Санат: Қазақстан
-

Білім туралы құжаттың телнұсқасын қалай алуға болатынын айтып береміз.
Диплом немесе аттестат оқуға түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу кезінде күтпеген жерден қажет болуы мүмкін. Түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оны қалпына келтіруге болатынын көпшілік біле бермейді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1281400?lang=ru
-

Өндірістік жарақаттану: зардап шеккен жұмыскердің құқықтары
Өндірістегі жазатайым оқиға уақтылы ден қоюды және міндетті түрде тергеп-тексеруді талап етеді. Өндірістік жарақат алған жағдайда жұмыскер болған оқиға туралы жұмыс берушіге дереу хабарлап, медициналық көмекке жүгінуі қажет. Жұмыс беруші, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыруға міндетті. Зардап шеккен жұмыскердің: – тергеп-тексеру материалдарымен танысуға; – еңбек қызметіне байланысты жазатайым…
-

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған өндіріс орындарын көбейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Игілік елді мекенінде «Хамро ата» ЖШС-нің мақта майын өңдеу зауыты салынуда. Жаңа кәсіпорынның құрылысы бүгінде қарқынды жүргізілуде. Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Нысанға қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, өндірістік желілерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес,…
-

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Талдықорғанда 30 мыңнан астам тұрғынға жаңа өрт сөндіру депосы қызмет етеді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Барлық қажетті техникамен қамтылған, кадрлық құрамы толық өртке қарсы кешен қаланың жаңа шағын аудандарында тұратын 30 мыңнан астам тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биылғы наурызда құтқару кезіндегі қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан Дамир…
-

Киберқауіпсіздікке немқұрайлы қарамаңыз: полиция ескертеді
Жетісу облысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — интернет-алаяқтық және азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті. Жыл басынан бері облыста 289 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Киберполиция мен әкімшілік полиция бөлімшелерінің жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесінде бұл қылмыс түрінің саны 14,5%-ға төмендеді. Брифинг барысында дропперлікке ерекше назар аударылды. Банк картасын, шотты немесе жеке деректерді үшінші тұлғаларға күмәнді…
-

Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: “Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары”.
Тұрғын үйлерде өрттің шығуына көбінесе үй ішіндегі, төбе жабындарындағы, тарату қораптарындағы, люстралардағы және басқа да жерлердегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болады. Бұл шатырдың немесе тұрғын үйдің өздігінен өртенуіне әкелуі мүмкін.Осыған байланысты үйіңіздегі электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды сұраймыз. Электр сымдарының пайдалану мерзімі аяқталған жағдайда оларды уақытылы ауыстыру қажет.Электр құрылғыларын пайдалану кезінде…
-

Жаңа оқу жылы: ІІМ барша ата-ана мен ұстаздарға үндеу жолдады
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдайды. Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Сондықтан ІІМ жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады. Жаңа оқу жылына барлық мектептің маңындағы жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Балаларды тасымалдайтын автобустар да толық…
-

БҚО-да алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды
БҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасауға күдікті дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында күдіктінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды. Ол аталған адамдарға банктен есепшоттар мен карталарды ресімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын қолдануды өзіне беруді ұсынған. Барлығы 40-қа жуық…
-

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік…
-

Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады
Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жергілікті…
-

Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуды талқылады
Абу-Даби, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Омар Обейд Альхесан Аль-Шамсимен және БАӘ Сыртқы істер министрінің халықаралық даму және ұйымдар мәселелері жөніндегі көмекшісі Сұлтан Мұхаммед Аль-Шамсимен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында Қазақстан-Эмират стратегиялық қатынастарын одан әрі нығайтуға ерекше…
-

Қызметте мықты – командада біртұтас
Полиция қызметкері үшін спорт – тек дене дайындығы ғана емес. Ол – рухтың мықтылығы, тәртіп, төзімділік және бірлесе әрекет ете білу. Дәл осы қасиеттерді полиция қызметкерлері күнделікті қызмет барысында қолданады. 16–18 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтеді. Алдағы жарысқа дайындық аясында полиция қызметкерлері оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығулар жоғары…
-

ДКК төрағаларымен Zoom-конференция
2026 жылғы 27 тамызда медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Б. Н. Дандубаева Қостанай облысы медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларымен Zoom-конференция өткізді. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А. К. Бикенова және Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Ж. Б. Кенжебаева қатысты.…
-

Үштөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп қауіпсіздігі тексерілді
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Үштөбе қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қаладағы орта мектептердің бірінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп, білім беру мекемесіне іргелес аумақтың жағдайына және оқушылардың «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша қауіпсіз жүріп-тұруына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында…
-

Ақмола облысында инвестициялар, индустриялық аймақтар және бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды
Аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және Ақмола облысының индустриялық аймақтарын дамыту мәселелері қаралды. Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2026 жылға өңір бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңге деңгейінде белгіленген. Жеті айдың қорытындысы бойынша облысқа 404,6 млрд теңге инвестиция тартылып,…
