Санат: Жаңалықтар
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗСУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінде Қазақстан Республикасы су секторын реформалау бағытында стратегиялық тұрғыдан негізделген және жүйелі тәсілді ұстанып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып, еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осыған орай, Түркістан облысында аталған бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тарапынан тұрақты бақылауға алынып,…
-
Қазақстан алғаш рет Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің Көктемгі кездесулерінде жүйелі реформалар күн тәртібін ұсынып, жеке алаң ұйымдастырды
Осы күндері Вашингтонда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері өтуде – бұл жаһандық экономикалық басқарудың негізгі оқиғаларының бірі. Аталған алаңда әлемдік экономиканың жай-күйі, қаржылық тұрақтылық және даму саясаты талқылануда. Бүгінгі күннің маңызды оқиғаларының бірі – «Kazakhstan on the Wave of Reforms» атты дөңгелек үстел болды. Ол алғаш рет Қазақстан Республикасының Стратегиялық…
-
Вашингтонда АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті марапаттау рәсімі өтті
Вашингтон, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан АҚШ сенаторы Стив Дэйнс Қазақстан екі ел арасындағы достықты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Марапатты тапсыру барысында Қазақстан Президентінің АҚШ-пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі Е.Қазыхан: «Сенатор С.Дэйнстың күш-жігерінің арқасында…
-
Қазақстан америкалық бизнес және сараптамалық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайтуда
Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 14 сәуір – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының көктемгі сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация америкалық сараптамалық және іскерлік қауымдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. АҚШ-тың талдау орталықтарымен өткен талқылау барысында қазақстандық тарап елдің саяси…
-
20 жылдан кейінгі тарихи алтын: Айым Серікбаева – таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы
Қазақстандық спортшы Айым Серікбаева (-44 кг) таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл жеңіс – Қазақстан таеквондосы үшін тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы жеңіп алған еді. Осылайша,…
-
Бейжіңде Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды
2026 жылғы 15 сәуір, Бейжің – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың «China Gezhouba Group International Engineering» компаниясының Басқарма төрағасы Лю Хуайляньмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйі мен келешектерін талқылады. Қытай тарапының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қатысуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда,…
-
Қарағандылық мұғалімдерге киберқауіпсіздік негіздері үйретіледі
Қарағанды облысында мұғалімдер интернеттегі қауіпсіздік бойынша тегін курстан өтеді. Оқу «Террикон алқабы» алаңында ұйымдастырылады. «Касперский зертханасының» сарапшылары цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану және киберқылмыскерлерден қорғану жолдарын түсіндіреді. Басты мақсат — педагогтардың бұл білімді кейін оқушылар мен ата-аналарға жеткізуі. Цифрландыру басқармасының басшысы Константин Ильницкийдің айтуынша, қазірдің өзінде жүз информатика пәні мұғалімінен тұратын топ жасақталған. Ол қоғам үшін…
-
«Таза Қазақстан»: Астанада кәсіпорын қызметкерлері экологиялық акцияға атсалысты
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланың тазалығы жолында кәсіпорындар да белсенділік танытып жатыр. Солардың бірі – «СВС-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания Президент бастамасын қолдап, өз аумағында кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Орталық директоры Александр Кельвих бұл бастамаға қатысудың маңызын ерекше атап өтті. «Біздің компания «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдайды және оған белсенді қатысып…
-
Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды.…
-
Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті. Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары…
-
Қазақстанның жоғары оқу орындары «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресіне белсенді қатысты
2026 жылғы 13–14 сәуір күндері Самарқанд қаласында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресі өтті. Аталған іс-шара өңір елдері мен Еуропалық Одақ мемлекеттері арасындағы жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Конгресс жұмысына министрлер, министрлердің орынбасарлары, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері, ғылыми-академиялық қауымдастық және халықаралық ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, ЕО…
-
«Заң мен тәртіп»: спортшылармен ашық кездесу өтті
Бүгін елордадағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мотивациялық кездесу өтті. Ашық диалог форматында өткен іс-шараға 150-ден астам жас спортшы қатысты. Кездесудің құрметті қонағы — NAIZA лигасының әлем чемпионы, панкратионнан әлем чемпионы, ММА бойынша кәсіби рекорды 5–0 болатын Ильдар Құдайбергенов болды. Спортшы өз өмір жолымен…
-
Абай облысының жас сарбаздары халықаралық додада ел намысын қорғайды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы мүшелерімен кездесті. Сәуір айының 19-ы мен 25-і аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысы өтеді. «Абай қырандары» клубының мүшелері аталған сайыста Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Аймақ басшысы кездесуде жас сарбаздарға алдағы халықаралық жарыста сәттілік тіледі. «Бүгін біз өңіріміздің ғана емес, тұтас еліміздің…
-
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды. Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға…
-
Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда: полиция 90-нан астам құқықбұзушылықты анықтады
Түркістан облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Жетісай ауданы полиция бөлімі қызметкерлері арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Рейдтік жұмыстар барысында 90-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мас күйде көлік басқарудың 1 дерегі, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 жағдайы, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің…
