Санат: Алматы
-

Үкіметтің үйлестіру кеңесінің отырысында халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және басқа да халықаралық даму институттарының өкілдері қатысты. Отырыста инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы…
-

Астанада Республика даңғылында жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика даңғылында жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Биыл А.Иманов көшесінен теміржол вокзалына дейінгі учаскеде жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыстардың бірінші кезеңі А.Иманов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта 8-14 сәуір күндері басталады деп жоспарланып отыр. Осы кезеңде автокөлік қозғалысы ішінара…
-

4-СӘУІР КҮНІ ШМКЕНТТЕ ТАҒЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ.
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ 🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға берілетін баспаналарды тапсыру рәсімі өтті. Коммуналды үй қорынан берілген пәтерлер Бозарық, Тұран, Асар-2 шағынаудандарындағы үйлерде орналасқан. 🔷 Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығының алаңында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, әр отбасыға жылулық, бақ-береке және…
-

«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды
7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қызмет көрсету арнасына айналды. Бүгінде жүйе жыл сайын ондаған миллион өтінішті қамтып, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін «бір терезе» қағидатымен ұсынады. Осы жылдар ішінде елде мемлекеттік қызмет алудың біртұтас жүйесі қалыптасты. Соның арқасында қызмет алу бұрынғыдан…
-

Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы – Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы – OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру…
-

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫНА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
Қала әкімдігінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында дауыс беру басталғанын хабарлаймыз. Аталған жоба тұрғындардың бастамаларын қолдап, қаланың инфрақұрылымын дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде ұсынылған бастамаларды іске асыру мақсатында ресми интернет-ресурста электрондық дауыс беру 2026 жылдың 24 сәуіріне дейін жүргізіледі. Дауыс беру жеке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілті арқылы жүзеге…
-

“Таза Қазақстан” акциясы 08.04.2026 ж.
Бүгін 08.04.2026 жылы Қосарал ауылдық округі аумағында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында қысқы кезеңнен кейін Қосарал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мемлекеттік мекеменің аумағын абаттандыру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kosaral/press/news/details/1196719?lang=kk
-

«Жас сақшы» сыныптарының оқушылары полиция қызметкерлерімен бірге бір күн өткізіп, олардың қызметі мен күнделікті жұмысымен танысты.
Олар қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіптің қалай қамтамасыз етілетінін өз көздерімен көрді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1196720?lang=kk
-

Шегірткеге қарсы күрес шараларына 100-ден астам дрон жұмылдырылады
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары толық аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған. Белгілі болғандай, үйірлі шегіртке түрлері дала, шөл және таулы аймақтарда, сондай-ақ өзен аңғарларында таралады. Мұндай жерлерде жерүсті техниканы қолдану қиындық тудырады. Сондықтан ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану зиянкестер…
-

АҚҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Аққұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Айта кетейік, 2025 жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің бүгінде 9-ы толық шешімін тапқан. Қалған 2 мәселе бойынша тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Аққұм ауылдық…
-

Көктем – адам еңбегінің қызған шағы
Көктем шыға салысымен шаруа қожалықтары дәнді дақылдар мен көкөніс егілетін жерлерді жыртып, тырмалап, тегістеп, егіс науқанына қызу кіріседі. Бұл мезгілдегі табиғи өзгерістер, әсіресе күннің нұрының күшеюі, нөсерлі жауындардың жаууы және жердің түрлі түске боялуы кез келген адамның көңіл күйіне ерекше әсер сыйлайды. Осындай шуақты күндері қаладағы шаруашылықтар да егіс жұмыстарын бастап кетті. Мәселен, «Нам» шаруа…
-

Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке
« АДАЛ АДАМ » мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының « Жанұя шуағы » жобасы аясында 70 жасқа толған Талқанбаев Тұрсынғали және Жұмабекова Қуанышкүл ардагер отбасымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің бас маманы Ибраев Дәурен Сәбитұлы, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер ұйымының алқа мүшесі, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбетов Қабылбек Нұрмағанбетұлы…
-

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА АГРЕССОРЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ПСИХОЛОГТАР ТОБЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңаөзен қаласында агрессорлармен жұмыс жасайтын психологтар тобын құру мәселесіне арналған жұмыс кездесуі өтті. Жиын Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі М. Сагиновтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында агрессорлармен жұмыс жүргізуде психологтардың рөлі ерекше маңызды екені атап өтілді. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмысты дамыту және жүйелеу қажеттігіне тоқталды. Жиын қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласында арнайы психологтар…
-

«Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
2026 жылдың 8 сәуірінде «Рузаев орта мектебі» КММ базасында «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Оған ауданның 70 педагог-психологы мен әлеуметтік педагогы қатысты.Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі аспектілерін талқылады, оқушылардың эмоционалды әл-ауқатына әсер ететін тәуекел факторларын қарастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алудың…
