Санат: Алматы
-

Төрт жыл ішінде Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды
Бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарының нәтижелері және оларды одан әрі пайдалану мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Ержановтың айтуынша, биыл 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекетке 120,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Жоспар 151,1%-ға орындалды. Жалпы, 2022–2025 жылдары мемлекеттік меншікке 1…
-

Абай облысында спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Облыс әкімі Берік Уәли Спорт күніне орай өңірдің спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушыларды, спорт мекемелерінің жетекшілерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортты дамыту тек жоғары жетістіктерге ұмтылумен шектелмейтінін, басты мақсат – дені сау ұрпақ тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы…
-

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 20 тамыз сағат 11.00-де облыс аумағында электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналын беру, жаппай мобильдік құлақтандыру жүйесі арқылы хабарламажіберу және телерадио арналарды үзіп тарату жүргізілетіндігін хабарлайды. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз! Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1275377?lang=ru
-

Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау туралы жариялайды. Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі –…
-

Онлайн кеңес
2026 жылғы 14 тамыздағы Премьер – Министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ.Балаеваның төрағалығымен өткізілген онлайн кеңеске Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысты. Кеңесте балалардың жазғы демалысы бойынша Республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, Шығыс Қазақстан облысының аумағында жыл бойы жұмыс істейтін республикалық лагерь салу туралы және…
-

Абай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында
Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Мәсәлімова «Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау: жаңа талаптар, жауапкершілік және сапалы білім беру ортасы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, лицензиялау рәсімдеріндегі өзгерістер, білім беру сапасын қамтамасыз ету тетіктері және заңнама талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.…
-

Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық сервистерді дамыту жалғасып жатқанын хабарлайды. Осындай шешімдердің бірі – дайын құжаттарды беруге арналған постомат. Ол азаматтарға құжаттарын ХҚКО-ның жұмыс уақытына тәуелді болмай, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Абай…
-

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Жарма аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді
2026 жылғы 13–14 тамыз аралығында Жарма ауданында өткен іс-сапар аясында №2 МӘС бөлімінің мамандары Қалбатау ауылында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Жарма аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК ДКК төрағасымен және дәрігерлерімен семинар-кеңес өткізді.Жұмыс медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес штаттық режимде жүргізілді.Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:1. азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға алғаш рет жолдаудың негізгі критерийлері;2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
-

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 18 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің “Facebook.com” әлеуметтік желідегі (https://www.facebook.com/depsocsko/) ресми парақшасында сағат 10:00-да зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ляззат Айтпаевна Бубешеваның қатысуымен «Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет тақырыбында тікелей эфир өтеді. Ақпарат…
-

«Заң мен тәртіп»: Павлодар облысында бір тәулікте 826 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Өткен тәулікте Павлодар облысының полицейлері 826 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 348-і жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Оның ішінде 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.Өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жалғасуда. Патрульдік полиция ротасы мен батальонының жасақтары күн сайын кезекшілікке түсіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.– Авариялық-қауіпті учаскелерде…
-

«Алдын алу – басты міндет»: Павлодар облысында полиция күштерінің гарнизондық саптық байқауы өтті
Павлодар қаласының орталық жағалауында полиция қызметкерлерінің ауқымды гарнизондық саптық байқауы өтті. Іс-шараны Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Малик Оңғарбаев өткізді. Ол жеке құрамның саптық даярлығын, сыртқы келбетін және тәртібін тексеріп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады. Полковник ведомство жұмысының басты басымдығы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғам тарапынан сенімді нығайту екенін атап…
-

ХҚКО-лар кезексіз жұмыс істейтін AI қызмет көрсету офисіне айналдырылады
Соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған азаматтар саны 30%-ға кеміді. Себебі ЭЦҚ рәсімдеу, көлікті алғаш тіркеу, жер учаскелеріне акт беру, жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт беру сияқты қызметтер алғаш рет онлайн қолжетімді болды. Осыған байланысты орталықтардың форматы толығымен өзгеруде. Енді олар кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістікке трансформациялануда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. «Жалпы аумақтың…
-

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді
Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі бастауыш білім беруді жетілдіруге ерекше басымдық беріп отыр. Басты мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, білім мазмұнының сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету және әр баланың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін…
-

Аудан әкімінің жастармен кездесуі: спорт, пікір алмасу және ұлттық ойындар
Аудан әкімі Қ.Әзмұханов жастармен кездесу барысында садақшы, белсенді жас Қ.Қабылдың жастың ұсынысымен садақ атып, жастармен бірге еркін көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Жастардың қызығушылығына ортақтасып, олармен бір толқында болған аудан әкімі кездесудің бейресми әрі жылы атмосферасын қалыптастырды. Кездесу одан әрі гір тасын көтеру, ләңгі тебу және арқан тартыс секілді ұлттық ойындарға ұласып, жастардың белсенділігі мен жақсы…
-

Құрметті Тоқтаров ауылының тұрғындары!
“Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Тоқтаров ауылында ауыл әкімі аппаратының ғимаратында 2026 жылғы 24 тамызда сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетінін хабарлайды: 2027-2029 жылдарға арналған Тоқтаров ауылдық округі бюджетінің жобасы туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1275359?lang=ru
