Санат: Қазақстан
-

Сандықтау ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр
Сандықтау ауданының Байдалы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жалғасуда. Денсаулық сақтау нысаны ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту және аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында салынып жатыр. Жобаға сәйкес санитарлық, құрылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сай келетін, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді заманауи бір қабатты ғимарат бой көтереді. Бұдан бөлек, фельдшерлік-акушерлік пункттің…
-

Қазақстан мен Бразилия «Қазақстан – Бразилия» достық форумы арқылы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
Бразилиa, 2026 ж. 15 шілде – ҚР Елшісі Болат Нүсіповтің Планетарлық одақтың және «Қазақстан – Бразилия» достық форумының президенті, Бразилия Ұлттық конгресінің бұрынғы сенаторы Улиссес Ридельмен кездесті. Қазақстан Елшісі сұхбаттасын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, оның ішінде 2026 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, алдағы бір палаталы Құрылтайға…
-

Жақсы ауданында теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді
Ақмола облысының Жақсы ауылында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысан теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында толық қайта жаңартылды. Ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты. «Вокзалдарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Ақмола облысында 16 теміржол…
-

Ақмола облысында етті мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды
Ерейментау ауданында етті мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Жиында саланы дамытудың кешенді жоспарын іске асыру тетіктері мен экспортқа бағдарланған ет кластерін құру мәселелері қаралды. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, аудан әкімдері, агробизнес өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Кеңесті ашқан Марат Ахметжанов мұндай кездесудің…
-

Ақмола облысында тауарлық кредиттеудің алғашқы келісімдеріне қол қойылды
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ерейментау ауданына жасаған жұмыс сапарының негізгі тақырыбы мал шаруашылығы кластерін дамыту болды. Өңір басшысы «Жаңа-Береке-Репродуктор» ЖШС-нің бордақылау алаңында болды. Кәсіпорын өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Сондай ақ, 46,8 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына иелік етеді және 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда мұнда 3,8 мың бас ірі…
-

2026 жылғы 17 шілдеде Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиков Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді
2026 жылғы 17 шілдеде Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиков Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. К.Ж. Сюндиков мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының негізгі стандарттарын атап өтті. Спикер № 4 (ТБН-4) «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын, түсіндіру жұмысының…
-

Шығыс Қазақстан облысының әкімі металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады
Дәл қазір ШҚО орталығында осы жексенбіде атап өтілетін Металлург күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп жатыр. Сала өкілдерін кәсіби мерекесімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде металлургияның Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің негізі екенін атап өтті. Бүгінде өңірде елдің металлургия саласының шамамен 60 пайызы шоғырланған, Қазақстандағы мырыш шикізатының 100 пайызы және тазартылған…
-

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізу туралы
Тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ, Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін олардың жауапкершілігін күшейту мақсатына «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді. Ұсынылған өзгерістер Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне, сондай-ақ Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге әсер ететіндігіне байланысты…
-

ШҚО мен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС меморандумға қол қойды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды. Құжатта компанияның Сарыбұлақ кен орнын игеру аясындағы инвестициялық міндеттемелерін жүзеге асыру көзделген. Инвестициялық қаражат өңір тұрғындары үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағытталады. Атап айтқанда, Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып дәріхана салу, су электр станциясының құрылысын қаржыландыру, туризм мен экономика салаларындағы жобаларды қолдау…
-

ШҚО спортшысы дзюдодан Азия чемпионы атанды
16-17 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты өтуде. -Осы дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ернат Кеңесбек 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, барлық қарсыласынан басым түсті және Азия чемпионы атанды. Отандасымызды жарысқа білікті бапкер Жандос Сайлаубеков дайындады, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында. Айта кетейік, бұған…
-

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10:00-де электрондық аукцион өткізеді
Құрметті жерлестер! «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10:00-де sauda.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру арқылы электрондық аукцион өткізеді. Аукционда 3 жылға дейінгі мерзімге жалға алуға құқығы бар жер учаскесі ұсынылады. Жер учаскесінің нақты орналасқан жерін жоғарыда көрсетілген веб-порталда көре аласыз. ☎️Анықтама телефоны: …
-

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр. Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті. – Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы – Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы…
-

Әуезов ауданының әкімі тұрғындарды кезекті жеке қабылдауын өткізді
14 шілде күні Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиев тұрғындарды кезекті жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру, аула аумақтарын көркейту, су бұру жүйесі, шағын футбол алаңын салу, сондай-ақ Жетісу-3 ықшам ауданындағы қазаншұңқырға қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1260043?lang=ru
-

Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылады. Жиын Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес еркін форматта өтті. Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сауалдарын облыс әкіміне тікелей жолдады. Алдымен өңір басшысы облыстың даму жоспары мен Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық…
-

Әуезов ауданында балаларға арнап салқындату акциясы ұйымдастырылды
Әуезов ауданында балаларға арнап салқындату акциясы ұйымдастырылды Алматыда сақталған аптап ыстыққа байланысты Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы «Балаларға салқын сыйлау» атты профилактикалық акция өткізді. Акция барысында өрт сөндіру автоцистернасының көмегімен балаларға сергітетін су шашылып, олар жаздың ыстығында салқындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1260032?lang=ru
