Санат: Қазақстан
-
⚜️Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – жіті трансмиссивті табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – вирусты сақтаушы және тасымалдаушы иксодты кенелер. Вирустың уақытша резервуары жануарлар (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотоптарда – қояндар, кірпілер, құстар. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қодырғышы трансмиссивті (кене шағуы арқылы), байланыс және ауа-тамшылы жолдармен беріледі. Адам зақымдалған кененің шағуы арқылы, малды қырыққанда және…
-
E-otinish порталы арқылы қалай өтініш беруге болады
Бүгінде азаматтардың барлық өтініштерін бірыңғай қабылдау терезесі қағидаты бойынша «Е-otinish» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Әрбір адам осы жүйе арқылы мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің бірінші басшыларына жүгіне алады. Платформа өтініш берушілерге өтінішті қарау барысын бақылауға және дербес бақылауға мүмкіндік береді https://eotinish.kz/ Жүйеге келіп түсетін барлық өтініштер мен сұрау салулар мемлекеттік органның өзі де, Бас прокуратура да…
-
Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясын шақыру туралы
Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясын шақыру туралы VIІІ – шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы 2026 жылдың сәуір айының 27 күні сағат 15-30-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді. Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады: 1.Ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы…
-
Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды
Алматы облысының Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Кешен жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді,– деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін…
-
Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді
Әрбір бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап қауіпті инфекциялардан қорғалуға лайық. Уақтылы вакцинация ауыр аурулардың алдын алып, өмір бойы денсаулықты сақтауға көмектеседі. Балаңыздың екпе картасын тексеріңіз – қорғау сізден басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/1205848?lang=kk
-
ШҚО-да мектеп қауіпсіздігі полицияның ерекше бақылауына алынды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл жұмыстар оқушылар үшін барынша қауіпсіз орта қалыптастыруға және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Өңірде террористік тұрғыдан осал нысандардың тізбесі айқындалған. Оған адамдар көп жиналатын 675 нысан енсе, соның ішінде 240-ы — білім беру мекемелері. Қазіргі…
-
Жетісуда «Eco Spring Action» экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Акция Текелі таулары аумағында іске асырылып, арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік жүргізіліп, еріктілер мен жастар қауымы табиғи аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.…
-
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің мереке күндері жұмысы туралы
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жеке тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.…
-
Инклюзивті саясатты іске асыру шаралары талқыланды
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті жиын өткізілді. Күн тәртібінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Аудан басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығына тоқталып: «Инклюзивті саясатты іске асыру – ауданымыз үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені әрбір азамат –…
-
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Түркия стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып сапалы жаңа деңгейге көтерілді. -14 мамырда президент Режеп Тайып Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында біз стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, бірқатар жаңа келісімдерге қол қоямыз,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/1205819?lang=kk
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады 2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге…
-
Қандастармен кездесу
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң және Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде ауданда тұрып жатқан қандастармен тиісті жұмыстар жүргізілді. Осылайша, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қоныс аударған тұрғындармен кездесіп, мемлекеттік тілді оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, аудан деңгейінде қазақ тілін оқытуға бағытталған арнайы үйірме топтары мен…
-
«ARLAN» СК мықтыларды біріктіреді: ШҚО-да полиция қызметкерлері арасында хоккей турнирі бастау алды
«ARLAN» СК мықтыларды біріктіреді: ШҚО-да полиция қызметкерлері арасында хоккей турнирі бастау алды Шығыс Қазақстан облысында көктемнің басты оқиғаларының бірі — шайбалы хоккейден республикалық турнир басталуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрінің Кубогы үшін бақ сынайтын болады. «ARLAN» клубы ұйымдастырған жарыстың басты мақсаты — қызметтік-қолданбалы спортты дәріптеп қана қоймай, полиция қызметкерлерінің мінезін шыңдау,…
-
«Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі
2026 жылғы 20 сәуірде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі өтті.Іс-шара Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған.Биыл турнир 9-шы рет өткізіліп, 10 бағытты қамтыды. Жыл сайын жобалар мен қатысушылар саны артып келеді. Биыл 83…
-
Еңбек министрлігі ғылыми институт зерттеуі негізінде жастардың еңбек құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін қарастыруда
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында кәмелетке толмаған азаматтардың еңбек жағдайларына арналған ауқымды әлеуметтік зерттеудің нәтижелері қаралды. Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Лязат Ақтаева өз баяндамасында зерттеу бес өңірді қамтығанын атап өтті. Сауалнамаға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Маңғыстау облыстарында…
