Санат: Қазақстан
-
Мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерді
Қызылжар ауданының мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерді “Аманат” партиясы ҚБ атынан аудандық мәслихаттың төрағасы Жанат Елеусізов құттықтап, аудан мәдениетіне, руханиятына қосқан үлестері үшін бірнеше қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-culture/press/news/details/1004293?lang=kk
-
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Вьетнамға астық жөнелтуді бастады
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы көлемі 15 мың тонна қазақстандық жоғары сапалы бидайдың бірінші партиясын Вьетнамға жөнелтуді бастады. Контейнерлік пойыз Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан жөнелтіледі. Жеткізу мультимодальды схема бойынша жүзеге асырылады: алдымен, астық теміржол бойынша Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы Қытайдың Ляньюнган халықаралық теңіз портына жеткізіледі, содан кейін теңіз кемелеріне тиеліп, Вьетнамның Hai Pong портына…
-
30 мамырда Қарағанды облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді
30 мамырда Қарағанды облысында Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Кез келген адам тегін заң кеңесін алып, мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгіне алады. «Халық заңгері» ауқымды акциясын Қарағанды облысының әкімдігі, Әділет департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өткізуде. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін…
-
Қостанай облысында орман қорын қорғау және қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, сондай-ақ ғылыми мекемелердің, табиғат қорғау ұйымдарының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Басқосудағы басты тақырып – өңірдегі орман қорын қорғау, сақтау…
-
Ерғали Егемберды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Ерғали Қуандықұлы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. Ол еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Сондай-ақ Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Астананың «Сарыарқа» ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы,…
-
«Таза Қазақстан»: елордалық параспортшылар экологиялық акцияға қатысып, Астанада ағаш отырғызды
Елордалық параспортшылар ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінің маңында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубының өкілдері Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде бас қосып, алдағы жоспарларды талқылап, шырша егу шарасына қатысты. «Біз «Елорда» клубының параспортшыларын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылаған үлкен кездесу өткіздік. Алда…
-
Тәуелсіздік даңғылы кезең-кезеңімен ішінара жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылына орташа жөндеу жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты:– 28 және 29 мамырда Б. Майлин көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады;– 30 және 31 мамырда Күйші Дина көшесінен Қажымұқан Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы…
-
Астанада балаларды вакцинациялау мәселесін дәрігерлер, қоғам белсенділері және ата-аналар талқылады
Елордада балаларды вакцинациялау мәселелеріне арналған кездесу өтті. Талқылауға мемлекеттік органдардың, медициналық мекемелердің өкілдері, сарапшылар мен ата-аналар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Кездесуді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Қатысушылар балаларды вакцинациялаумен қамту деңгейінің қазіргі жағдайын, иммундауға деген сенімді арттыру шараларын, ата-аналарды ақпараттандырудағы медицина қызметкерлерінің рөлін, сондай-ақ…
-
«Дарбаза» полигонында әскерге шақырылғандар жауынгерлік сынақтан өтті
Түркістан облысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасына көктемде әскерге келген 200-ге жуық сарбаз алғашқы жауынгерлік атыстарды орындап, ұрысқа барынша жақын жағдайда іс-қимылдарды пысықтады. Жас жауынгерлер АК-74 қаруынан іс жүзінде алғаш рет оқ атып, қарсыластың шартты броньды көліктеріне жертөледе жатып қол гранаталарын лақтырды, оған қоса танк сынағынан өтті. Жас жауынгерлер 40 тонналық шынжыр табанды машина мен зуылдаған…
-
Қазақстанның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ комиссиясының отырысына қатысуы туралы
Вена, 2025 жылғы 19-23 мамыр – Қазақстан делегациясы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 34-ші сессиясының жұмысына белсенді қатысты. Сессияның жалпы пікірталастарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның қылмыспен және терроризммен күрес жөніндегі халықаралық келісімдерге, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа…
-
«Астана – есірткісіз қала»: елордада бұқаралық велошеру өтті
Астанада есірткіге қарсы күрес күніне орай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Мектеп маусымының аяқталуы және жаз мезгілімен тұспа-тұс келген сәтте қала шетіндегі «Жасыл белдеу» саябағында велошеру ресми түрде ашылды. Таңғы 9:00-де басталған спорттық шараға елордамыздан 700-дей тұрғын қатысты. «Қоғамда мәселелер көп. Бірақ интернет беттерінде синтетикалық есірткі жайлы өте көп талқыланады. Мемлекет…
-
Алматыға Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери делегациясы келді
Қазақстан мен БАӘ қорғаныс ведомстволары әскери қызметшілерінің кездесуі ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өтті. Тараптар әскери ынтымақтастықтың жауынгерлік даярлық саласындағы ықтимал бағыттарын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004305?lang=kk
-
Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру мәселелері бойынша заңнама өзгерістері күшіне енеді
2025 жылғы 24 мамырдан бастап Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге қатысты заңнамада елеулі өзгерістер күшіне енеді.Барлық кезектегілер мен жаңа өтініш берушілер «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық жүйесіне ауыстырылады, ORKEN.OTBASYBANK.KZ, болашақта тұрғын үй алуға және тұрғын үйді бөлуге кезекке қою жөніндегі есеп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде осы Бірыңғай Республикалық электрондық базада…
-
Жаңа әуехаб: Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды
Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әуежайларының жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту және аэрохабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады. 27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері тұрақты…
-
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы
Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласыӨткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жылҚатысушылардың келу күні: 18 маусым Қайту…