Санат: Қазақстан
-

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы
2026 жылғы 31 тамызда «Шығысқазжерқойнауы» ӨД Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысына қатысты, мұнда Шығыс Қазақстан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбалады өндіруді және кен іздеушілікті реттеу саласындағы мемлекеттік аудиттің нәтижелері қарастырылған. Талқылау барысында саланың жай-күйінің, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігінің, заңнама талаптарын сақтаутың және мемлекеттік реттеудің нәтижелілігін арттырудың өзекті мәселелері қозғалды. Ерекше назар Аудит…
-

2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына мемлекет толық кепілдік береді.
2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына мемлекет толық кепілдік береді. Төлем тәртібінің өзгеруі зейнетақы жүйесінің дамуымен байланысты. Азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі берілді. Бұл видеода өтемақы төлеу тәртібінің қалай өзгеретіні және…
-

Алматыда шағын авиацияны дамытуды қолдау мақсатында авиашоу өтті
16.08.2026 жылы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы шағын авиацияны дамытуға және авиациялық спортты насихаттауға арналған іс-шараға белсенді қатысты. Өткізілген авиашоу барысында прокуратура қызметкерлері заңдылықтың және қауіпсіздік талаптарының сақталуына қадағалауды жүзеге асырды, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысты. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдардың, авиация саласы өкілдерінің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ…
-

Алғашқы зертханалар және жүйенің қалыптасуы
Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметінің тарихы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарынан бастау алады. Дәл осы кезеңде алғашқы мамандандырылған санитариялық-бактериологиялық мекемелер қалыптаса бастады.Алғашқы маңызды қадамдардың бірі — 1920 жылғы наурызда Орынбор қаласында Өлкелік химиялық-бактериологиялық зертхананың құрылуы болды. Мұнда туберкулез және басқа да жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында қақырыққа бактериологиялық зерттеулер жүргізілді. 1921 жылы Ақмолинск және Орал қалаларында санитариялық-бактериологиялық…
-

Білім күні – жаңа оқу жылына жарқын қадам!
Бүгін аудан әкімі Андреевка ауылындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты. Салтанатты шара барысында аудан әкімі оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында баршаға сәттілік, зор денсаулық, толағай жетістіктер және шығармашылық табыс тіледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, білім жолындағы…
-

Жетісу облысында «Бірлік пен келісім» фестивалі өтті
Жетісу облысында Алматы, Тараз қалалары мен облыс өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен «Бірлік пен келісім» фестивалі өтті. Фестивальде Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды. Көпшілік олардың халық әндері мен билерін тамашалап, фольклорлық және хореографиялық қойылымдарды көрді. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге негізделген бағдарлама фестивальдің мазмұнын байыта түсті. Іс-шара барысында қазақ, орыс, татар,…
-

Атырауда инклюзивті спорт кешенін салу мәселесі талқыланды
Атырау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен Атырауда инклюзивті спорт кешенін салу мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ-ға қарасты «Нысандар құрылысын салу компаниясы» корпоративтік қорының бас директоры Сапар Нұрашев, «Deluxe Design» ЖШС директоры Алтынай Күншығарова, дербес бөлім басшылары және коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты. Шаһар басшысы аталған әлеуметтік жобаның қала үшін маңыздылығын…
-

🔎Мемлекеттік қызметтердің бірқатарын ХҚКО-ға бармай-ақ, үйден алуға болады.
🔎Мемлекеттік қызметтердің бірқатарын ХҚКО-ға бармай-ақ, үйден алуға болады. «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі арқылы маманды өзіңізге ыңғайлы мекенжайға шақырып, қажетті қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар. ✅Дербес менеджер қызметті рәсімдеуге көмектесіп, кеңес береді және қажетті құжаттарды қабылдайды.Дербес менеджердің үйге бару қызметі 7 447 теңгені құрайды. Ал көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін мемлекеттік баж көзделген жағдайда, ол…
-

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес, 2026 жылдың мамыр айынан бастап білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта жүргізілуде. Осы Заңға сәйкес Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілді. Жаңа форматта жүргізіліп жатқан мемлекеттік аттестаттаудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы ұсынған өзін-өзі бағалау қорытындысы мен құжаттары, Ұлттық білім беру деректер…
-

Аудандық мәслихат депутаттарының, аудан халқының назарына
VІІІ сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХХ сессиясы 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді. Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі: «2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 31/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17…
-

🌟 БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРҒА – АЛҒЫС ХАТ
Жазғы демалысты тиімді өткізіп, кітап оқуға уақыт бөлген оқушылардың еңбегі елеусіз қалмады. Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Жазғы Book-Drive: Оқы да, оз!» жазғы кітап оқу марафоны өз мәресіне жетіп, 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында белсенді оқырмандарды марапаттау шаралары өтті. Марафонға белсенді қатысқан оқушыларға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық мәслихат депутаттары Сәкен Маженов, Мақсат…
-

Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлама
Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлама «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті…
-

1 қыркүйек: Астана полициясы оқушылармен бірге жаңа оқу жылын қарсы алды
Бүгін Астананың мыңдаған оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына жол ашылды. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше толқынысқа толы болды.Білім күні Астана қаласы Полиция департаментінің басшы құрамы елордалық мектептерге барып, ұстаздармен, оқушылармен және ата-аналармен бірге оқу жылын бастаған маңызды күннің қуанышын бөлісті.Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры…
-

МӘСЛИХАТ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МӘДЕНИ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Семей қаласы мәслихаты аппаратының қызметкерлері жерлесіміз, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Айгүл» ансамблінің бұрынғы әншісі Қарлығаш Мұртазинамен кездесуге қатысты. Іс-шара барысында жерлесіміздің өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Қарлығаш» деректі фильмі көрсетілді. Мұндай кездесулер мәдени мұраны сақтауға, елге еңбегі сіңген тұлғалардың шығармашылығын дәріптеуге және қоғамдағы рухани-адамгершілік…
-

Нұркен Кобжанов Бұқар жырау ауданындағы “Жайлы мектептің” ашылуына қатысты
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Ғабиден Мұстафин атындағы кентте (Нұра станциясы) жаңа заманауи мектептің салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шараға Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Жиенбаев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары С.С. Бекенбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, педагогикалық ұжым, оқушылар мен кент тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында облыстық мәслихат төрағасы оқушыларды, ата-аналар мен педагогикалық…
