Санат: Қазақстан
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Тұрғындар негізінен спорт, жұмысқа орналасу, мәдениет саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың 80 жылдығына орай шығармашылық кеш ұйымдастыруды ұсынса, енді бірі жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Сонымен қатар ата-ана құқығынан айыруға қатысты мәселелер…
-

Оқу-ағарту министрлігі Республикалық физика-математика мектептері филиалдарындағы білім беру гранттарын бөлу конкурсына қатысты төмендегіні хабарлайды.
Республикалық физика-математика мектептері филиалдарына қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын және оқу тілін таңдауға құқылы. Осыған байланысты конкурсқа тіркелу кезінде үміткерлер оқу тілін дербес…
-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына жол бермеуге қатысты талаптарды сақтау мәселелері бойынша іс-шара
12 мамырда құқықтық мәдениетті арттыру, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйғарымға жататын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге осы үшін бөлінбеген орындарда немесе құмар ойындарда қатысу мақсатында телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін…
-

Челлендж «Батырдың ұрпағымын»
Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында 8 мамырда Шал ақын ауданының білім беру ұйымдарында “Батырдың ұрпағы”патриоттық челленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін, отан қорғаушыларға құрмет сезімін тәрбиелеу, тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Челлендж барысында мектеп оқушылары патриоттық әндер орындады, Ұлы Отан соғысының батырлары мен Отан Қорғаушыларға арналған өлеңдер оқылды, бейнероликтер…
-

Иесіз, бұзылған (жартылай) бұзылған нысандардың орнын тазалау, тегістеу жұмыстары.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет есебінен (трансферт) бөлінген қаражатқа Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылында бұзылған (жартылай) бұзылған нысандардың орны тазаланып, тегістетіп, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. Мердігер ұйым ЖК “Ахмадиев” Күршім ауылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum-kalgutty/press/news/details/1223873?lang=ru
-

«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама
Аудандық “Мерейлі отбасы” конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа өзін – өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (бұдан әрі-үміткерлер) қатысады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми…
-

68303 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер қызметін аяқтады
Бүгін Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін абыроймен аяқтаған әскери қызметшілерге арналған салтанатты іс-шара өтті. Әскери борышын лайықты атқарған сарбаздар құрмет пен алғыс атмосферасында запасқа шығарылды. Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілер қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, олардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.…
-

Таза Қазақстан экологиялық бағдарламасы аясында Бүгін Булаев қаласында 5 жылдық сібір қарағайының 112 көшеті отырғызылды. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен барлық ниет білдірушілер қатысты. Мұндай шаралар елді мекенді көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы тұрғындар үшін жайлы етуге ықпал етеді. Тұрғындарды отырғызылған ағаштарға ұқыпты қарап, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-zhkh/press/news/details/1224709?lang=ru
-

Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатындағы алтын жеңіс
Биылғы 17–20 мамыр аралығында Астана қаласында велотректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Елдің үздік спортшылары қатысқан жарыста спорт мектебінің тәрбиеленушісі Маркшталер Артем жоғары нәтиже көрсетті. Артем 3 шақырымдық жеке қуу жарысында жеңімпаз атанып, чемпионаттың алтын медалін иеленді. Бұл жеңіс — спортшының табандылығының, қажырлы еңбегінің және мықты мінезінің нәтижесі. Артем өз мектебі мен өңірінің намысын…
-

Көпжақты дипломатия шеңберіндегі Қазақстан мен Словенияның үйлестіруі
Любляна, 2026 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Республикасының Сыртқы істер және еуропалық істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі директоратын басқаратын Бас директор, Елші Божена Форштнарич Борое ханыммен кездесу өткізді. Тараптар көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс‑қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты, БҰҰ жүйесіндегі қазіргі ахуалға қатысты бағаларымен бөлісті, ұйым институттарын…
-

Авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері, өңірлердегі нысандар құрылысының сапасы талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысып, «Қорқыт ата әуежайының» қазіргі жұмысы туралы баяндама жасады.Еске салсақ, 2024 жылы Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қаласында халықаралық стандарттарға сай «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға…
-

Республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңін қорытындылады.
«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткен республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңін қорытындылады. Байқау 10-13, 14-17 жас санаттары бойынша өтті. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды, оның ішінде біздің оқушылар:10-13 жас санатында:“Тірі ғаламшар” номинациясы бойынша:3 орын: Ерболова Ясмин, «Әубәкір…
-

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АО «Alatau City Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры лауазымына Нұрлан Жетпісұлы Құсайыновты келісілді (2026 жылғы 19 мамыр №30/БВУ/П хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1223533?lang=ru
-

Омбудсмен Жамбыл облысындағы № 59 мекемеге барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі № 59 мекемеге барды. Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіп, олардың тұру жағдайларымен, тамақтануымен, медициналық қызмет көрсетілуімен және еңбекпен қамтылуымен танысты. Мекеменің өндірістік алаңдарында 6 кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, онда 559 адам жұмыспен қамтылған. Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды…
-

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ «Freedom Bank» қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қорқыт ата университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқылмыстардан сақтану жолдарын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шара барысында мамандар интернет алаяқтарының жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді…
