Санат: Шымкент
-

Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты. Олжас Бектенов…
-

Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі 18.06.2026 _ 12:59 Жаңалықтар
Құрметті жиналған қауым! Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын деймін. Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина мамандарын алғаш рет Ақордаға шақырып, құрмет көрсеттік. Биыл да игі дәстүрге сай өздеріңізді осы жерде көргеніме өте ризамын. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен…
-

Бөлім басшысы Берік Төлегеұлы «Хлебная база №2» ЖШС-не барды
Жұмыс сапары аясында бөлім басшысы Берік Төлегеұлы «Хлебная база №2» ЖШС кәсіпорнында болды. Сапар барысында серіктестік директорымен кездесу өтіп, тараптар өндірістің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Бөлім басшысы ұйымның өндірістік қызметімен, технологиялық процестерімен және жұмысының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі танысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1243381?lang=ru
-

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «WorkCamp-2026» облыстық жастар слеті өтті.
WorkCamp-2026 слетіне облыстың түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі 100 үздік жас қатысты. Олар мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсынысы негізінде іріктеліп, кәсіби жетістіктері, қоғамдық белсенділігі және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін слетке арнайы шақырылды. Қатысушылар қатарында өндіріс, мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, медиа, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор өкілдері…
-

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтың алдын алды
Облыс прокуратурасы «Taзa Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, аумақтық су инспекциясы қадағалау органын үйлестіре отырып, жергілікті кәсіпкермен Есіл өзеніне құятын бұлақ ағып жатқан сайда қалдықтарды жинайтындығын анықтады. Су және экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін осы субъект жалпы сомасы 2,6…
-

«Аршалы ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов 2026 жылғы 18 маусымда Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты, онда Аршалы ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды. Аршалы аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы тиісті баяндама жасады. …
-

Ескелді ауылдық округінде заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
🚭 2026 жылғы 15 маусым күні жастардың денсаулығын қорғау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ескелді ауылдық округі аумағындағы сауда орындарында кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға электронды темекі өнімдерін, вейптерді, темекі өнімдерін және алкоголь өнімдерін сатуға заңмен қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді. Сондай-ақ заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік…
-

Екібастұздық оқушылар жазғы демалысты чемпиондармен бірге өткізуде
Пауэрлифтингтен чемпиондар, әлемдік деңгейдегі спортшылар, журналистер және өз ісінің үздіктері бүгінде Екібастұз өңірінің оқушылары үшін тәлімгерге айналуда. Жазғы демалыс кезеңінде өңірдегі білім беру ұйымдарында дәстүрлі лагерьлермен қатар «Ашық әлем» жобасы, «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жасөспірімдерге табысты тұлғалармен еркін жүздесуге…
-

Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты. Олжас Бектенов…
-

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай…
-

Аршалы ауданында «Қауіпсіз жол – балалар үшін» акциясы өтті
«Қауіпсіз жол-балалар үшін» акциясы аясында 2026 жылдың 15 маусымында Аршалы ауданы прокуратурасының, әкімдігінің, Ішкі істер бөлімінің және білім бөлімі қызметкерлерінің оқушылар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелі мен бағдаршамнан дұрыс өту, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану қағидалары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.…
-

Заңнаманы сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері прокуратура өкілімен өткен кездесуде қаралды
Мемлекеттік еңбек инспекциясында қызметкерлердің Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры А.А. Солтанмен кездесуі өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзушылықтарының алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында қатысушыларға заңнамада көзделген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде Интернет желісі арқылы қатысуына тыйым салу талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері,…
-

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізуді бастама етті. Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңі әділеттілік, гуманизм және адамның қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын бекітіп, бұл елдің құқықтық жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды негізі болды. Амнистия қылмысқа жұмсақтық таныту емес, мемлекеттік саясаттың гуманистік және жасампаздық бағытын көрсететін ерекше құқықтық акт.…
-

Мемлекеттік қызметтің имиджі
Галина Владимировна Окатенко, 1967 жылы 24 қарашада, Курск облысы, Золотухин ауданы, Шумск ауылында туған.Галина Владимировна еңбек жолын 1987 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің Әділет бөлімінің Екібастұз қалалық халықтық сотының сот орындаушысы ретінде бастады. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеттің Павлодар облыстық департаментінің Екібастұз аумақтық учаскесінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті.…
-

Көмір, газ әлде ЖЭК: бүгінде Қазақстанның энергия теңгерімін не қамтамасыз етеді
Көмір, газ әлде ЖЭК: бүгінде Қазақстанның энергия теңгерімін не қамтамасыз етеді? Энергетика министрлігі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға ерекше назар аударып келеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1243351?lang=ru
