Санат: Қазақстан
-

Шекара арқылы ақша мен жеке заттарды алып өту ережелері
Қазақстан шекарасынан өту кезінде қанша қолма-қол ақша мен жеке заттарды алып өтуге болатынын білу маңызды. Қазақстаннан 10 000 АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе басқа валютадағы осы баламадағы соманы алып шығуға болмайды. Сондай-ақ алтын құймаларды, алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды және 100 грамнан астам тазартылған алтынды алып шығуға тыйым салынады. Алып кіру…
-

Атырауда қызметтік ит Герданың көмегімен жоғалған ер адам табылды
23 тамыз күні сағат 23:50 шамасында 1940 жылы туған ер адамның үйінен белгісіз уақытта шығып кетіп, хабарсыз кеткені туралы қызы полицияға хабарласқан. Іздеу жұмыстарына Кинология қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция аға сержанты Рахымжан Ерболат, полиция сержанты Еламан Утеулиев және қызметтік іздестіру иті Герда жұмылдырылды. Герда жоғалған азаматтың киімін иіскеп, іздеуді үйінің алдынан бастады. Қызметтік ит…
-

Ақмол ауылында сайлау күні ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді
Целиноград ауданының Ақмол ауылында сайлау күні тұрғындар үшін ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді. Киносеанс №640 сайлау учаскесінің жанындағы мектептің спорт алаңында ұйымдастырылды. Сайлау учаскесіне барғаннан кейін тұрғындар бірден үйлеріне қайтпай, кино көруге мүмкіндік алды. Көрермендер үшін ашық алаң дайындалып, олар отбасымен және достарымен бірге уақыт өткізіп, отандық фильм тамашалап, ауылдастарымен еркін әңгімелесті. «Дауыс беруден…
-

IGeO 2026 олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды
Ыстамбұлда өткен географиядан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы елордаға оралды. Астана әуежайында жас географтар мен олардың жетекшілерін Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Құраманың…
-

МӘС шешімімен келіспейсіз бе? Не істеу керек?
МӘС шешімімен келіспейсіз бе? Не істеу керек? Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Аманбек Дархан Кемелбекұлы Instagram әлеуметтік желісі арқылы «МӘС шешімімен келіспейсіз бе? Не істеу керек?» тақырыбында тікелей эфир…
-

Ақмола облысында бір жыл ішінде 400 шақырымға жуық автожол жөнделеді
Ақмола облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Өңір автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие және Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Облыс аумағы арқылы халықаралық көлік дәліздері мен І техникалық санаттағы автомобиль жолдары, соның ішінде Астана – Қарағанды, Астана – Петропавл, Астана – Павлодар және…
-

ҚАЗИЕВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ АШЫЛДЫ
🔹 Шымкент қаласындағы Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасы толық аяқталып, пайдалануға берілді. 🔹 Жоба аясында 4 жолақты автомобиль жолы салынып, жол жиегіне ирригациялық жүйе орнатылды. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымы мен аббаттандыру жұмыстары толық орындалды. 🔹 Жаңа жол солтүстік бағыттағы көлік кептелісін азайтып, қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылына балама бағыт…
-

Қазақстан азаматтары EPS жүйесі арқылы Оңтүстік Кореяға қалай жұмысқа орналаса алады?
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді. Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Осы орталықта кандидаттардың корей тілін қаншалықты білетіні EPS-TOPIK тесті арқылы анықталады. Сонымен қатар олардың кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады. Корея Республикасына аттанар…
-

Жол үстіндегі жылулық: Атырау полицейі шетелдік саяхатшыларға көмек көрсетті
22 тамыз күні Атырау–Астрахань тасжолымен жаяу саяхаттап бара жатқан Чили және Қытай Халық Республикасының азаматтары күннің ыстығында сусындары таусылып, жол бойында аялдауға мәжбүр болған. Қызметтік міндетін атқарып жүрген Құрманғазы аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция майоры Ерсін Гайнетов жол бойынан шетелдік саяхатшыларды байқап, бірден көмекке келген. Полиция майоры саяхатшылармен сөйлесіп, жағдайларын сұрап, қажетті…
-

Ыбықты Cай шатқалында тазалық жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 22 тамызында Ыбықты сай шатқалында табиғи аумақтың тазалығын сақтау мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Маңғыстау облысының Туризм басқармасы мен SaparGo компаниясы бірлесіп өткізді. Тазылық жұмыстары барысында шатқал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи ортаның тазалығы мен көркін сақтауға бағытталған жұмыстар атқарылды. Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты Маңғыстаудың табиғи нысандарын қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін…
-

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
🔹 Шымкентте 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындық аясында мемлекеттік 162 мектептің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары жаңартылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етілуде. 🔹 Мұндағы негізгі мақсат – мектептердің маңында жайлы орта қалыптастырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. 🔹 Сонымен қатар, мектеп маңындағы жол қозғалысын реттейтін белгілер тиісті талаптарға сәйкестендірілуде. 🔹 Жаңа…
-

Дайындық — төтенше жағдайларға дайын болудың негізі
2026 жылдың басынан бері Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау саласында басшы құрам мен мамандардың оннан астам санаты оқытудан өтті. Маңызды санаттардың бірі — азаматтық қорғау құрылымдарының командирлері. Төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың кәсіби дайындығы, жедел шешім қабылдауы және іс-қимылдарының үйлесімділігі үлкен маңызға ие. Оқу барысында теориялық және практикалық…
-

Өрт-тактикалық сабақ өткізілді
Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шу қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында орналасқан «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясы» мекемесінде өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқиға орнына жедел жету және барлау жұмыстарын жүргізу, күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, адамдарды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен…
-

БҚО-да есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ауқымды акция өткізілді
“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Батыс Қазақстан облысында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ауқымды акция өтті. Оқу жылының басталуы қарсаңында “Заң мен тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 400-ге жуық адам қамтылды. Акцияны БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Бәйтерек ауданының полиция бөлімі, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу…
-

“Адасып кеткенсің ғой, жылама”: полицейлер адасқан баланы әкесіне жедел жеткізді
21 тамыз күні сағат 16:45 шамасында күндізгі кезекшілік қызметін атқарып жүрген Махамбет аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының аға инспекторлары полиция капитаны Расул Амануллин және полиция капитаны Болатбек Есенжанов Атырау–Индер тас жолының 70-шақырымында велосипедпен жол бойында жүрген 8 жастағы баланы байқап, қасына тоқтаған. Полицейлер баламен сөйлесу барысында оның әкесінен адасып қалғанын анықтаған. Бала әкесінің байланыс…
