Санат: Қазақстан
-

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXІХ сессиясының КҮН ТӘРТІБІ Талдықорған қаласы 22 шілде 2026 жыл Сағат…
-

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: Ертіс өңірінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңға жуық дерегін анықтады
Павлодар облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жолдағы жағдайға күшейтілген бақылау жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерінің жолын кесті.Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 2733 дерегі анықталды. Оның ішінде 1130 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 465 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, тағы 255 жүргізуші техникалық жай-күйі…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ!
📌КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1. Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.2. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1260427?lang=ru
-

СУР-2.0: ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН АЛЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың жұмысын бақылаудың заманауи цифрлық жүйелерін енгізуді жалғастыруда. Соның бірі – СУР-2.0. Бұл жүйе ықтимал тәуекелдерді ерте анықтап, заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. СУР-2.0 мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді автоматты түрде талдайды. Жүйе медициналық ұйымдардың жұмысын бағалап, қай бағыттарға ерекше назар аудару қажет екенін…
-

eQonaq жүйесімен жұмыс істейтін жауапты қызметкерлердің назарына!
eQonaq жүйесіне мәліметтерді уақтылы әрі дұрыс енгізуге ерекше назар аударуды сұраймыз. Енгізілген ақпараттың сапасы мен өзектілігіне: – заңнама талаптарының сақталуы;– есептіліктің дұрыстығы;– қонақтарды бақылау және есепке алу тиімділігі байланысты. Жүйеге енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп, қателіктерге жол бермеуді және барлық операциялардың уақтылы рәсімделуін қамтамасыз етуді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1260429?lang=ru
-

Қарағанды облысы белсенді саяхатқа арналған көптеген мүмкіндіктерді ұсынады
Демалыс әсем табиғат көріністерімен ғана емес, жаңа әсерлерімен де есте қалады. Қарағанды облысы белсенді саяхатқа арналған көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. – Қарқаралы ұлттық табиғи паркіКөркем тау соқпақтары, қылқан жапырақты ормандар, көлдер мен табиғаттың ерекше көрікті жерлері жаяу серуендеуге, треккингке және табиғат аясында демалуға өте қолайлы. – Балқаш көліЖағажайдағы демалыс, балық аулау, судағы ойын-сауық және ерекше күн…
-

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ДУМАН ШАРДАРА ЖАҒАЛАУЫН ӘН МЕН КӨҢІЛ-КҮЙГЕ БӨЛЕДІ
Бүгін Шардара су қоймасы жағалауындағы NURDELUX демалыс аймағында туристік маусым аясында ұйымдастырылған «Теңіз жағасындағы думан» атты мерекелік ән кеші жоғары деңгейде өтті. Шараны Шардара ауданының Қ. Тұрысбеков ауылдық округі мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырып, демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен әсем әннен шашу шашты. Кеш барысында жүргізушілер Шардараның көркем табиғаты, мөлдір жағажайы, саф ауасы мен қонақжайлығы жайында әсерлі…
-

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті облыс тұрғындары, талапкерлер! Жергілікті бюджет есебінен 2026-2027 оқу жылына конкурстық негізде жоғары білім алуға бакалавр (интернатура) мамандықтарына білім беру грантттары тағайындалды. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: 1-кезең: Тиісті құжаттарды тапсыру – ағымдағы жылғы 5-10 тамыз…
-

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі. Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-kaynarbulak/press/news/details/1260396?lang=ru
-

Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Платформа жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына арналған. Олардың қатарында авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар, қолөнершілер және өзге де креаторлармен қатар, шығармашылық студиялар, бірлестіктер, агенттіктер, продюсерлік…
-

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРМАН РОМАНҰЛЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев білім мен өнер саласында жоғары жетістіктерге жеткен ауданның дарынды жастарын арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Кездесуге 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде физика-математика бағыты бойынша 137 балл жинап, соңғы жиырма жыл ішінде Шардара ауданында тіркелген ең жоғары нәтижеге қол жеткізген түлек Мұсабек Альтайыр қатысты. Аудан әкімі жас талапкерді…
-

ТКШ саласын жаңғырту, транзитті дамыту және ауылды қолдау: Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық дамуды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізуді басты басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бүгінде Үкімет жекелеген нысандарды жөндеу тәжірибесінен бас тартып, желілер мен магистральдарды жүйелі түрде жаңартуға көшуде. Инфрақұрылымның негізгі салаларындағы жұмыс…
-

Берікқара балалар лагерінде қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
Жуалы ауданыТөтенше жағдайлар бөлімі мен Талас ауданы №21 Майтөбе өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері бірлесіп Берікқара балалар лагерінде профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік талаптары және терезеден құлаудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі айтылып, қауіпсіздік бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды. Құтқарушылар балаларды қауіпсіздік ережелерін…
-

Жамбыл облысында пробация талаптарын бұзғандар бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге жіберілді
«Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу» жобасын іске асыру аясында Сарысу ауданының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азаматтың жазаны өтеу кезеңінде ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу…
-

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту – қашанда басым бағыттарға ие
Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтуды арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту – ауданның әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі.«Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бірінші жартыжылдықта 1159 жұмыс орны ашылған болатын. Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында 9 жоба бекітіліп, бүгінде 93 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1260403?lang=ru
