,6%) жоғары. Салаға…
-

Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті
Бүгін Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызметтің абыройын арттыруға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Департамент басшысы марапатталған №2 зейнетақы және…
-

Депутаттар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қоршаған ортаны сақтау мәселелерін талқылады
Облыстық мәслихатта экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия мүшелері туристік қызметтерге, «Наурыз Сейлс» республикалық акциясына және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар сұрақтарды көтерді. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин депутаттарды тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
Қадірлі отандастар! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен ұйымдастырылған мәжіліске мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиналыста мемлекеттік қызметшілерге іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, әріптестерге өз діни нанымын таңбау және қол астындағы қызметкерлерді…
