Санат: Шымкент
-

Аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылдың 31 наурызында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков 2026 жылдың 31 наурызында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 17 азамат жазылған. Азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік тұрғын үй салу, тұрғын үй қорынан үй алу, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік, жер, сонымен қатар аудандық орталық саябақ мәселесімен жүгінді. Оған қатысты қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірулер жүргізіліп, тұрмыс-жағдайы ауыр әрі үйге мұқтаж отбасыларына…
-

Бүгін Алғабас ауылдық округінде «7 OZЕN» экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
📍Бүгін Алғабас ауылдық округінде «7 OZЕN» экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері қатысып, өзен жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды.🌿Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.✨Тазалық жұмыстары барысында барлығы белсенділік танытып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.🌱Аталған шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті…
-

Біліктілікті арттыру курсы өтті
2026 жылғы 31 наурызда Тіл сарайында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқыту үдерістерін жаңарту: оқыту нысандары, әдістері мен сапаны бағалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Іс-шараның кіріспесінде орталық басшысы Ж. Жолдыбаев курстың маңыздылығына тоқталды. Курс барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. А. Фазылжан «Ұлттық тілдік-мәдени кодтарды үйрету – тіл оқыту…
-

Консультативтік-кеңесші органның отырысы
2026 жылғы 1 сәуірде «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Аталған отырысқа Көкшетау қаласының прокуратурасы, Ақмола облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелері, Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімделу орталығының…
-

Қазақстандық колледж NCCER аккредитациясынан сәтті өтті
Кентау көпсалалы колледжі техникалық және кәсіптік білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, құрылыс саласы бойынша кадр даярлауда халықаралық талаптарға сәйкес келетінін дәлелдеді. Колледж «Кескіндеме жұмыстары» мамандығы бойынша National Center for Construction Education and Research (NCCER) халықаралық ұйымының аккредитациясынан өтті. Аккредитациялау үдерісі бірнеше кезеңді қамтып, білім беру бағдарламасының мазмұны, материалдық-техникалық база, оқу-өндірістік шеберханалардың жабдықталуы және педагог…
-

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азамат, Бірлік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Өтеп-Әлі Өміртай Жалғасұлына құрмет көрсетіп, зейнет демалысына шығарып салды.-Өміртай Жалғасұлы, саналы ғұмырын туған елінің дамуына, ауылдың өркендеуіне арнаған, өз ісіне адал, еңбекқор азамат. Бұл кісінің атқарған қызметі, ел үшін сіңірген еңбегі әрдайым жоғары бағаланып,…
-

Түркияда білім алып жатқан белсенді қазақстандық студенттер зияткерлік додада бас қосты
Анкара, 2026 жылғы 1 сәуір – Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында ұйымдастырылған «Birlik Cup» атты ауқымды студенттік дебат турнирі жоғары деңгейде өтті. Зияткерлік сайыс Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталья және Измир қалаларындағы Бас консулдықтардың үйлестіруімен жүзеге асырылды. Аталған бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, білім мен ғылымды…
-

ФК Тараз жаңа маусымды жаңартылған құраммен бастады
«Тараз-Арена» спорт кешенінде ФК Тараз футбол клубының жаңа маусымға арналған жаңартылған құрамының ресми таныстырылымы өтті. Маңызды шараға жанкүйерлер, клуб ардагерлері, қазіргі футболшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды. Іс-шара нағыз футбол мерекесі форматында өтті. Көрермендерге клубтың тарихы мен бүгінгі дамуын қамтыған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы қонақтар команда тарихына қайта үңіліп, алдағы маусымдағы…
-

Арқалықта 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Арқалық қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында биыл тағы бір маңызды жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, Шақшақ Жәнібек көшесі, №51 мекенжайында орналасқан 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, баспанаға мұқтаж отбасылар қоныс тойын атап өтуде. Айта кету керек,…
-

Павлодар облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді
Облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың ақпараты бойынша Успен, Железин, Ертіс, Ақтоғай аудандары бақылауда. Азаматтық қорғау күштерінің тобы құрылды: 1800-ден астам адам, 975 бірлік техника, 357 су айдау құралдары және 21 жүзу құралдары, олар қорғаныс құрылыстарын нығайту, қаптар төсеу, бөгеттер мен су бұру арналарын салу бойынша жүргізілетін алдын алу іс-шараларына қатысады. Елді мекендерде 300 мың…
-

Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. Жалпы облыс аумағындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Сонымен қатар елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төндіруі мүмкін 12 су қоймасы бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаров қазіргі таңда елді мекендерде…
-

Құрметті жерлестер!
Ауа райының жылынуына және санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет деп санаймын. Ең алдымен, мұндай іс-шараларға қатысу тек қана ерікті түрде жүзеге асырылатынын атап өтемін. Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық…
-

Жапонияның Экономика мемлекеттік министрі Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті
Токио, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Экономика, сауда және индустрия мемлекеттік министрі Кенджи Ямадамен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды талқылады. Сұхбаттасушылар тұрақсыз халықаралық ахуал жағдайындағы жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері…
-

Өкіл курсанттермен кездесу өткізді
А.ж. 31 наурызында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі «Еркіндік рухы» жастар құқықттары жөніндегі комиссияның мүшесі, М. Нурпеисовамен бірге ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kostanay-oblysy/press/news/details/1192480?lang=kk
-

Артур Ластаев ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының VI отырысына қатысты. 2026 жыл ТМД аясында Денсаулықты қорғау жылы болып жариялануына байланысты, Уәкіл өз сөзінде Қазақстанда денсаулықты қорғау жөніндегі іргелі құқықтың іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісті. Әркімнің қол жеткізуге болатын ең жоғары дене және психикалық деңгейдегі денсаулық құқығы халықаралық стандарттармен бекітілген.…
