Санат: Шымкент
-

Жаңалық
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Мақтаарал ауданында биылғы көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мақта егу науқаны басталды. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі дақыл саналатын мақтаны егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 1 494 гектар аумаққа мақта шиті себілген. Жалпы Мақтаарал ауданында 60 мың гектардан астам егістік жер бар. Бұл алқаптар толықтай…
-

Фермерлер асыл тұқымды малды 6%-бен несиеге сатып ала алады
Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 13 наурыздан бастап тұқымды мал сатып алуға бағытталған жылдық пайыздық мөлшерлемесі алты пайыздан аспайтын «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімдері іске қосылды. Бұл бағдарламалар бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 85 пайызға дейін кепілдік беру тетігі қарастырылған. «Игілік» несиелік өнімі 100-500 бас асыл тұқымды мал сатып…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2026 жылғы 4 мамырдан 12 маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады: 1) ауылдық…
-

«Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК кәсіпорнының бас дәрігері (директоры) бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру.
“Арқалық өңірлік ауруханасы” КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) жанындағы Байқау кеңесі “Мемлекеттік мүлік туралы” 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес Кәсіпорын директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Конкурстың өтетін орны мен күні: 110300, Қазақстан Республикасы, Арқалық облысы, Қостанай қаласы, Быковского көшесі 4а, конференц залы, 06 мамыр 2026 жыл.…
-

Жаңалық
Соңғы 5 жылда тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 53%-ға өсіп Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға арналған республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының кооперацияның тиімді әрі тұрақты моделін қалыптастыратын жаңа салалық заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Оған ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Президент Әкімшілігінің,…
-

Қаруды тіркеу, сақтау және тасымалдау ережелерін білгеніңіз абзал
Қазақстан азаматтарына аңшылық, спорттық және өзін-өзі қорғау мақсатында қару иеленуге рұқсат етіледі. Қаруды сатып алу үшін www.elicense.kz порталы арқылы полициядан арнайы рұқсат алу қажет. Сатып алынған қару бір апта ішінде тұрғылықты жердегі полицияда тіркелуі тиіс. Әр 5 жыл сайын рұқсатты жаңарту қажет. Сақтау талаптары: • Қару қалыңдығы кемінде 3 мм болатын металл сейфте немесе берік…
-

2026 жылғы 15 сәуірде Мұнайлы ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхан Асхат Қазыбекұлының төрағалығымен, Маңғыстау облысы әкімі Н.И. Қилыбайдың 2026 жылғы 24 ақпандағы №11-08/03 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және вакцинациялау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу мақсатында Мұнайлы ауданы елді мекендері әкімдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесі өткізілді.
Үйлестіру кеңесін Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна ашты. Кеңес барысында Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Исаева Ботагөз Усмановна 2026 жылдың І тоқсанындағы ауданның эпидемиологиялық ахуалы және профилактикалық егу деңгейі туралы баяндама жасады, сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсан көрсеткіштері туралы Жанар Досжанова және туберкулез аурушаңдығы…
-

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді. Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған. Олардың көмегімен…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру
2026 жылғы 25 мамыр сағат 14:30-да Жетісу облысы Ескелді ауданы Сырымбет ауылы Ескелді би көшесі, 62, мекен-жайында (3 кабинет) «Жетісу облысы Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша…
-

«Конституция – халық үні»
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және жастардың қатысуымен Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері «Конституция – халық үні» тақырыбында еркін форматтағы кездесу өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану тәртібі туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар…
-

Жаңалық
ОТЫРАР АУДАНЫНДА “АҚТӨБЕ–ШІЛІК” БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР Отырар ауданында “Ақтөбе-Шілік” жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары басталған. Ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын жолды жөндеу жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан көлемінде автомобиль жолдарының сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы елді мекендердегі бірқатар көшелерде…
-

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде дзюдодан Түркістан облысының кешенді Спартакиадасы өтіп жатыр. Өңірдегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спортшылары арасындағы ауқымды дода «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Спорт – нашақорлыққа, терроризмге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров,…
-

Жаңалық
Жер қойнауын пайдаланушылар былтыр ғылыми зерттеуге 8,9 млрд теңге бағыттады Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – жергілікті қамту, мұнай-газ секторына цифрлық егіздерді енгізу және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қатысушылар жер қойнауын пайдаланушылардың өндіруге жұмсалатын шығындардың 1%-ын ғылыми зерттеуге бөлу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына ерекше…
-

АҚЫН ЕРТАЙ АШЫҚБАЕВ 70 ЖАСТА
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы, Темір ауданының Құрметті азаматы Ертай Ашықбаев 70 жасқа толды. Осыған орай Темір аудандық мәдениет үйінде ақынның шығармашылығына арналған тағылымды мәдени кеш өтті. Шара барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы кеңінен насихатталып, жырлары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды. Кеш барысында мерейтой…
-

Тұран ауданы аумағында өз бетінше салынған тұрғын үйлерді заңдастыру бағытында зерделеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласы, Тұран ауданы аумағында орналасқан өз бетінше салынған тұрғын үйлерді заңдастыру бағытында зерделеу жұмыстар жүргізілуде. Тиісті мемлекеттік мекемелерден құрылған комиссия мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде нысандардың құжаттары зерделеніп, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес рәсімдеу процесі жүзеге асырылуда. Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jerqatynastary/press/news/details/1202802?lang=kk
