Санат: Шымкент
-

Іздестіру жұмыстарына рұқсатты қалай алуға болады
Мемлекеттік қызметтің атауы: «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» “Электрондық лицензиялау” порталын ашыңыз. Жүйеге кіріңіз немесе “электрондық лицензиялау” порталында тіркеліңіз. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап “Әрі қарай” батырмасын басыңыз. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Берілген өтініш мәртебесін “Менің өтініштерім” тарауынан қадағалауға болады.…
-

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…
-

Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында мемлекеттік әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуіне, сондай-ақ кәсіпорындардың азаматтардың еңбек құқықтарын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге және еңбек саласындағы тәуекелдердің алдын алуға бағытталған цифрлық шешімдерге назар аударылды. «Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жаппай цифрландыруды…
-

Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық…
-

ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 12 қазанда Орал қаласының білім беру бөлімінде профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және тәуекел топтарына жататын балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі қалалық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Е.Меңдіғалиевтің төрағалығымен өткізілген жедел…
-

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Биыл өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгені құрайтын20 жоба іске асырылып жатыр. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қалған жобалар бойынша дайындық шаралары жалғасуда. Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет – инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетіп, олардың…
-

Қазақстан мен Бельгияның Ташкенттегі Tлшілері Орталық Азиядағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі Ералы Тоғжановтың Бельгияның Елшісі Маттиас Кендемен кездесуі өтті. Кездесу барысында дипломаттар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады. Дипломатиялық миссиялар басшыларының кездесуі Бельгия Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың Қазақстанға тарихи алғашқы мемлекеттік сапарының (2026 жылғы 11–14 қазан) аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келді. Сапар аясында Жан-жақты әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол…
-

К.Маркс көшесі бойынша арам шөпті жинау
“Құсмұрын кенті әкімінің аппараты” ММ қызметкерлері жол бойындағы іргелес аумақты қоқыс пен өсіп кеткен шөптен тазартты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-kusmuryn/press/news/details/1312200?lang=ru
-

Жамбыл облысының экономикасында өсім бар: тоғыз айдың қорытындысы жарияланды
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларында оң динамика қалыптасты. Өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері мен әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Иманбаева мәлімдеді. Өнеркәсіп өндірісі 18,1%-ға өсті 2026 жылдың тоғыз айында облыс кәсіпорындары…
-

«Auyl Amanaty» бағдарламасы іс жүзінде
«DON BATON»: отбасылық арманнан табысты бизнеске дейін! Атбасар қаласында есіктен кірген сәттен бастап жаңа піскен нан мен тәтті тоқаштардың хош иісі қарсы алатын ерекше орын бар. Бұл — өзінің өнім түрлерімен, күн сайынғы балғын нанымен, тәтті пісірмелерімен және жартылай фабрикаттарымен қала тұрғындарының көңілінен шығып үлгерген «DON BATON» шағын наубайханасы. Бұл табыстың артында Мейрамовтар отбасы мен…
-

Жетісу облысындағы 5 ауыл табиғи газға қосылды
Панфилов ауданындағы Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газды бастапқы қосу рәсімі жүзеге асырылды. Нәтижесінде 302 үйді газбен жабдықтауға мүмкіндік жасалды. Жаңа тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеу пункті және бес шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Газбен жабдықтау көзі ретінде Панфилов ауданында орналасқан…
-

ТЖД келбеті : Ертай Телеубаев
Құтқарушылар күні қарсаңында Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Телеубаев Ертай Нұржанұлын таныстырамыз. Ертай Нұржанұлы еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Күнделікті қызметінде түрлі шақыртуларға шығып, жолда қалған көліктерге көмек көрсетіп, жануарларды құтқару жұмыстарына қатысады. Адамдарға шұғыл көмек қажет болған сәтте ол биіктік пен тереңдікке қарамастан, қауіп-қатерге қарсы тұрып, көмекке асығады. Құтқарушы үшін басты міндет –…
-

Зейнетақы мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары
2026 жылғы 20 қазанда сағат 15:00-де Департаменттің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында зейнетақы мәселелері бойынша тікелей эфир өткізіледі. Тікелей эфирді № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Изанова Райкуль Жанибековна жүргізеді. Эфир барысында азаматтарға зейнетақы мәселелеріне қатысты түсіндірме беріліп, тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап ұсынылады. Барлық тұрғындарды тікелей эфирге қатысып, зейнетақыға қатысты сұрақтарын қоюға шақырамыз.…
-

Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі Алексей Ляхновичпен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі Алексей Ляхновичпен кездесті. Келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның жалпы портфеліне құны $204,3 млн болатын, 1,7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 16 жоба кіреді. Оның ішінде 13…
-

Астанада қабылдау емтихандарына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
Астанада қабылдау емтихандарына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр 16 қазанда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» атты халықаралық конференция басталды. Іс-шараға білім беру саласындағы бағалау мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлттық емтихан орталықтарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр. Қатысушылар қатарында…
