Санат: Әлем
-

Шалқар ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды
Биыл аудан бойынша тұрғындар мен шаруа қожалықтары жалпы 235 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 75 гектарға картоп, 100 гектарға көкөніс, ал 60 гектарға бақша дақылдары орналастырылады. Қазіргі уақытта жер жырту және басқа да көктемгі агротехникалық жұмыстар уақытылы атқарылып жатыр. Шаруашылықтар өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, өнімділігі жоғары әрі құрғақшылыққа төзімді тұқымдармен…
-

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет игеру мәселелері талқыланды
🔹 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. 📈 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Қысқамерзімді экономикалық өсім индексі 103,5%-ды құрады, негізгі көрсеткіштердің басым бөлігінде оң динамика қамтамасыз етілген. 🏭 Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,…
-

Жүктелген міндеттер уақытылы әрі сапалы орындалуы керек
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен кезекті жиналыс өтті. Жиында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланды. Осыған байланысты жауапты бөлімдерге бірқатар шаралар қабылдап, макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсарту тапсырылды. Сонымен қатар аудан бюджетінің игерілу деңгейі де қаралып, қаржының толық әрі уақытылы игерілуі қатаң бақылауға алынатыны…
-

Ресейде «Ахмет Жұбановқа 120 жыл» атты мерейтойлық концерті өтті
Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласындағы Мемлекеттік академиялық капелласының сахнасында тарихи әрі тағылымы мол концерт өтті. Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаған, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай, А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Ахмет Жұбановқа 120 жыл» атты мерейтойлық концерті ұйымдастырылды. Кеш барысында ұлттық музыка жауһарлары…
-

Ақтөбеде оқушылардың жазғы демалысының жаңа форматтары таныстырылды
Ақтөбеде білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның қатысуымен брифинг өтіп, онда жазғы науқанға дайындықтың негізгі бағыттары мен балаларды ұйымдастырылған демалыспен қамту шаралары таныстырылды.Алдағы жазғы маусымда облыс бойынша 177 мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда. Бұл үшін 7 сауықтыру орталығы, 702 мектеп жанындағы лагерь және 49 жазғы алаң жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар маусымдық және жыл бойғы лагерьлерде…
-

Банк конгломераттарын шоғырландырылған қадағалауды дамыту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қаржылық делдалдықтың банкке негізделген моделімен сипатталады. Банк секторы қаржы жүйесінің жиынтық активтерінің шамамен 83%-ын қалыптастырады, бұл оның қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және экономиканы қаржыландырудағы негізгі рөлін айқындайды. Осыған ұқсас құрылым қаржы топтары деңгейінде де байқалады: банк конгломераттарының құрамында активтердің, міндеттемелердің және тәуекелдердің негізгі бөлігі банк сегментінде де шоғырланған. Сонымен бірге, қазіргі…
-

Алға аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды: 1. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.2. Аудандық электр желілерінің ағымдағы жағдайы және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы. Депутаттар ақпараттарды тыңдап, талқылап, тиісті қаулылар қабылдады.…
-

Саран қаласының инфрақұрылымы жаңаруда: 2026 жылы не жүзеге асады
Саран қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жалғасуда. Биылғы жылдың басым бағыты — сумен жабдықтау мен су бұру саласы, мұнда бірден бірнеше ірі жоба іске асырылып жатыр. Инфрақұрылымды жаңарту барысы туралы қала әкімі Дарын Бұлқайыр Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады. Қазіргі уақытта су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Үшінші кезек аясында жоспарланған 92…
-

Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы
2025 жылғы мамыр айынан бастап ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім қолданысқа енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасы үшін сауда жүргізудің неғұрлым тиімді шарттарын және кедендік жүктеменің төмендеуін білдіреді. Көптеген тауарлар бойынша әкелу баждары төмендетілді немесе толық жойылды, бұл шығындарды азайтуға және экспорт-импорт операцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Келісім сауда жүргізудің түсінікті ережелерін белгілейді…
-

Созылмалы бронхит және өнеркәсіптік шығарындылардың денсаулыққа әсері
Созылмалы бронхит – тыныс алу жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі, ол көбінесе ластанған ауа ұзақ уақыт әсер еткенде дамиды. Өнеркәсіптік шығарындыларда көптеген зиянды заттар бар. Олардың ішінде ұсақ шаң, күкірт диоксиді, азот оксидтері, көміртегі тотығы, фенолдар және басқа химиялық қосылыстар бар. Бұл заттар отынды жағу, металлургиялық пештердің жұмысы, шикізатты қайта өңдеу және басқа да…
-

Абай облысында цифрлық бақылау күшейеді
Абай облысының Ақпараттық технологиялар орталығы заманауи цифрлық шешімдерді енгізіп, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қала инфрақұрылымын бақылау арқылы қауіпсіздікті арттыру бағытында жұмыс жүргізеді. Орталықтың қызметі туралы өңірлік цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында баяндады. – Облыс тұрғындары 109 нөміріне хабарласып, өз мәселелерін жеткізе алады. Өтініштер операторлар арқылы…
-

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді. Бүгінде Алматы қаласында баспана алған жас ғалымдар толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған қолайлы…
-

Қарқаралыда Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына орай 100 қарағай егілді
Қарқаралыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Кезекті сенбілік осы өңірдің тумасы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналды. Іс-шара басталар алдында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусин мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды. Оның айтуынша, қаланы көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Экологиялық күнге билік өкілдері мен…
-

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанның су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйесін енгізу мәселесін талқылады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Кездесуде тараптар су шаруашылығы саласын цифрландыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудың интеграцияланған DeepBas жүйесін енгізу мәселесіне назар аударылды. Жоба су балансын болжау дәлдігін арттыруға, ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, құрғақшылық пен су тасқынына байланысты тәуекелдерді уақытылы анықтауға…
-

Көлік саласы тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр
2026 жылғы қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының көлік саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетуде. Нақты көлем индексі 112,8%-ды құрады. Көрсетілген қызметтер көлемі 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (2,4 трлн теңге) асып түседі. Тасымалданған жүктің жалпы көлемі өткен жылдың қаңтар–наурыз айларымен салыстырғанда 8%-ға артып, 239,8 млн тоннаны құрады (222…
