Санат: Қазақстан
-
Маңғыстау облысында теңізде торлы әдіспен балық өсіру жобасы алғашқы өндірістік кезеңге шықты
«Organic Fish» серіктестігі теңіз аквашаруашылығын дамыту жобасын іске асыруды жалғастыруда. Кәсіпорын Каспий теңізінің терең сулы бөлігінде заманауи торлы технологияларды қолдана отырып, бағалы албырт тұқымдас балықтарды өсіруге маманданған. Алғашқы үш теңіз торы былтырғы жылғы қыркүйекте орнатылды. Әр тордың диаметрі 38 метрді құрайды. Оларға жалпы салмағы 20 тонна болатын 95 мың дана шабақ жіберілді. Өсіру кезеңінде балықтар…
-
Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округінің тұрғындарына «Тегін заң консультациясы» акциясы өткізілді
26.08.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті, Ақсу ауданының әкімдігі, Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Жетісу облысы адвокаттар алқасы мен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтіп, «Тегін заң консультациясы» акциясы ұйымдастырылды.Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық консультациялар…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
Қадірлі ұстаздар! Құрметті қауым! Ең алдымен, баршаңызды дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтаймын! Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік,…
-
Ақмола облысы прокуратурасымен ірі туристік инвестжобаның жер мәселесі шешілді
Облыс прокуратурасы Ақкөл ауданындағы TÖR’RE/Wyndham Residences Aqkol инвестициялық жобасын сүйемелдеуде. Жоба 40 қонақ үйін, 53 вилланы және 120 орындық Ramada Resort Aqkol қонақ үй кешенін салуды көздейді. Кейінгі кезеңдердегі инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асады, шамамен 240 жұмыс орнын құру жоспарланған. Сүйемелдеу барысында елді мекеннің шекарасын белгілеу және тиісті мәліметтерді Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына…
-
«ТАЗА АУЛА – ТАЗА САНА» флешмобы
Түрксіб ауданының тұрғындарын ауладағы эко-акцияға қатысып, сүйікті қаламызды бірге таза етуге шақырамыз. 2026 жылғы 28 тамыз сағ.17:00 Түрксіб ауданы, Ровенский көшесі, 6/3 Бағдарламада: — аумақты тазалау және қоқыс жинау; — қалдықтар мен қайта өңделетін шикізатты бөлек жинау; — еріктілердің, жастардың және аудан тұрғындарының қатысуы; — «дейін және кейін» форматындағы фото және видео арқылы бірлескен еңбектің…
-
Қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта спорттық мереке өтті
Бүгін Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спорттық мереке өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және достық пен өзара қолдау құндылықтарын дәріптеу. Шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева және танымал спортшылар – Мұрат Казиев, Евгений Гончаров пен…
-
авторлық құқықты қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізді.
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 24 тамызда Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова авторлық құқықты қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізді.🔹 Консультация барысында Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі ережелері, оның ішінде шығармашылық қызмет нәтижелеріне және мәдени әрі тарихи маңызы бар объектілерге қатысты материалдарға құқықтарды қорғау мәселелері түсіндірілді.🔹 Авторлықты растаудың…
-
Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдап, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту, сондай-ақ әскери зейнеткерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінді. Министр әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қолданыстағы заң талаптары мен мемлекет тарапынан…
-
мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ММ-нің жекелеген негіздер бойынша сұхбат
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 21 тамызда Әулиекөл ауданаралық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Татьяна Громова Қостанай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ММ-нің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Диана Дүйсенбайқызы Онтабаевамен сұхбат жүргізді.🔹Кездесу соңында тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жоспарларын талқылады. Сұхбатқа қатысушылар сот…
-
«Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз»: Маңғыстау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу акциясы
Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың тамыз айының 25-27 күндері аралығында «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру. Олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту. Әрбір отбасы мүшесі өз құқықтарын және зорлық-зомбылық үшін заң жүзінде жауапкершілік (әкімшілік және…
-
«Есірткіге жол жоқ!»: «Айналайын» лагерінде профилактикалық акция өтті
Көкжазық ауылындағы «Айналайын» балалар лагерінде балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлық — ғасыр індеті» атты профилактикалық іс-шара өтті. Іс-шараны Жетісу облысының Полиция департаменті Нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп ұйымдастырды. Шараға белгілі блогер @optimist.hafiz те қатысты. Қатысушыларға есірткінің зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зардабы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы…
-
“Таза Қазақстан” акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда.
“Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында ауылдың сыртқы бөлігінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Жұмыс барысында ауыл маңындағы аумақтар қоқыстардан тазартылып, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Тазалық – ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюіне бірге үлес қосайық! 🌿 #ТазаҚазақстан #ҚұрықАуылы #Тазалық #Абаттандыру #ҚарақияАуданы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1280439?lang=ru
-
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл…
-
АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨРКІ – ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН АЖАРЛАНА ТҮСТІ!
АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨРКІ – ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН АЖАРЛАНА ТҮСТІ! Ақсу-Аюлы ауылындағы кіреберістегі аркаға баратын жол бойына 22 жаңа жарықтандыру бағанасы мен шамдары орнатылып, сонымен қатар аркаға жарық шамдары орнатылды. Аркадағы ұлттық нақыштағы ою-өрнектер жаңартылып, ауылымыздың сәні мен сәулетін айшықтай түсті. Жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары ауылымыздың түнгі көрінісін ажарландырып, елді мекеннің көркін одан әрі арттырды. Жаңартылған ою-өрнектер ауылымыздың…
-
ЖАЛҒАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ: БЕЛГІЛЕРІ МЕН САЛДАРЫ
Жалған жұмысқа орналастыру – адамның құжат жүзінде ресми түрде жұмысқа қабылдануы, алайда іс жүзінде ешқандай еңбек міндеттерін орындамауы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында «жалған жұмысқа орналастыру» деген атаумен жеке құқық бұзушылық құрамы көзделмеген. Құқықтық баға нақты жасалған әрекеттер мен олардың салдарына қарай беріледі. 🔎 Жалған жұмысқа орналастыру белгілеріне не жатуы мүмкін?Нақты жұмыс пен оны…
