Санат: Қазақстан
-

Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі
Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй. Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 11:00-де басталады. Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз:…
-

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңге болды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңге немесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,31 трлн теңге, 12 айда 2,69…
-

Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысандарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы станциясы салынады. Жаңа қосалқы станция бригадалардың келу уақытын қысқартуға және Қарғалы, Ақжар, Көктем, Қызылжар сынды басқа да қала маңындағы аумақтардың қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарының тұрғындары үшін шұғыл көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қосалқы станцияның жеті бригадасы шамамен 110 мың адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ осы аудандардың белсенді дамуы жедел жәрдем қызметіне жүктеменің одан әрі артуына әкеледі. Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады. Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады. Жалпы, осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем…
-

Ертіс ауылдық округіне қарасты Уварово ауылында ауылдың 305 жылдығына орай үлкен мерекелік шара өтті! 🎉
12 қыркүйекте Уваров ауылында ауылдың құрылғанына 305 жыл толуына арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мереке маңызды және символдық оқиғадан басталды – ауылға кіре берісте «Уварово» атты жаңа стела орнатылды. Жаңа белгі елді мекенге кірудің әшекейіне және оның тарихы мен өзіндік ерекшелігінің символына айналды. Мерекелік шараға Глубокое ауданының әкімі Тумашинов Э.Л., Ертіс ауылдық округінің әкімі Жұмағұлов…
-

Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған тұрғын әкімшілік қамауға алынды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мас күйде көлік басқарған 29 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Патрульдік полиция инспекторлары «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қыркүйек күні сағат 01:58 шамасында ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының…
-

Баспасөз аңдатпасы
Баспасөз аңдатпасы 2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы…
-

Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылды
Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Қызылорда облысының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 9–12 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, оның барысында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауына, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын орындауына бақылау жүргізді. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 108 құқық бұзушылық анықталды. Шетел азаматтары…
-

Қарағандыда жүрекке операция жасаудың жаңа әдісі енгізілуде
Қарағанды қаласының кардиохирургтары аз инвазивті коронарлық шунттау әдісін меңгеріп жатыр. Жаңа технология операциядан кейін пациенттің тезірек оңалуына мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Қарағанды қаласының №2 көпбейінді ауруханасында осы әдіспен алғашқы төрт операция жасалды. Операцияларды қарағандылық мамандар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының кардиохирургтарымен бірлесіп орындады. Классикалық коронарлық шунттау кезінде науқастың кеуде қуысы толық ашылады.…
-

Жаңаарқа ауданында мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңаарқа ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші алкогольдік масаң күйде қайтадан рөлге отырған. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Жаңаарқа кентінің айналма жолында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 1997 жылы туған жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру…
-

Қызылорда облысында “Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды
9–12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1208 дерегін анықтады. Оның ішінде 128 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, 282 көлік құралының мемлекеттік белгісі шешілді. Жолаушылар тасымалы саласындағы…
-

Энергетикалық сусындар бақылауда: Алматы полициясы сауда орындарына рейд жүргізуде
Алматыда полиция қызметкерлері энергетикалық сусындардың кәмелетке толмағандарға сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабы талаптары аясында өткізіліп жатыр. Аталған бапта энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, белгіленген талаптардың сақталуын тексереді. Сондай-ақ сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын…
-

Қала көшелеріндегі рейд: полиция кімдерді анықтап, қайда жеткізеді
Алматы қаласында учаскелік полиция инспекторлары тұрақты түрде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейдтер өткізеді. Бұл жұмыс қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсетуге бағытталған. Рейд барысында полиция қызметкерлері азаматтардың жеке басын анықтап, тиісті ақпараттық есептер бойынша тексереді, көшеде жүру себептерін анықтайды. Қажет болған жағдайда өз…
-

Алматы қаласы арнайы жасақ қызметкерлері балаға көмек көрсетуге үн қосты
Әлеуметтік желілерде балаға көмек көрсету туралы тараған үндеуге Алматы қаласының полиция қызметкерлері бірден қолдау білдірді. Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 50-ден астам қызметкері қан тапсырды. Олардың әрқайсысын ортақ мақсат біріктірді – қазір көмекке аса мұқтаж кішкентай науқасты қолдау. Полиция қызметкерлері күн сайын сабырлылықты, батылдықты және кез келген сәтте көмекке келуге…
-

Шетелдік студенттерге Қазақстанда болу тәртібі түсіндірілді
Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдік студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді. Студенттерге көші-қон заңнамасының негізгі талаптары, атап айтқанда, Қазақстанға кіру және елде болу тәртібі, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, құжаттардың қолданылу мерзімі және оларды уақтылы ұзарту тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ тиісті негіздер мен рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға жол берілмейтініне ерекше…
-

Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырды
Қазақстандық дизайнерлер Нью-Йоркте өз топтамаларын таныстырды Нью-Йорк, 2026 ж. 13 қыркүйек – Нью-Йоркте өткен Unique Fashion Show халықаралық жобасы аясында қазақстандық үш дизайнер — Раушан Ануарбекова, Сабина Вольская және Тимур Тұрсынқұловтың топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Сән көрсетілімінде отандық сән индустриясының түрлі бағыттары таныстырылды: дәстүрлі ұлттық нақыштағы киімдер, заманауи әйелдер образдары және талғампаз классикалық үлгілер. Әрбір…
