Санат: Қазақстан
-

Меркі ауданында өрт сөндірушілер психологиялық отты жолақта жаттығудан өтті
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен жоспар-кестеге сәйкес психологиялық отты жолақта арнайы жаттығу өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің жоғары температура, түтін және ашық от жағдайында әрекет ету дағдыларын жетілдіру, физикалық және психологиялық төзімділігін арттыру. Жаттығу барысында жеке құрам қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белгіленген тапсырмаларды орындап, кәсіби шеберліктерін…
-

Қазақстанда «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша шағын бизнесті субсидиялау шарттары жаңартылды
Қазақстанда шағын бизнесті қолдауға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енді. Бағдарламаны «Даму» КДҚ жүзеге асырады. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысымен бекітілді. Не өзгерді? Қолдау шараларына салалық шектеусіз әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілді. Олар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша бағдарламаға қатыса алады. Бұл ретте жобаны іске…
-

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ
Ордабасы ауданы әкімдігінде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етті.Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерінің орындалуы және бірқатар салалардағы жұмыстардың жай-күйі талқыланды.Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен жергілікті бюджетке түсетін түсімдер туралы баяндады.Аудан басшысы бюджет кірісін ұлғайтуға бағытталған жұмысты күшейтуді тапсырды. Салық базасын кеңейту,…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысында шағын өндірістік парктер кәсіпкерлер үшін тиімді алаңға айналып келеді. Бүгінде өңір аумағында 29 шағын өндірістік парк құрылып, онда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Оның 165-інің құрылысы аяқталды.Өндірістік парктерде жалпы құны 226,9 млрд теңге болатын 269 жоба жасақталған. Қазіргі таңда оның 114-і іске қосылды. Жобалар негізінен құрылыс материалдарын, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге…
-

Ауыл тұрғындары жалға берілетін тұрғын үйді өздері таңдай алады
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдап, оны алу үшін өтініш бере алады. Бұл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты. Жаңа тетік бойынша өтініштерді алғашқы қабылдау…
-

Алға теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 124 вокзал жаңғыртылуда. Оның негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымын заман талабына сай жаңартып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастыру. Осы жұмыстар аясында Алға қаласында ғасырдан астам тарихы бар теміржол станциясы жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жаңа вокзал пайдалануға берілді. Алға теміржол станциясының тарихы 1912 жылдан басталады. Орынбор–Ташкент теміржол…
-

Абай облысының 2026 жылғы қаңтар – шілде айларындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Өнеркәсіпте 2 005,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 102,0%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 472,8 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 102,7%. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,8% өсіммен 213,4 млрд. теңгені құрады. Облыс экономикасына 282,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 116,1%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 154,1 млрд. теңге,…
-

БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні және ядролық қарусыздану саласындағы атаулы мерейтойлар атап өтілді
Нью-Йорк, 2026 жылғы 31 тамыз – БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күніне орай бірқатар іс-шара өтті. Биылғы Халықаралық күн үш айтулы мерейтой аясында өтуде: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) қол қоюға ашылғанына 30 жыл және Орталық Азиядағы…
-

КҮЗГІ КӨГАЛДАНДЫРУ: ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Күзгі экологиялық айлық аясында елордалық Байқоңыр ауданының аумағында кешенді көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары Абай даңғылында, Кенесары, Пушкин және Ташенев көшелері бойындағы қоғамдық кеңістіктерде жүргізіледі және елорда климатына төзімді 500-ге жуық жасыл желек түрлерін отырғызу қарастырылған. Олардың қатарында үйіңкі түрлері, жасыл шетен, ұсақжапырақты қарағаш, қызыл тал және мамыргүл сияқты ағаш-бұта түрлері…
-

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады
Нью-Йорк, 2026 жылғы 31 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады. Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын. Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін…
-

Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Астанада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады
Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді. t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1283268?lang=ru
-

VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың дәстүрлі және ұлттық спорт түрлерін сақтауға, дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық спорттық-мәдени іс-шара. Ойындардың ашылу салтанаты қырғыз елінің астанасындағы «Бішкек-Арена» стадионында өтуде. Сыйымдылығы жағынан Орта Азиядағы ең үлкен кешенге 50 мыңнан астам адам жиналды. Халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатын 17 елдің…
-

Қазақстан мен KANAL-Centre Pompidou мәдени ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Брюссель, 31 тамыз 2026 жыл – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко KANAL-Centre Pompidou бас директоры Ив Гольдштейнмен және орындаушылық өнер бағытының жетекшісі Ги Гипенспен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың серпіні, заманауи өнер, сәулет және орындаушылық өнер салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Елші 2025-2026 жылдары Бельгияда өткен Қазақстанның мәдени бастамалары, соның…
-

Құқықтық түсіндіру іс-шаралар
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы Ақтоғай аудандық Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде Павлодар облысы Әділет Департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» мемлекеттік аға сот орындаушысы Л.Жакенова «АdiletGov» мобильді қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» онлайн-сервисінің жұмыс істеуі туралы құқықтық түсіндіру іс-шаралар өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1283260?lang=ru
