Санат: Қазақстан

  • Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс бере алады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 23 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігіндегі №436 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сайлау учаскесі Душанбе уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты). Сайлау…

  • КЕЛЕСТЕ ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өндірістік парктердің құрылысы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Қазіргі таңда Абай ауылында бөлінген 7 гектар аумақта бес өндірістік парк салынып жатыр. Мұнда тұрмыстық сабын өндіру, пластик қалдықтарын қайта өңдеу, медициналық қалдықтарды өңдеу және қойма құрылысы бағытындағы кәсіпорындар бой көтеруде. Өндірістік аймақ қажетті инженерлік инфрақұрылыммен…

  • 25 шілдеде тамыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    25 шілдеде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді. Тамыз ҰБТ-сы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тестілеуді қайта тапсыруға ниетті талапкерлерге арналған. Алдыңғы ҰБТ-ларда шекті балл жинай…

  • СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН КЕДЕЙЛІК ШЕГІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р.Ельжасовтың 07.07.2026 жылғы № 230-НҚ бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 2026 жылдың 3 тоқсанында 45 880 теңге сомасында анықталды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың негізгі критерийі – жан басына шаққандағы орташа табыс. Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының…

  • Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті бірлес отырысы өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті бірлес отырысы өтті. Отырыс барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметіне, әлеуметтік саланың дамуына және бұрын берілген ұсынымдардың орындалуына қатысты мәселелер қаралды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі «Алтай ауданы бойынша агитациялық баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» Алтай ауданы әкімдігінің қаулы жобасын қарау болды. Талқылау қорытындысы…

  • Тұрғындармен отбасын қолдау орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Мамлютка қаласының Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Мамандар әйелдер мен отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және тұрмыстық мәселелер бойынша консультациялар береді, мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіреді. Жұмыс барысында отбасылық құқық мәселелері, құжаттарды рәсімдеу, жәрдемақыларды алу, жұмысқа орналастыру және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсетілетін өзге де…

  • Болат Ақшолақов Ломоносов атындағы мектептің құрылысын келесі оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Еркінқала-2 ауылындағы 600 орындық мектептің және Балықшы шағынауданындағы Ломоносов атындағы орта мектептің құрылысымен танысты. Алдымен өңір басшысы Еркінқала-2 ауылында салынып жатқан 600 орындық мектепке барды. Нысанды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС салып жатыр. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы — шамамен 10 мың шаршы метр. Жобада мектепте заманауи оқу кабинеттері, кітапхана, 210 орындық асхана,…

  • 2026 жылдың 27 шілдесінде сағат 09:30-да аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LІV кезектен тыс сессиясы өткізіледі.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    ХАБАРЛАМА 2026 жылдың 27 шілдесінде сағат 09:30-да аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LІV кезектен тыс сессиясы өткізіледі. Күн тәртібі: Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 204/44 «2026-2028 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және басқа мәселелер. Сессия Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша мәжіліс залында өткізіледі. Ақпарат көзі…

  • КЕЛЕС – ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ҮШТІГІНДЕ!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетіп, қорытындысы бойынша Келес ауданы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Облыстың 17 аудан-қаласы қатысқан мәдени додада келестік өнерпаздар ұлттық өнер мен мәдениеттің үздік үлгілерін ұсынып, жоғары бағаланды. Фестиваль аясында Келес ауданының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері, қолөнер шеберлерінің туындылары мен жергілікті өнімдер қойылған көрме…

  • Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы  ХАБАРЛАМА    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабына сәйкес, Обаған ауылында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026  жылғы  27 шілдеде сағат 15.00-ге шақырылады.         Кезектен тыс сессия отырысының онлайн-трансляциясы  әлеуметтік желілерде жүргізіледі.           Сессия күн…

  • КЕЛЕСТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаевтың мәліметінше, жыл басынан бері аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктерге 6 мыңға жуық тұрғын мен 26 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 510 көше тазаланып, 195 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Санитарлық талаптарды бұзған азаматтарға қатысты…

  • Қазақстанда мемлекеттік әуежайларды цифрландыру және биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы мен SITA компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік әуежайларға SITA компаниясы жүргізген аудит қорытындыларын талқылау және азаматтық авиация саласын кешенді цифрландыру бойынша алдағы стратегиялық қадамдарды айқындау болды. Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен SITA компаниясы еліміздегі 14 мемлекеттік әуежайға аудит жүргізуді аяқтады. Бағалау нәтижесіне сәйкес, әуежайлардың…

  • Елжан Серғалиұлы Qaragandy Invest инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізген ашық конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Qaragandy Invest инвестицияларды дамыту орталығы» АҚ – «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы болып Елжан Серғалиұлы тағайындалды. Жаңа басқарма төрағасын Инвестицияларды дамыту орталығының ұжымына және бизнес қауымдастығына Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев таныстырды. Елжан Серғалиұлының мемлекеттік және корпоративтік секторларда…

  • Шетелдегі учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру үшін құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс кестесі туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1…

  • КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев білім мен ғылымда үздік нәтиже көрсетіп, ауданның абыройын асқақтатқан дарынды оқушыларды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Іс-шараға оқушылардың ата-аналары, ұстаздары мен мектеп директорлары қатысты. Аудан басшысы дарынды жастарды жетістіктерімен құттықтап, бүгінгі марапат – білімге деген құрметтің және жас ұрпаққа көрсетіліп отырған қолдаудың айқын көрінісі екенін атап өтті. — Бүгін біз ауданымыздың…

Exit mobile version