Санат: Алматы
-

РБЖ 2.0: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕРЕКТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУГЕ БІР АЙ МЕРЗІМ БЕРДІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде саланы кадрлық қамтамасыз ету, медициналық мамандар даярлау және медициналық білім беруді дамыту мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бір айдың ішінде РБЖ 2.0 ақпараттық жүйесіндегі (ресурстарды басқару жүйесі) деректерді өзектендіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл медициналық кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейін объективті бағалауға және кадрлық жоспарлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ведомствоның…
-

ЖАС КЕЗІНДЕ КЕЛІП, БҮКІЛ ҒҰМЫРЫН АРНАДЫ: ПАЦИЕНТТЕРГЕ 38 ЖЫЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
Алматы онкология орталығында өмірінің басым бөлігін өз кәсібіне арнаған мамандар аз емес. Солардың бірі – 38 жылдан бері пациенттерге көмектесіп келе жатқан және өз мамандығына адал болып қалған мейіргер Алтын Ғабдуллина. Ол онкология орталығына жас қыз кезінде келіп, осы мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Еңбек жолын торакалдық хирургия бөлімшесінде бастап, кейін көптеген жылдар бойы…
-

Құрметті ауданымыздың ардақты әкелері!
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Әкелер күнімен құттықтаймын! Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі, ұрпағына бағыт-бағдар беретін өмірлік шамшырақ. Әке деген бір ғана сөздің өзінде қамқорлық, жауапкершілік, мейірім, қайрат пен даналық жатыр. Баланың бойындағы еңбекқорлық, адалдық, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуында әкенің орны ерекше. Халқымыз «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп…
-

2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5%-ға жоғары. 2026 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 202,0 млрд теңгеге жетіп, НКИ 109%-ды құрады. 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1 750,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша…
-

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы тағайындалды. Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы 1990 жылғы 19 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын…
-

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрмет пен ризашылыққа лайық. Тәулік демей, уақытпен санаспай атқаратын жауапты қызметтеріңіздің арқасында мыңдаған азаматтар дер кезінде ем алып, сауығып, өмірге деген сенімін нығайтып келеді. Бүгінде Целиноград ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл…
-

ТҮРКІСТАНДА ЕСКЕК ЕСУДЕН ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қорытынды іріктеу жарыс саналады. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худяров қатысып,…
-

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді 20 маусым күні сағат 09:00-де Түркістан қаласында өтетін жәрмеңкеге шақырамыз! Өтетін орны: Түркістан қаласы, Шауғар секторы, Б. Момышұлы атындағы №22 мектебінің автотұрағы. Жәрмеңкеде «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағы бағадан 20-30 пайыз қолжетімді арзандатылған бағада ұсынылады. Баршаңызды жәрмеңкеге келіп, сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1242792?lang=kk
-

2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2025 жылғы 11-ші қарашада 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының және конкурстық құжаттаманың талаптарына…
-

Алматының медициналық ұйымдары — еліміздегі үздіктердің қатарында
Алматыда «Мемлекеттік тіл — менің тілім» және «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық байқауларының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар бар. №9 қалалық емхана «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үздік ұйым» аталымы бойынша жүлдегер атанды, ал «Алау» оңалту орталығы «Үздік оңалту ұйымы» аталымы бойынша II орын алды.…
-

Алматыда алғаш рет емхана деңгейінде тәулік бойы жұмыс істейтін МРТ кабинеті ашылды
Алматыда заманауи медициналық диагностиканың қолжетімділігін арттыру бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. 2026 жылғы 16 маусымнан бастап №32 Қалалық емхана базасында қаладағы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинеті өз жұмысын бастады. Бұған дейін түнгі уақытта МРТ зерттеуінен өту мүмкіндігі негізінен ірі стационарларда ғана қолжетімді болса, енді мегаполис тұрғындары жоғары технологиялық диагностикалық тексеруден…
-

«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім». Балалар номофобия шырмауында
Алматының психологтары ақыл-естің дамуын тежейтін, балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін шектейтін номофобия және гаджетоманияға шалдығу жиілегеніне алаңдайды. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Александрова ата-аналарға баланың бос уақытын бақылап, телефонға тәуелділік дертінің асқынуына жол бермеуге шақырады.Цифрлық дәуірдің көзге көрінбейтін дерті номофобия сөзі ағылшын тілінен аударғанда «ұялы телефонсыз, ғаламторсыз немесе байланыссыз қалудан қорқу…
-

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ПАНКРЕАТОДУОДЕНАЛДЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығында алғаш рет ұйқыбездің қатерлі ісігі бар пациенттерге лапароскопиялық панкреатодуоденалды операция сәтті жасалды. Бұл онкохирургиядағы ең күрделі әрі жоғары технологиялық хирургиялық араласулардың бірі болып саналады. Өңірде жаңа әдісті енгізу мақсатында Шымкентке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығының тәжірибелі онкохирургтері келіп, жергілікті мамандарға арналған мастер-класс өткізді. Лапароскопиялық панкреатодуоденалды операцияның ерекшелігі – дәстүрлі…
-

2026 жылғы 16 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Туризм басқармасы 2026 жылғы 16 маусымда өңірдің туристік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында туризмді дамыту, туристік қызметтердің сапасын арттыру және өңір қонақтары үшін жаңа тартымды нысандар қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды. Мәдени туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі музейлердің, театрлардың және тарихи-мәдени нысандардың туристік әлеуетіне…
-

Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті
Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп…
