Санат: Қазақстан
-
Болат Ақшолақов Сүйіндік, Азғыр және Асан ауылдарындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Құрманғазы ауданына жұмыс сапары кезінде Сүйіндік, Азғыр және Асан ауылдарына барып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен және автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аймақ басшысы алдымен Сүйіндіктегі 2024 жылы пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияға барды. Жиырма бес төсек-орындық мекемеде емдік, диагностикалық және басқа да бейінді кабинеттер қарастырылған. Амбулаториядағы негізгі мәселелердің…
-
ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан қаласында жастар арасындағы QAZAQSTAN KUBOGY хоккей турнирінің топтық кезеңі өтіп жатыр. Биылғы турнирге еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, олар үш топқа бөлінген. Кубок ойындары Павлодар, Теміртау және Түркістан қалаларында ұйымдастырылуда. Түркістан қаласы турнирдің «С» тобын қабылдады. Бұл топта төрт команда — «Торпедо» (Өскемен), «Құлагер» (Петропавл), «Алматы» және «Turan Tigers» (Түркістан) клубтары бақ…
-
БЖЗҚ-ның дерекқорлары зейнетақы жинақтарының ірі сомаларын аударуға және болашақта бірнеше портфельді жүргізуге/есепке алуға бейімделген бе? ИПБ жүйелерімен интеграция қалай жүзеге асырылады?
БЖЗҚ-ның әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өз ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері ИПБ-мен өзара іс-қимыл барысында барлық деректерді есепке алуға мүмкіндік береді.Бұл ретте БЖЗҚ барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкі және/немесе ИПБ),…
-
Ақмола облысы мен Канаданың Olds College колледжі білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Ақмола облысының білім басқармасы мен Канаданың Olds College арасында білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өңір студенттері мен оқытушылары үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, агротехнология, экология және агро-робототехника салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады. Меморандум аясында тараптар бірлескен білім беру бастамаларын, оның ішінде қолданбалы бакалавриат және бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу…
-
Пресс-релиз 2026 жылғы 27 тамызда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де жүргізілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша бюджетке өтелуге жататын жалпы сомасы 1 442,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 13 рәсімдік сипаттағы бұзушылық және 5 жүйелі және…
-
Жетібай ауылындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу мәселелері талқыланды
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Жетібай ауылының тұрғындарын қабылдап, азаматтардың жұмыспен қамтылуына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ашық диалог форматында өткен қабылдауда Жетібай ауылының тұрғындары өздерін толғандырған түйткілді сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту мәселелерін көтерді. Аудан…
-
СҚО әкімі Мамлют ауданындағы аграрлық және әлеуметтік жобалардың барысымен танысты
Облыс әкімі Мамлют ауданына жұмыс сапары барысында егін жинау науқанының барысымен, мал шаруашылығының дамуымен, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті. Қазір өңірде егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінде облыс бойынша егіс алқаптарының 37%-дан астамы орылып, орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрап отыр. Биыл Мамлют ауданындағы егіс алқабы 185,1 мың гектарды…
-
2024 жылдан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шамамен 8,5 мың шақырымы орташа жөндеумен қамтылды
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2028 жылдың соңына дейін республикалық жол желісінің 10 мың шақырымын орташа жөндеумен қамту міндеті қойылған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Бүгінгі таңда іске асырылған және жүзеге асырылып жатқан жобаларды ескере отырып, орташа жөндеумен қамтылған жолдардың жалпы…
-
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттар тізімі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттар тізімі: Барабаш Александр Иванович; Таганиязов Нуржан Мейржанович; Едресов Канат Каирлинович; Федотова Лилия Муратжановна; Сатин Смаил Зейноллинович. Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттармен әңгімелесу 2026 жылғы 28 тамыз сағат 17:00-де өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1281654?lang=ru
-
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ОРЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Жиында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді жедел шешу жолдары қарастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу, білім саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жер қатынастары және ауыз сумен қамту…
-
ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ АҚҚАЛА АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Арыс қаласына қарасты Аққала ауылына тұрғындар көптен күткен табиғи газ жеткізіліп, елді мекен тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Салтанатты шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Салтанатты шара барысында табиғи газ алауы жағылып, Аққала ауылын газдандыру жобасы ресми түрде іске қосылды. Қала әкімі өз сөзінде табиғи газдың берілуі ауыл тұрғындарының тұрмысын…
-
Абай облысында ауыл шаруашылығы техникасының паркі жаңартылуда
Бүгінде өңір шаруалары 324 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Нәтижесінде машина-трактор паркін жаңарту деңгейі 3,5%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 3,0%-дық көрсеткішпен салыстырғанда оң динамиканы көрсетеді. Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жыл соңына дейін жалпы саны 700-ден астам заманауи ауыл…
-
ТҮРКІСТАННЫҢ БЕРЕКЕЛІ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан облысы еліміздің аграрлық саласында көш бастап келеді. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша облыста 458,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,1 пайызды құрады. Осы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орынға шықты. Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешенге 161,6 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4…
-
Сарбаздың сергектігі – сапалы астан
Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері кіші мамандар даярлау орталығының 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерді әскери мамандықтарға даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – әскери аспаздарды даярлау. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек қазіргі таңда аспаздар даярлау ротасында әскери аспаз мамандығын меңгеріп жатыр. Әскери қызметші үшін бұл – жауапкершілігі жоғары әрі маңызды…
-
Жоюға жататын заттай дәлелдемелер мемлекет меншігіне берілді
2026 жылғы 27 тамызда Ақсу ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің сот орындаушысы Ерикова Б.К. Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының қаулысын орындау мақсатында жоюға жататын тор түріндегі заттай дәлелдемелерді Жетісу облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1281642?lang=ru
