Санат: Қазақстан
-

БҚО-да алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды
БҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасауға күдікті дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында күдіктінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды. Ол аталған адамдарға банктен есепшоттар мен карталарды ресімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын қолдануды өзіне беруді ұсынған. Барлығы 40-қа жуық…
-

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік…
-

Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады
Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті…
-

Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуды талқылады
Абу-Даби, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Омар Обейд Альхесан Аль-Шамсимен және БАӘ Сыртқы істер министрінің халықаралық даму және ұйымдар мәселелері жөніндегі көмекшісі Сұлтан Мұхаммед Аль-Шамсимен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында Қазақстан-Эмират стратегиялық қатынастарын одан әрі нығайтуға ерекше…
-

Қызметте мықты – командада біртұтас
Полиция қызметкері үшін спорт – тек дене дайындығы ғана емес. Ол – рухтың мықтылығы, тәртіп, төзімділік және бірлесе әрекет ете білу. Дәл осы қасиеттерді полиция қызметкерлері күнделікті қызмет барысында қолданады. 16–18 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтеді. Алдағы жарысқа дайындық аясында полиция қызметкерлері оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығулар жоғары…
-

ДКК төрағаларымен Zoom-конференция
2026 жылғы 27 тамызда медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Б. Н. Дандубаева Қостанай облысы медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларымен Zoom-конференция өткізді. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А. К. Бикенова және Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Ж. Б. Кенжебаева қатысты.…
-

Үштөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп қауіпсіздігі тексерілді
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Үштөбе қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қаладағы орта мектептердің бірінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп, білім беру мекемесіне іргелес аумақтың жағдайына және оқушылардың «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша қауіпсіз жүріп-тұруына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында…
-

Ақмола облысында инвестициялар, индустриялық аймақтар және бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды
Аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және Ақмола облысының индустриялық аймақтарын дамыту мәселелері қаралды. Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2026 жылға өңір бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңге деңгейінде белгіленген. Жеті айдың қорытындысы бойынша облысқа 404,6 млрд теңге инвестиция тартылып,…
-

🔊 Құрметті педагогтер! «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілетіндігін хабарлаймыз.
🔊 Құрметті педагогтер! «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілетіндігін хабарлаймыз. Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Конкурстың қалалық кезеңінде білім беру ұйымдарының педагогтері арасынан кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен және білім беру саласына қосқан үлесімен ерекшеленген үздік педагогтер анықталады. Конкурсты өткізу тәртібі, мерзімі, қатысу талаптары мен…
-

Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Орал қалалық мәслихаты төрағасының шешімі Орал қаласы №30 2026 жылғы 27 тамыз Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ: Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында…
-

Барлығы өзімізден басталады: Жетісу полициясы тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады
Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындарды туған өлкеміздің тазалығына ұқыпты қарауға және қоғамдық орындардағы тәртіп үшін әр адамның жеке жауапкершілігі бар екенін ұмытпауға шақырады. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды, оның ішінде қоғамдық орындарды ластау деректерін тіркейді. Қоқысты жәшікке жеткізбей тастау немесе темекі тұқылын көшеде қалдыру ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Алайда дәл…
-

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда 2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті. Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып…
-

САРЫАҒАШ: ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫН СЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Сарыағаш ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерін жаңарту және арнайы жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, аудан аумағында жалпы 100 шақырым жолға ақ жолақтар сызылып, сондай-ақ 1200 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы жүргізіледі. Жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу кезінде сапалы термопластикалық материал қолданылуда. Бұл материал…
-

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбековтің төрағалығымен техникалық оқу өткізілді. Оқу барысында келесі мәселелер қаралды: 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты, 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын…
-

Президент тапсырмасы: Жамбыл облысында соңғы бес жылда 113 млн-нан астам ағаш отырғызылды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі орман шаруашылығының жай-күйі, орман қорын қорғау, өрттің алдын алу шаралары және «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің жұмысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нартай Әлібеков баяндама жасады. Бүгінде Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4 млн…
