Санат: Қазақстан
-

ҚР Үкіметінің отырысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының негізгі тақырыбы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы болды. Премьер-министр биыл республика бойынша 12 мың шақырымға дейін инженерлік желілерді жөндеу жоспарланғанын атап өтіп, барлық көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдетуді тапсырды. Шығыс Қазақстан облысында 2030 жылға дейін 1,7…
-

Рақымшылық: Жамбыл облысында пробация есебінен 14 сотталған шығарылды
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қабылданған “Рақымшылық жасау туралы” Заңын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметінде тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Аталған Заң талаптарына сәйкес Жамбыл облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 14 сотталған азаматқа рақымшылық актісі қолданылып, олар пробациялық бақылаудан шығарылды. Рақымшылыққа…
-

Төлемді кешіктірмеңіз: Алматы тұрғындарына 2025 жыл үшін 4,8 млрд теңге мүлік салығы есептелді
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді аяқтады. Алматылықтарға есептелген салық сомалары енгізілген коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектері (АЛСЕКО) жолданды. Сонымен қатар, тиісті хабарламалар мен төлем шоттары ыңғайлы төлеу үшін банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Салық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметтері негізінде жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан…
-

Басқармада аппараттық жиын өтті
Облыс әкімдігі жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен аппараттық жиын өткізілді. Жиын барысында аумақтық қорғаныс саласы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қазіргі жағдайы мен 2026 жылғы өзгерістер талқыланып, олардың практикалық қолданылуы жөнінде түсіндірме берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі…
-

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында жер қатынастарына қатысты мәселелер қаралып, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар және өзге де мәселелер көтерілді. Министр азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына толық жауап беріп, олардың барлығы мұқият қаралып, назарға алынатынын айтты. Министрлік басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес тұрақты…
-

ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА БІРІНШІ БОЛЫП САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН ҚҰРДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялау бағытындағы ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады. ТМД елдерінің арасында алғаш рет төмендегі бағыттарды біріктірген бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды: мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау; декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері; зертханалық зерттеулер; кәсіпорындардың өндірістік бақылауы; халықты вакцинациялау мониторингі. Бұрын бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген үдерістер қолмен жүргізілсе, бүгінде…
-

Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. «Запорожье Агро» ЖШС агроном-тұқымшысы Людмила Назаренко Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жақсы ауданы әкімінің Алғыс хатымен “Охотзоопром” ӨБ “РМҚК кәсіпорнының қызметкерлері Берік Рахмет пен Серік Кукенов егістік алқаптарын киіктерден қорғау жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастырғаны және сапалы өткізгені үшін марапатталды.…
-

Абай облысында полиция рейдтік іс-шаралар жүргізді
Абай облысы полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу” бағытында бірлескен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Рейд барысында тәртіп сақшылары мен құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, ата-аналармен және тұрғындармен кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар балаларды қараусыз қалдырудың қауіптілігі, терезелерге…
-

Қосымша эпизодтар: алтын бұйымдар ұрлығы сериясына күдікті кінәні мойындады, қылмыстық іс сотқа жолданды
Бұған дейін полиция Целиноград ауданындағы жеке үйлерден алтын зергерлік бұйымдарды ұрлады деп күдіктелген 30 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, тергеу мәліметтері бойынша, қаскөй үш ауылда үш ұрлық жасаған, үйлерге терезелер арқылы кіріп, тек алтын әшекейлерді ұрлап кеткен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрады.Тергеу барысында ер адам кінәсін…
-

Полицейлер әр түрлі жағдайларда адамдарға көмектесіп, күнделікті қызмет етеді
Олар үшін бұл қарапайым жұмыс, бірақ қиыншылыққа тап болғандар үшін мұндай әрекеттер нағыз құтқару. Сондықтан полиция қызметкерлерінің атына алғыс сөздер жеке хабарламаларға, әлеуметтік желілерге және ресми өтініштерге жиі түсіп жатады.Осындай бір оқиға Көкшетау – Рузаевка автожолында орын алды. Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторларына көлік жүргізушісі хабарласып, әкесінің кенеттен ауырып қалғанын, жағдайы инсульт алдындағы…
-

Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің жүлде қоры 4,65 млн долларды құрайды
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі өтеді. Оған әлемнің жетекші клубтары мен командалары қатысады. Жарыстар қаланың төрт нысанында: «Барыс Арена», BEELINE Arena, «Қазақстан» жеңіл атлетика кешені мен Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.…
-

JAS QALAMGER жобасына қатысуға шақырады
Егер сен 18–35 жас аралығындағы Маңғыстау облысының жас қаламгері болсаң, бұл жоба дәл сен үшін! Өлең, әңгіме немесе эссе жазуға қызығасың ба? Шығармашылық қабілетіңді дамытып, кәсіби қаламгерлерден тәлім алғың келе ме? Онда JAS QALAMGER жобасына қатысуға шақырамыз! Жоба барысында қатысушылар:📚 Writers Room форматындағы 3 шеберлік сабағына қатысады;🖋️ кәсіби жазушылардан тәжірибе жинақтайды;💬 шығармаларын талдап, редакциялау бойынша…
-

Балақайлар мектебі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1264777?lang=ru
-

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАРЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДА АУҚЫМДЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ
Денсаулық сақтау министрі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізуді тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады. Тиісті тапсырмалар Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге…
-

Қытайдың «САМС» инжинирингтік корпорациясы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қытайдың «САМС» инжинирингтік корпорациясы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Тараптар компанияның жобаларды кешенді сүйемелдеу бағытындағы тәжірибесін ескере отырып, өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды. Аталған бағыт инженерлік ізденістер жүргізу мен жобалаудан бастап, құрылыс жұмыстарын басқару, нысандарды пайдалануға беру және…
