Санат: Қазақстан
-

Мемлекет басшысының бастамасымен Маңғыстауда «Бір Каспий – бір болашақ» халықаралық сарапшылық сессиясы өтті
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылдың Халықаралық волонтерлер жылы болып жариялануына орай ұйымдастырылған «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығы аясында Ақтау қаласында «Бір Каспий – бір болашақ» халықаралық сарапшылық сессиясы өтті. Іс-шара Каспий маңы елдерінің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық және экологиялық институттар өкілдерінің басын қосты. Сарапшылар Каспий теңізінің…
-

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА КӘСІП БАСТАУҒА МҮМКІНДІК АРТЫП КЕЛЕДІ
Келес ауданының тұрғыны Нұрмұханбет Анарбеков мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өз кәсібін кеңейтіп отыр. Ол 2,5 пайыздық жеңілдетілген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 миллион теңге көлемінде несие алып, жарнамалық баннерлерді басып шығаратын заманауи станок сатып алды. Жаңа құрал-жабдық кәсіпкерге жарнама өнімдерін өз өңірінде сапалы әрі жедел әзірлеуге мүмкіндік беріп, көрсетілетін қызмет аясын кеңейтуге жол ашты. Бүгінде ол…
-

Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді
Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды. Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы…
-

Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазыкпаев келді.
ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 205-ө өкімімен бекітілген Халықпен кездесу кестесіне сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Жазықпаев а.ж. 7 тамызда жұмыс сапарымен Қостанай қаласына келді.Сапар аясында Бақтияр Жазықпаев өңір халқымен және жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесті, азаматтарды жеке қабылдап, бірқатар маңызды әлеуметтік объектілерді аралады Ақпарат көзі…
-

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті жүргізушілер мен аудан тұрғындары! 2026 жылғы 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін КХ-72 «Абай–Шардара» автомобиль жолының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік елді мекені тұсында жол қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу «Қазақстан темір жолы» тарапынан автомобиль жолының үстінен теміржол өткелін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Осыған байланысты Абай–Шардара және Шардара–Абай бағыттарындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.…
-

«БІЗ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» КВЕСТІ ӨТТІ
«Шағала» балалар сауықтыру лагерінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында квест өткізілді. Іс-шараға 4 команда қатысып, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік және логикалық тапсырмалар бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Квест қорытындысы бойынша барлық командалар диплом,сыйлықтармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1271404?lang=kk
-

Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз! Негізгі шарттары:1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа)…
-

2026-2027 оқу жылына республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижесі бойынша, 3554 маңғыстаулық жастар мемлекеттік грант иегерлері атанды.
2026-2027 оқу жылына республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижесі бойынша, 3554 маңғыстаулық жастар мемлекеттік грант иегерлері атанды. Соның ішінде, 2,5 мың түлек солтүстік, орталық, шығыс өңірлері мен Алматы, Астана қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарының грантын иеленді. Өткен жылғымен салыстырғанда республикалық білім гранты бойынша 265 грантқа өсім бар (2025 жылы – 3289). Барлық…
-

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қарағанды облысында биыл жұмыспен қамту шараларына 1 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тартылды. Бірі тұрақты жұмысқа орналасса, енді бірі өз кәсібін ашқан. Ал кейбіріне арнайы жабдықталған жұмыс орындарында еңбек етуге мүмкіндік берілген. Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырып қана қоймай, олардың жұмыс орнында орнығуына және кәсіби тұрғыда бейімделуіне жағдай жасайтын бағдарламалар да кеңейтіліп жатыр. Бұл…
-

Департамент басшысы З. Илимжанованың Кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу (белгілеу негіздері, тәртібі және қайта куәландыру) тақырыбындағы мақаласы
Департамент басшысы З. Илимжанованың Кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу (белгілеу негіздері, тәртібі және қайта куәландыру) тақырыбындағы мақаласы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1271384?lang=ru
-

Құқық бұзушылық туралы енді eGov Mobile арқылы хабарлауға болады
Құқық бұзушылық туралы енді eGov Mobile арқылы хабарлауға болады eGov Mobile қосымшасында азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел хабарлауға мүмкіндік беретін «Заң және Тәртіп» цифрлық сервисі іске қосылды. Сервис арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасылық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары және басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады. Өтініштер тәулік бойы еліміздің барлық өңірінен қабылданып, полиция жедел әрекет…
-

Қостанай ауданында “Таза ауыл-жайлыөмір” байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қостанай ауданында “Таза ауыл – жайлы өмір“ байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Байқауда үшінші орынды Айсары ауылының тұрғыны Жанна Бектемісова иеленді, ол 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Жанна Бектемісова үшін бұл мұндай байқауларға бірінші рет қатысу емес. 2025 жылы ол “армандаған ауыл“ байқауына қатысып, финалистердің ондығына кірді және 60 000 теңгеге сертификатпен марапатталды.…
-

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және…
-

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚАРУЛЫ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН АШЫЛДЫ
Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты. Күдіктілерді анықтауда Жедел басқару орталығының қызметкерлері шешуші рөл атқарып, зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүріп өткен бағытын жедел қалпына келтіріп, олардың жеке басын анықтады.Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға…
